29 желтоқсан Оқушылардың Мектеп Парламенті «Өзін-өзі басқару» ұйымының «Өзін-өзі тану» және Бақыт фракциясының ұйымдастыруымен өткен «Жасыл шырша жанындағы оқиға» атты Жаңа жыл-2023 мерекесінің бағдарламасына сай өткен ауқымды кештің Хабарламасы.
№1 Жамбыл атындағы орта мектебінің Оқушылардың Мектеп Парламенті «Өзін-өзі басқару» ұйымы және «Жас Ұлан» ұйымдарының атсалысуымен «Өзін-өзі тану» және Бақыт фракциясының Бөлімбасы-Тұрдалы Амина Сейдалықызының ұйымдастыруымен мектебіміздің денешынықтыру залында 9,10,11-оқушыларына арналған жаңа жылдық шырша кеші өткізілді. Кешті оқушылар ұйымы талапқа сай безендіріп, оқушылар қауымдастығының ұйымшылдығын танытты.
Мерекелік шараға жоғарғы сынып жетекшілері, мектеп әкімшілігінен құралған мамандар қатысып, балалардың қуанышымен бөлісті. Кеште сөз алған мектеп педагог-ұйымдастырушысы-Закарин Нұрлан Серикбайұлы оқушыларды жаңа жыл мерекесімен құттықтап, барша арман-тілектерінің орындалуына тілектестігін білдірді.
Жаңа жыл кешінде Аяз ата мен Ақша қардан сыйлық алып,қуанышқа бөленген балалар ескі жылды шығарып салып, жаңа жылды қарсы алды. Сондай-ақ, ертегі кейіпкерлері сомдалған түрлі қойылымдарды тамашалап, бірге өз өнерлерін де ортаға салды. Ертегі желісіндегі мән мен ән, талғам мен сән де әдеттегі қойылымдардан өзгешеленген бұл думан көптің көңіліне ұмытылмастай әсер қалдырды.
Мерекелік кеш соңында аталған кейіпкерлерді фракция көшбасшысы- Тұрдалы Амина Сейдалықызы арнайы сыйлықтармен барша атсалушы оқушыларды ырза қылды.
«Өзін-өзі тану» және Бақыт фракция Бөлімбасы: Тұрдалы А.С.