«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ
2019 - 2020 оқу жылы
2019 - 2020 оқу жылындағы білім сапасы
2019 – 2020 оқу жылының басында мектепте оқушы саны 691 болған, ал, жыл соңында 698 оқушы, оның ішінде 348-і ұл, 350 қыз. Жыл бойы барлығы 19 оқушы кетіп, 26 оқушы келген. Жыл соңында:
1-4 сыныптарда - 271 оқушы,
5-9 сыныптарда – 360 оқушы,
10-11 сыныптарда – 67 оқушы оқиды.
Мектептегі жалпы білім сапасы:
Жыл соңында мектептің жалпы білім сапасы 61,4% көрсетіп отыр. Бұл көрсеткіш І тоқсандағы білім сапасы 54,4% пайыздан 7-ға өсіп тұр.
Оқу жылының қорытындысы бойынша мектептегі озат-екпінді оқушылардың көрсеткіші:
жылдық ІІІ тоқсан /2019 - 2020 ож/айырмашылық Оқушы саны 698 698 Үздіктер 173 158+131-4 105 91+145-9 61 60+110-11 6 7 -3 Екпінділер 251 259-81-4 80 81-15-9 141 148-710-11 14 30-16 Барлығы 424 417+7 Оқу жылының соңында озат-екпінді оқушылар саны 7 оқушыға өскен.
Пәндер бойынша білім сапасы:
пәндер І тоқсан жылдық айырмашылыққазақ тілі 61,2 71,5+10,3 қазақ әдебиеті 63,2 72,1+8,9 орыс тілі 63,5 69,1+5,6 орыс әдебиеті 73,3 80,6 +7,3 шет тілі 60,2 67,1 +6,9 Қазақстан тарихы 67,9 70,9 +3 дүниежүзі тарихы 66,7 66,8 +0,1 математика 57,2 65,5 +8,3 геометрия 55,7 62,3 +6, 6информатика 68,3 73,5 +5,2 физика 55,9 61,1 +5,2 биология 59,4 64,6 +5,2 география 65,2 71,8 +6,6 химия 69,1 63,1 -6
Сыныптар бойынша білім сапасы:
сынып жетекші сынып оқушы саны І тоқсан жылдық айырмашылығы Мұхатова Ж 2А 20 65,0 63,2 -1,8 Дуйсебаева Р 2Ә 20 65,0 70,0 +20 Көпбосынова Ш 2Б 22 68,2 72,7 +4,5 Орынбаева А 2В 11 70,0 70,0 73 66,7 69,0 +2,3 Досбаева К 3А 22 63,6 71,4 +7,8 Сатиева Р 3Ә 21 57,1 59,1 +2 Онербекова А 3Б 19 63,2 61,9 -1,3 Ананина Л 3В 12 75,0 64,3 -10,7 74 63,5 64,1 +0,6 Даркембаева Ж 4А 25 60,0 72,0 +12 Оматаева Ж 4Ә 29 72,4 69,0 -3,4 Козлова О 4Б 16 56,3 62,5 +6,2 70 64,3 68,6 +4,31-4 268 64,8 68,8 +4
«1-4» сыныптар арасында білім сапасы өскен ең жоғары сынып: 2 «ә» сыныбы
«1-4» сыныптар арасында білім сапасы ең төмендеген сынып: 3 «в» сыныбы
сынып жетекші сынып оқушы саны І тоқсан жылдық айырмашылығы Байшымырова Т 5А 23 47,8 60,9 +13,1 Түстікбаева Г 5Ә 22 50,0 57,1 +7,1 Смағұлова Қ 5Б 20 40,0 47,6 +7,6 Жылысбаева М 5В 12 33.4 66,7 +33,3 77 46,8 57,1 +10,3 Танкибаева Ж 6А 20 60,0 68,4 +8,4 Сайлауова А 6Ә 20 45,0 52,4 +7,4 Копеева А 6Б 23 39,1 50,0 +10,9 Топатаева О 6В 22 50,0 60,9 +10,9 85 48,2 57,6 +9,4 Мусаева А 7А 20 65,0 65,0 Момынқұлова Л 7Ә 24 41,7 54,2 +12,5 Войцеховская З 7Б 15 60,0 60,0 59 54,2 59,3 +5,1 Сауранбаева А 8А 19 47,4 57,9 +10,5 Нәдірбекова Э 8Ә 19 47,4 52,6 +5,2 Түменбаева С 8Б 18 38,9 52,6 +13,7 Топатаева Г 8В 15 42,9 46,7 +3,8 71 44,3 52,8 +8,5 Алимжанов Н 9А 25 52,0 56,0 +4 Балқыбаева В 9Ә 27 57,7 57,7 Тоқсамбаева В 9Б 13 46,2 53,8 +7,6 65 53,1 56,3 +3,25-9 357 49,0 56,6 +7,6
«5-9» сыныптар арасында білім сапасы өскен ең жоғары сынып: 5 «в» сыныбы
«5-9» сыныптар арасында білім сапасы төмендеген сынып жоқ. 7а, 7б, 9ә сыныптарының білім сапасы жыл бойына өзгеріссіз қалған.
Сынып жетекші сынып оқушы саны І тоқсан жылдық айырмашылығыНайзабекова А 10 А 12 33,3 50,0 +16,7 Мамырбаева С 10 Ә 12 50,0 50,0 Фазылова Т 10 Б 8 57,1 71,4 +14,3 32 45,2 54,8 +9,6 Аширова А 11 А 10 60,0 60,0 Балабекова М 11 Ә 14 42,9 57,1 +14,2 Найзабекова Р 11 Б 11 60,0 60,0 35 52,9 58,8 +5,910-11 67 49,2 56,9 +7,71-11 692 54,4 61,4 +7
«10-11» сыныптар арасында білім сапасы өскен ең жоғары сынып: 10 а сыныбы
«10-11» сыныптар арасында білім сапасы төмендеген сынып жоқ. 10ә, 11а, 11б сыныптарының білім сапасы жыл бойына өзгеріссіз қалған.
Жалпы сыныптар бойынша ең жоғарғы өскен білім сапасы 5 «в» сыныбында. Білім сапасы ең төмен сынып 3 «в» сыныбы.
Жалпы мектеп бойынша 5б, 8в сыныптарының білім сапалары төмен.
Ұсыныс:
1 Білім сапасы төмен сыныптардағы төмен көрсеткіш көрсеткен пән мұғалімдері 2020 - 2021 оқу жылының 1 тоқсанында қайталау жұмыстарын жасау. 2 Мектеп бойынша барлық сыныптарыдың білім сапаларын көтеру жұмыстары сынып жетекшілер мен пән мұғалімдеріне жүктеу. 3 Жалпы мектеп бойынша білім сапалары төмен 5б, 8в сыныптарын жекелеген пәндер бойынша 2020 жылдың қараша айында мектепішілік бақылауға алу. 2020 жылғы ҰБТ қорытындысы
2019 - 2020 оқу жылында мектеп бітірген түлектер саны-35. Маусым айындағы ҰБТ-ге қатысуға 25 оқушы өтініш берді. 11б сынып оқушысы Цайзер Н, 11а сынып оқушысы Байсуан А ҰБТ-леу барысында, ал, 11ә сынып оқушысы Бүркіт Әли тиым салынған затпен ұсталғандықтан, ҰБТ-леу тапсыра алмады. ҰБТ-ге мектебіміздің 22 түлегі қатысты. 11а сыныбы – 7, 11ә сыныбы – 11 оқушы , 11б сыныбы 4 оқушы. Оның ішінде, 3 оқушы / Аскергелді А, Тұрдалы М, Сарсембек А/ шығармашылық бағытта тапсырды.
Мектеп бойынша жалпы балл - 1292, орташа балл – 58,2, шығармашылықсыз жалпы балл 1204, орташа балл – 63,4. Өткен оқу жылымен салыстырғанда 20 баллға төмен.
Пәндер бойынша ҰБТ қорытындысы:
ҰБТ-дің салыстырмалы 3 жылдық қорытындысы:
Жыл аудан мектеп айырмашылығы динамика2018 94,2 80,5 -13,7 +8,72019 94,9 83,2 -11,7 +2,72020 62,1 63,2 +1,1 -20 Алдыңғы оқу жылдарымен салыстырғанда, мектебіміздің орташа баллы төмендеген, бірақ, аудандық көрсеткіштен жоғары.
ҰБТ қорытындысы бойынша - ең жоғары балл 98 /11а сын Кеңес Т/, ең төмен балл 39 /11 ә сын Сатаев С/. «1-49» балл алған оқушылар саны – 4 /Алтынбек А 47 балл, Мажит М 47 балл, Сатаев С 39 балл, Серік Д 41 балл/.
ҰБТ қорытындысы бойынша барлық пәннен «5» алған оқушы – жоқ.
ҰБТ қорытындысы бойынша «5-4» баға алған оқушы – жоқ.
«Алтын белгі» белгісі мен үздік аттестатқа үміткерлер өз білімдерін дәлелдемеді.
№ Оқушының аты-жөні оқу сау Қазақстан тарихы мат сау Тп №1 Тп №2 жалпы балл1 Кеңес Торғын 19/5 13/3 17/5 био 25/3 хим 24/3 982 Мұхтарқызы М 19/5 9/2 15/4 био 20/3 хим 19/3 823 Тұрдалы М 17/5 13/3 304 Халықберген А 18/5 13/3 15/4 био 18/3 хим 17/3 815 Мұхамеднұр С 18/5 10/3 15/4 био 26/4 хим 20/3 896 Үйсынғали А 19/5 8/2 17/5 био 20/3 хим 14/3 78ҰБТ тапсырушы түлектер қорытындысы баллдары бойынша көрсеткіші:
балл саны %0-4 6 31,61-49 4 21,150-59 5 26,460-65 2 10,666-99 8 42,1100-140 - -Оқу сауаттылығынан білім сапасы жоғары, үлгерімі 100. Математикалық сауаттылықтан 7 оқушы «2» баға алған. Ал, Қазақстан тарихынан білім сапасы 4,5; 15 оқушы «2» баға алған. Таңдау пәндері бойынша: биологиядан ғана 9,1 білім сапасы бар, қалған 6 пәннен білім сапасы 0. Жалпы мектеп бойынша білім сапасы 0, үлгерімі 16.
Ұсыныс: - сынып жетекшілер, психологтар , мектеп ұжымы ҰБТ-леу жөнінде ата-аналармен, оқушылармен түсіндірме жұмыстарын жан-жақты жүргізуі керек.
- ҰБТ-леу тапсыру барысында оқушының жауапкершілігін арттыру қажет.
Оқу-әдістемелік жұмыстарға талдау
Мектеп нормативті-ақпараттық құжаттар негізінде жұмыс істейді: ҚР «Білім туралы» заңы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты; ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты, « 2019 - 2020 оқу жылында ҚР орта білім беру ұйымдарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы » әдістемелік-нұсқау хат мектеп Жарғысы, жылдық жоспар.
2019 - 2020 оқу жылында 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10-сыныптар жаңартылған білім мазмұны бойынша, ал 11-сыныптар 2013 жылы бекітілген үлгілік оқу бағдарламаларымен білім алуда. Мектеп ұжымы екінші жыл «Жаңартылған білім беру жүйесіндегі бағалаудың жaңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану арқылы оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың білім сапасын арттыру» өзекті мәселесі бойынша жұмыс жасайды.
Кадрлық қамтылу және педагогикалық кадрлармен жұмыс жүйесі
Мектеп педагогикалық кадрлармен толық қамтамасыз етілген. Оқу жылының басындағы жалпы мұғалімдер саны- 100, 15 мұғалім бала күтіміндегі демалыста, сабақ беретін мұғалімдер саны-81. Кадр қажеттілігіне байланысты оқу жылының басынан Бірлік орта мектебінен К.Шынасилова, Қарағаш орта мектебінен А.Жылқайдарова, М.Сеңгірбаев атындағы орта мектебінен А.Серикбай, А.Нургожаева, Бақанас аграрлық-индустриалдық колледжінен А.Мейрамғали ағылшын тілі пәнінен сабақ жүргізеді. Кадрге қажеттілік бойынша ағылшын тілі және математика пәні мұғаліміне сұраныс жасалды.
Жаңа форматтағы санат бойынша:
Педагог-зерттеуші-10, педагог-сарапшы-14, педагог-модератор-9.
Жас мамандармен жұмыс
№ Аты-жөні, тегі Туған жылы күні Білімі Бітірген оқу орны бітірген жылы Мамандығы ЖББ бойынша курстан өткен орны, уақыты Ағылшын тілін меңгеру деңгейі (В1, В2, С1, С2) Жұмысқа тұрған уақыты
1 Тұрдалы Бегалы Мұхитұлы 14.05.1992 ж/ры «Алматы» Университеті Дене шынықтыру және спорт Өткен жоқ 31.012017
2 Алимжанова Ботагоз Мухамеднуровна 17.10.1984 ж/ры Абай атындағы Қазақ ұлттық пед.университеті 2007ж Тарих мұғалімі және білім беру жүйесінің менеджері 11.06-22.06.2018 01.092017
3 Адекенова Анель Болатбековна 22.11.1987 ж/ры ҚазМемҚызПед университеті 2010 жыл Физика пәнінің мұғалімі "Өрлеу" БАҰО АҚ 28.05-08.06.2018 С1 01.092017
4 Талғатова Назерке Талғатқызы 23.10.1995 а/орта Есік педагогикалық колледжі 2018ж 05.112018
5 Сержан Алтынай Сержанқызы 01.051996 ж/ры ҚазМемҚызПед университеті 2018ж Шет тілі : екі шет тілі В2 01.092019
6 Зауытбек Айдар Төлегенұлы 08.041997 ж/ры Абай атындағы Қазақ ұлттық пед.университеті, 2019ж Денешынықтыру және спорт 01.092019
«Жігер» жас мамандар мектебіндегі жас мамандар саны- 6. Биылғы оқу жылында жұмысқа қабылданған жас маман – Зауытбек Айдар, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Қыркүйек айында жас мамандарға арналған тәлімгерлер апталығы ұйымдастырылып, күнделікті сабақ жоспарын дайындау, сынып журналын толтыруға байланысты әдістемелік көмек көрсетілді. 11 қазанда Талдықорған қаласындағы №27 орта мектеп базасында өткен жас педагогтар слетіне спорттық жарыс бойынша Зауытбек Айдар қатысты. Жас мамандарға сабақта дидактикалық материалдарды қолданудың мүмкіндігін көрсету мақсатында жоспарланған «Оқу тәрбие процесінде дидактикалық материалдарды сабаққа қолдану тиімділігі»үйрену семинары, жас мамандардың ұжымға үйренуіне көмек беруге байланысты жоспарға қойылған «Мен және менің жаңа ұжымым» тренингі түрлі себептермен ұйымдастырылмады. Қаңтар айында жас мамандарға АКТ мүмкіндіктерін сабақтарда тиімді қолдану жолдарын үйрету мақсатында жоспарланған«АКТ-ны сабақтарда тиімді қолдану» тақырыбында үйрену семинары, ақпан айында сабақты зерттеу туралы түсінік беру мақсатында көшбасшы мұғалімдер тарапынан «Мектептегі сабақты зерттеудің табыс критерийлері» тақырыбында коучинг ұйымдастырылды.Наурыз айына жоспарланған сыныптан тыс жұмыстарын бақылау мақсатындағы жас мамандардың сыныптан тыс жұмыстары түрлі себептермен ұйымдастырылмады.
Педагогикалық қызметкерлерді аттестаттау туралы
«Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 сәуірдегі № 152 бұйрығына қосымшаға сәйкес мамыр айында өткен аттестаттаудың бірінші кезеңіне жіберілген 18 педагог қызметкер 1-10 қараша аралығында өтетін біліктілік тестілеуге өтініш берген болатын, нәтижесінде жоғары санатты орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Б.Қамзина, бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі Р.Сатиева, бірінші санатты математика пәні мұғалімі Д.Батыршаева, екінші санатты химия пәні мұғалімі М.Жунусова, екінші санатты орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі З.Войцеховская, екінші санатты бастауыш сынып мұғалімі М.Сатова, санаты жоқ мұғалімдер К.Ахмадиева, А.Сапаралиева, А.Өнербекова біліктілік тестілеу қорытындысында оң нәтиже көрсетіп, аттестаттаудың екінші кезеңіне жіберілді. Желтоқсан айында аталған педагогтардың аттестаттау комиссиясына жіберілген құжаттары зерделеніп, 4 мұғалімге (Б.Қамзина, Р.Сатиева, Д.Батыршаева, М.Жунусова) «педагог-зерттеуші» біліктілік санаты берілді, 2 мұғалімге (З.Войцеховская, М.Сатова) «педагог-сарапшы», 3 мұғалімге (К.Ахмадиева, А.Сапаралиева, А.Өнербекова) «педагог-модератор» біліктілік санаттары берілді.
2019 жылы 01.06-05.06 аралығында өткен біліктілік тестілеуге 21 мұғалім өтініш берді., «педагог-зерттеуші»-5, «педагог-сарапшы»- 9,«педагог-модератор»-7. Тестілеу қорытындысы бойынша «педагог-зерттеуші»-1 /Дуйсебаева Р/, «педагог-сарапшы»- 6 /Абденбаев Б,Азимбаева А, Мыркасымова А, Смагулова К, Сайлауова А, Орынбаева А/, «педагог-модератор»-6 /Алимжанова Б, Байшымырова Т, Бейсбаева Ж, Жатебаева А, Мусаева А, Тустикбаева Г/, барлығы 13 мұғалім оң нәтиже көрсетіп, аттестаттаудың екінші кезеңіне жіберілді. Аталған 13 мұғалім де өтініш берген біліктілік санаттарына лайықты деп танылды.
2019 жылы қараша айында өткен біліктілік тестілеуге 14 мұғалім өтініш берді., «педагог-зерттеуші»-4,«педагог-сарапшы»-8,«педагог-модератор»-2. Тестілеу қорытындысы бойынша «педагог-зерттеуші»-3 /Даркембаева Ж, Мамырбаева С, Нұрқат А/, «педагог-сарапшы»- 6 /Балабекова М, Жылысбаева М, Кибираева А, Көпбосынова Ш, Онербекова С, Рахимова Э/, барлығы 9 мұғалім оң нәтиже көрсетіп, аттестаттаудың екінші кезеңіне жіберілді. Аттестаттаудың екінші кезеңінің қорытындысы бойынша барлық 9 мұғалім өздері өтініш берген біліктілік санаттарына лайықты деп танылды.
Біліктілік тестілеуден өтпеген мұғалімдердің көпшілігі сабақ жүргізетін пәндері бойынша оң нәтижеге жете алмады. Сондықтан аталған пән мұғалімдеріне теориялық білімдерін жетілдіру қажеттігі ескертіледі.
Жаңа форматтағы біліктілік санатына өткен педагог-қызметкерлердің сандық мәліметі.
Барлық мұғалімдер саны Педагог зерттеуші Педагог-сарапшы Педагог-модератор Барлығы Пайыздық мөлшері99 10 14 9 33 33,3Педагогикалық қызметкерлерді курстан өткізу туралы
Мамыр -тамыз айлары аралығында ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде бастауыш сыныптар бойынша К.Дуйсенбекова, М.Сатова,А.Орынбаева,А.Қуанбекова, қазақ тілі пәні бойынша К.Смагулова, Г.Тустикбаева, орыс тілі пәнінен А.Жатебаева, ағылшын тілі пәнінен К.Курагулова, математика пәнінен Ж.Бейсбаева, көркем еңбек пәнінен Ж.Танкибаева, МАД тобынан Г.Жапарова, А.Ахметова, БЖБ,ТЖБ тапсырмаларын әзірлеу бойынша математиа пәнінің мұғалімі О.Топатаева, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалім А.Мусаева біліктілікті жетілдіру курсынан өтіп сертификатталды. Педагог-зерттеуші санатындағы бастауыш сынып мұғалімі Р.Сатиева деңгейлік бағдарламалар бойынша курстан өтті. МАД тобы тәрбиешілері А.Ахметова, Б.Аманбаева 24.02-13.03 аралығында «Өрлеу» БАҰО бастауыш сыныпта оқыту әдістемесі негізінде жаңартылған білім мазмұны бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті. Бастауыш сынып мұғалімдері Можанова Ғ.Е Б.Аманбаева 05.01-10.01 «Өрлеу» БАҰО «Инновациялық оқыту технологиялары арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту» тақырыбындағы 40 сағаттық көшпелі курсынан өтті. Педагог-зерттеуші санатындағы математика пәні мұғалімі Д.Батыршаева, биология-география пәні мұғалімі Г.Кажымуханова 24.02-26.02 аралығында «Авторлық бағдарламаларды әзірлеу және қолданысқа енгізу жолдары» тақырыбындағы көшпелі курстан өтті.
2019 - 2020 оқу жылында біліктілікті арттыру курсынан өткен мұғалімдер саны-23.
Деңгейлік курс Тәжірибедегі рефлексия Жаңартылған білім мазмұны Қысқа мерзімдікурстар Тілдік курс/Үш тілде оқыту/ Барлығы
1 16 6 23
Қазіргі уақытта мектепте 72 мұғалім жаңартылған білім мазмұны бойынша курстан өткен, 75 пайызды құрайды. Пәндер бойынша:
№ Пәндер Мұғалімдер саны Курстан өткені Өтпегені1 Қазақ тілі мен әдебиеті 10 7 32 Орыс тілі мен әдебиеті 7 6 13 Ағылшын тілі 7 2 54 Тарих, құқық 6 5 15 Өзін-өзі тану 4 4 06 Биология 5 3 27 География 2 1 18 Физика 4 3 19 Химия 3 3 010 Математика 6 4 211 Информатика 5 3 212 АӘД 1 1 013 Дене шынықтыру 9 5 414 Музыка 1 1 015 Бейнелеу өнері/көркем еңбек/ 5 5 016 Бастауыш сынып 21 17 417 МАД 3 2 1Барлығы: 96 72 27
Әдістемелік жұмыс жағдайын бақылау.
Тамыз айында мұғалімдер белсенділігі мен пән бірлестік жетекшісінің ұйымдастырушылық қабілетін анықтау мақсатында пән бірлестіктерінің жұмысының ұйымдастырылуына бақылау жасалынды. 2019 - 2020 оқу жылының пәндер бірлестігі бойынша жоспарын зерделеніп, онкүндік іс- шараның сапалы өтілуі, дарынды оқушылармен жұмысты ұйымдастыру шаралары, жас мамандарға көмек ұйымдастыру жұмыстарының қамтылуы тексеріліп, қорытындысы № 1 ӘБ отырыстарында қаралды және бекітуге ұсынылды. Әдістемелік пән бірлестіктерінде жоспар бойынша жұмыстар жүйелі атқарылмайды. Пән бірлестіктерінің тоқсандық есебін МИФ, жаратылыстану ӘБ ғана уақытында өткізді. Пән бірлестіктерінің есепті уақытында өткізе алмау себептерінің бастысы- бірлестік мүшелерінің жеке есептерін жазып өткізбеуінен. Әрбір пән мұғалімі өзінің кәсіби құзыреттілігін дамытуда өздігінен білімін жетілдіруде жауапкершілігін күшейтуі қажет. Әдістемелік бірлестік жетекшілерінен Д.Батыршаева, З.Сауранбаева, Г.Қажымуханова, А.Кибираева сараптама, талдау жұмыстары жүйелі жасалынады. Шет тілі, «Өнер», дене шынықтыру ӘБ сараптама, талдау жұмыстарында жүйелілік сақталмайды, атқарылған жұмыстарға жан-жақты сараптау жасалмайды. 10.01 күні № 3 әдістемелік кеңес отырысы өткізіліп, онда І-жартыжылдықтағы атқарылған әдістемелік жұмыстар есебі тыңдалды. ӨҒҚ жетекшісі Т.Байшымырова оқушылардың пән олимпиадасы мен ғылыми жоба жарыстарының қорытындысы туралы хабарлама жасады. Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ жетекшісі З.Сауранбаева Абайтану курсының жүргізілуіне байланысты анықтамамен таныстырды. Ұсыныстар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Мұғалімдер белсенділігі мен пән бірлестік жетекшісінің ұйымдастырушылық қабілетін анықтау мақсатында пән онкүндіктеріндегі іс- шараның сапалы өтуіне қадағалау жүргізілді.
Қазақстан халықтарының Тілдер мерекесіне арналып ««Тіл – таусылмайтын бұлағым » атты апталық өтті. Апталық барысында 5-8 сыныптар арасында «Мен елімді жырлаймын»атты мәнерлеп оқу сайысы , 9-11 сыныптар арасында «Тілді сүю – тал бесіктен» әдеби кеш , орыс сыныптары арасында «Тілі басқа – тілегі бір , жүзі басқа – жүрегі бір» сайыстар өткізілді. Апталықтың жабылу салтанаты кезінде іс-шараға қатысқан сыныптар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Қазақтың Ұлы ақыны А.Құнанбаевтың 175 жылдығына орай оқушылар мен мұғалімдер арасында челлендж ұйымдастырылды. Сонымен қатар Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу , «Абай әлеміне саяхат»(Манжигулова А.Т.) , «Жүрегімнің түбіне терең бойла »(Көсенбаева З.А.) атты әдеби кештер өткізілді.
ПӘНДІК ОНКҮНДІКТЕР КЕСТЕСІ
Мақсаты: Оқушыларды танымдық-шығармашылық ойлау әрекетін қалыптастыру жолындағы оқу-тәрбие үдерісін сапалы ұйымдастыру
№ пәндер мерзімі жауапты 1 Математика, информатика, физика қазан ӘБ жетекшісі, пән мұғалімдері 2 Орыс тілі мен әдебиеті және ағылшын тілі қараша ӘБ жетекшісі, пән мұғалімдері 3 Қоғамтану, тарих желтоқсан ӘБ жетекшісі, пән мұғалімдері4 Бастауыш сыныптар қаңтар ӘБ жетекшісі,пән мұғалімдері 5 Өзін-өзі тану пәні ақпан ӘБ жетекшісі, пән мұғалімдері6 Химия, биология және география ақпан ӘБ жетекшісі,пән мұғалімдері 7 Технология, бейнелеу өнері және музыка наурыз ӘБ жетекшісі,пән мұғалімдері 8 Қазақ тілі және әдебиеті сәуір ӘБ жетекшісі,пән мұғалімдері9 Дене шынықтыру, АӘД сәуір ӘБ жетекшісі, пән мұғалімдері
07.10 - 22.10 аралығында МИФ ӘБ онкүндігі іс-шаралары бойынша мұғалімдер ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізді. Математика, информатика, физика пән бірлестігінің онкүндікте өтетін іс – шаралар жоспары құрылды. Онкүндік «Математика – ой қызметі үшін бесаспап құрал» деген тақырыпта математика, информатика және физика пәндері бойынша өткізілді. Онкүндік өткізу жоспарындағы іс-шаралардың барлығы дерлік қамтылды және уақытымен өткізілді. Сыныптан тыс шараларда ақпараттық технологиялар кеңінен пайдаланылды. Жоспар бойынша ашық сабақтар, сонымен қатар сыныптан тыс іс – шаралар өтті. Атап айтқанда «Арифметика здоровья» 5 сыныпта Топатаева О., «Знатоки математики» 6 сыныпта Фазылова Т.М., «Ғажайып математика» 6 сыныптар арасында Ж. Бейсбаева , «Физмат әлеміне саяхат» 9-10 сыныптарда физика пәнінен. «Үздік математик» 6-7 сынып оқушылары арасында жарыс Култаева Б, «Әзіл есептер, жұмбақ есептер» 7 сыныптар арасында Батыршаева Д, қорытынды «Математикалық кеш» 9-11 сыныптар аралығында математика пәнінің мұғалімдері өткізді.
Бейсбаева Ж 6 сыныпта «Рационал сандарды сандарды салыстыру» тақырыбында, 8 «б» сыныбында физика пәнінен Топатаева Г «Булану» тақырыбында, Топатаева О 6 «в» сыныбында «Сравнение рациональных чисел» тақырыбында, Батыршаева Д 6 «а» сыныбында «Таңбалары бірдей сандарды қосу» тақырыбында, Култаева Б 9 «ә» сыныбында «Векторлар» тақырыбына, Фазылова Т 11 «б» сыныбында «Пирамида» тақырыбында ашық сабақтар өткізді. Физика пәнінің мұғалімі Омарбекова Г, информатика пәнінің мұғалімдері ашық сабақ, сыныптан тыс іс шара өткізбеді.
11-22 қараша аралығын қамтыған «Шет тілдер» бірлестігінің онкүндігі болып өтті. Онкүндіктің ашылу рәсімі ұстаздар мен оқушыларды қатыстыра іс-шаралармен таныстыру салтанатты түрде ашылды. Екінші күні орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері З.А.Войцеховская мен В.К.Токсамбаева ұйымдастыруымен өткізілген 6 б сыныбында «Знатоки русского языка » КВН сайысына жалғасты.
15.11 күні ағылшын пән мұғалімдері: Мыркасымова А.Е., Курагулова К.Ү., Сержанқызы А., Жылқайдарова А.А. ұйымдастыруымен өткізілген 5-6 сыныптар арасында «Thanksgiving day» тақырыбында сайыс өтті. Бұл сайыста оқушылар өздерін жан-жақты көрсете білді. Іс-шара жоғары деңгейде өтті.
Ашық сабақтар легін орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Войцеховская З.А. 6в сыныбында Н.В. Гоголь «Ночь перед Рождеством» сабағын бастады. Қазіргі заман талабының талаптарын түгел қамтыған СТО, «Жигсо» әдісі, топтық жұмыстар, АКТ-ны қолдану, саралау, бағалау т.б қолданылған бұл ашық сабақ өзінің жоғары бағасын алды.
Сонымен қатар6d сыныбына «Мир созданный трудом»тақырыбында орыс тілі мен әдебиет пән мұғалімі Токсамбаева В.К.-да өз сабағын көрсете білді. Орыс тілі мен әдебиет пән мұғалімі Курагулова А.К . 7а сыныбында «Что такое ЗОЖ ?» тақырыбында сабақ өткізді. Осыдан кейін шеберліктері мен әдістері бірінен-бірі асқан ашық сабақтар өтіп жатты. Атап айтқанда, ағылшын пәні мұғалімі Мыркасымова А.Т.жүргізген 6 Ә сыныбындағы «Рresent Continuous настоящее время» тақырыбындағы сабақтан оқушылардың бұл тілге деген қызығушылықтарын, интербелсенді әрекеттерін байқасақ , орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Жатебаева А.Е 9ә сыныбында өткізген А.Байтурсынов «Великий сын казахского народа » сабағында әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданып өз шеберлігін көрсете білді
Пән мұғалімі Момынкулова Л.Б 7 ә сыныбында «Кавказский пленник» тақырыбында ашық сабақ арқылы оқушылар бойындағы елжандылық, адамгершілік қасиеттерді оятты. Кешегі бастауыштан келген 5а сыныбы орта буынға қалыптасу бейімін пән мұғалімі Т.Б. Байшымырова өткізген «Много у меня друзей» сабағында көрсете алды. Олардың сабақ барысында өздерін ұстауы, сабаққа жауап беру тәртібі бәрі өз орнымен жүріп жатты. Сабақ жоспарындағы сұрақтар бойынша, өзіндік жұмыстар т.б бір- бірімен байланысты кезеңдер оқушыны жалықтырмайды,қайта тіл білімінің қызықты құпиясына жетелейді.
Сержанқызы А - біздің қатарымызға биыл қосылған жас маман. «Жас келсе іске» демекші, жаңалыққа жаны құмар жас маман онкүндік барысында өткізген сабағында оқытудың заманауи белсенді әдістерін өте тиімді қолданды.
03-13 желтоқсан аралығында қоғамтану пән бірлестігінде «Тарих өткенге-сабақ, келешекке - өнеге» тақырыбында онкүндік өтті. 03-13.12.19 аралығында « Қазақстан –менің отаным» тақырыбында қабырға газеттерінің байқауы ұйымдастырылды. «Ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында 7-8 сыныптары арасында сайыс сабақ өтіліп, оқушылар ұлы даланың жеті қыры туралы мағлұматтарын, білімдерін шыңдады. «Байтақ –жер, баянды орда, баянды ел», Елорда – Астана қаласы тақырыптарында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Октябров Ө. «IХ-ХІІІ ғасыр басындағы ғылым мен әдебиет» тақырыбында 6 «А» сыныбында ашық сабақ өтілді, сабақта АКТ-ны , жаңа әдіс -тәсілдер қолданып сабақта оқушылардың қызығушылықтары артты. «1836 - 1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы қазақтардың көтерілісі» тақырыбында 8 «Б» ашық сабақ өтілді, сабақта түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды , оқушылар рөлдік ойындар ойнау арқылы сабақтың мақсатына қол жеткізді. Пән мұғалімі: Б.Абденбаев. «Алаш партиясының құрылуы» тақырыбында 11 «Ә» ашық сабақ өтілді. Сабақта оқушылар өте белсенді қатысып, интернет желісін пайдалану арқылы «Kаhot» әдіс –тәсілі 11 сыныптар үшін тақырыпты қайталауға өте тиімді болды. Пән мұғалімі:А.Алин. «К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс» тақырыбында 7 «А» сыныбында ашық сабақ өтті, сабақта АКТ, жаңа әдіс тәсілдер қолданылды, оқушылар К.Қасымұлын ұлы тұлға ретінде өздері құрған сценарий бойынша, қойылымдарын көрсетті, еліміздің тәуелсіздігімен байланыстырып, айқын көрсетті. Пән мұғалімі:А.Кибираева. «Қазақстанның бүгіні мен ертеңі» тақырыбында 11 –сыныптар арасында дебат сайыс-сабақ, 10-сыныптар «Қазына аралы» тарихи – танымдық ойыны өтті. «Тәуелсіз Қазақстан- дара жолдары» 5-6 сыныптар арасында тарихи кеш өткізілді. 13 –желтоқсан күні жабылу салтанаты өтіп, оқушылар марапатталды.
15.01-25.01 аралығында бастауыш сынып ӘБ, 06.02-19.02 аралығында өзін-өзі тану пәнінің, 11.02-22.02 аралығында жаратылыстану ӘБ пән онкүндіктері өтті. Онкүндіктер барысында жоспарға сәйкес ашық сабақтар және іс-шаралар өз деңгейінде жүргізілді. Сабақтар мен сыныптан тыс шараларда ақпараттық технологиялар кеңінен пайдаланылды.Оқушылар іс-шараларда белсенділік танытты.
Қашықтықтан оқытуға көшуге байланысты сәуір айына жоспарланған денешынықтыру ӘБ мен қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ онкүндіктері өткізілмеді.
Қорытынды:
1.Онкүндікте жоспарланған іс-шаралар жақсы деңгейде өтті.
2.Мұғалімдер ашық сабақтарда оқытудың белсенді әдістерін тиімді қолданды.
3. Мұғалімдердің көбісі өз жұмыстарында заманауи техникалық құралдарды пайдаланды.
4.Оқушылар іс-шараларда өзін-өзі ұйымдастыруда және оқытудың жан-жақты іс-әрекеттерін жеткілікті мөлшерде меңгеру деңгейін көрсетті.
Өкініштісі, онкүндік кезінде өтілген іс-шараларға , ашық сабақтарға мұғалімдер, жас мамандар тарапынан қатысу, іс-тәжірибе алмасу болмады.
Семинарларға қатысқан мұғалімдер саны
Республикалық облыстық аудандық мектепішілік1 8 /тәжірибе алмасу/25/ақылы оқыту семинары/ 25 35
Конференцияларға қатысу
Республикалық облыстық аудандық мектепішілік1 24Республикалық семинарлар
Мектеп директоры Б.Қамзина қазан айында Ақтөбе қаласында өткен «Мектеп менеджменті: тиімді басқару және сапалы білім беру» тақырыбындағы орта білім беру саласындағы республикалық оқу-әдістемелік орталығының кеңейтілген отырысына қатысып, іс-тәжірибе алмасты.
Облыстық семинарлар
" Жаңартылған білім беру мазмұны аясында оқыту сапасын көтерудегі заманауи педагогикалық әдістер" тақырыбында М.Сеңгірбаев атындағы орта мектебі базасында 24 қыркүйекте өткен ақылы семинар -тренингке қатысқан мұғалімдер:
1 Толықбаев Данияр екінші тәрбие ісі ж орынб.2 Чокенова Салтанат бірінші психолог3 Жанболатова Римма бірінші ағылшын тілі п м4 Мамышова Айжамал екінші логопед5 Омарбекова Гулдария бірінші физика пәні м6 Байшымырова Толғанай пед-модератор орыс т мен әдеб.м7 Надирбекова Эльмира жоғары география пәні м8 Топатаева Гулим санаты жоқ физика пәні м9 Кибираева Айгуль бірінші тарих пәні м10 Сержан Алтынай санаты жоқ ағылшын тілі п м11 Мурзаева Мира жоғары денеш пәні м12 Сатова Маржан пед-сарапшы бастауыш с м13 Аманбаева Бекзат санаты жоқ МАД тәрбиешісі
НЗМ ДББҰ ПШО филиалы ұйымдастырған «Білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалау моделі» тақырыбындағы ақылы оқыту семинарына қатысқан мұғалімдер:
№ Аты-жөні санаты жүргізетін пәні1 Қамзина Б.М педагог-зерттеуші орыс т мен әдебиеті2 Сейдахметова А.Т бірінші информатика3 Надирбекова Э жоғары география4 Сауранбаева З.А жоғары қазақ тілі мен әдебиеті5 Онербекова С.Б бірінші бастауыш сынып6 Копеева А.К санаты жоқ биология7 Ботбаев А.А санаты жоқ денешынықтыру8 Сапаргазинов Ш.Н санаты жоқ денешынықтыру9 Онербекова А.Б санаты жоқ денешынықтыру Желтоқсан айында Қарасай ауданында «Сабақты зерттеу» тақырыбында өткен облыстық семинарға мектеп директоры Б.Қамзина қатысты.
Облыстық семинарлар
«Білім беру сапасын арттыру және тиімді жұмыс істеудің режимі бағдарламасы аясында ауыл мектептерін қала мектептеріне жақындастыруға бағытталған жұмысты жүзеге асыру. Педагогтарға білім беру сапасын арттыруға бағытталған жұмыстарды ұсыну,өзара тәжірибе алмасу,әдістемелік көмек көрсету» мақсатында Алматы облыстық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастыруымен Жамбыл ауданы Қарғалы №2 ДБАГ өткен «Білім сапасын арттыруда әдістемелікбірлестіктің ролі» облыстық педагогикалық консилиумға оқу ісі жөніндегі орынбасары А.Бөртебаева, МИФ ӘБ жетекшісі Д.Батыршаева, шетел тілдері ӘБ жетекшісі В.Токсамбаева, физика пәні мұғалімі Т.Рахимбай қатысты.
Қаңтар айының 20-28 аралығында Талдықорған қаласында қорытынды аттестаттау материалдарын әзірлеуге байланысты ұйымдастырылған семинарларға жоғары санатты информатика пәні мұғалімі Ш.Бейсенбина, физика пәні мұғалімі Т.Рахимбай, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі В.Токсамбаева қатысты.
Аудандық семинарлар
Қазан айында Береке орта мектебінде Талдықорған қаласындағы ПШО филиалының тренері Гаухар Ясынқызының қатысуымен өткен семинарға тарих пәнінің мұғалімі Б.Абденбаев қатысты. Осы семинарда Гаухар Ясынқызы Б.Абденбаевты серіктес мектеп жетекшісі міндетіне тағайындауды ұсынды.
4-ші желтоқсанда жаңартылған білім беру шеңберінде информатика пәнін оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында «Жаңартылған білім беру шеңберінде информатика пәнін оқыту әдістемесі» тақырыбында аудандық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығымен бірлесе ұйымдастырылған семинар өтті. Семинарға аудан мектептерінен 14 мұғалім қатысты.Семинарда жоғары санатты информатика пәні мұғалімі Ш.Бейсенбина «Оқушыларға кері байланыс ұсынуда «Plickers» бағдарламасын пайдалану тақырыбында шебер сынып, бірінші санатты информатика пәні мұғалімі А.Мамышова «Lazarus» бағдарламасындағы практикалық жұмыс бойынша ықшам сабақ, екінші санатты информатика пәні мұғалімі Э.Рахимова «Scratch» программалау тақырыбында имитациялық сабақ, информатика пәні мұғалімі А.Мурзабаев «Робототехника; бағдарламалау,3d модельдеу» тақырыбында шебер сынып көрсетті, «Дарынды балалармен жұмыс: Робосумо» жарысы тақырыбында таныстырылым жасады.
23.01 Ақкөл орта мектебінде көркем еңбек пәні мұғалімдері арасында ұйымдастырылған семинарда жоғары санатты көркем еңбек пәні мұғалімі А.Қасабеков « Көркем еңбек сабақтарында оқушыларға зергерлік бұйымдарды жасау тәсілдерін үйрету »тақырыбында шебер сынып өткізді.
Шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерді анықтау, қолдау, мадақтау және тәжірибелерін тарату мақсатында 2020 жылдың 28 қаңтарында аудандық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығы белгілеген жоспар кестеге сәйкес ұйымдастырған«Мектепте іс-әрекеттегі зерттеу мен сабақты зерттеуді жоспарлауда әдістемелік сүйемелдеу», «Сабаққа қатысу , бақылау және талдау бойынша әдістемелік сүйемелдеу» тақырыптарында шебер-класс алаңы өтті. Шебер класс алаңына ережеге сәйкес 3 адамнан құралған 2 топ қатысып,30 минут көлемінде берілген тақырыптарды қорғады. Шебер класс алаңының жұмысын аудандық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдіскерлері бағалады.
Мектепішілік семинарлар
29 қарашада «Оқытудың белсенді әдістерін тиімді қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру» тақырыбындағы мектепішілік семинар өтті.
Семинар бағдарламасы:
1.Таныстырылым. Оқытудың белсенді әдістері және олардың түрлері З.Сауранбаева
1.Коучинг «Оқытудың белсенді әдістерін тиімді қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру» - Кажымуханова Г, Фазылова Т.М
2.Шебер-сынып « Оқушылардың білім сапасын арттырудағы оқытудағы белсенді әдістердің ролі»- А.Мыркасымова,А.Сержан
3.Ықшам сабақтар:
Ананина Л.А- бастауыш сынып мұғалімі
Кибираева А.А- тарих пәнінің мұғалімі
30.01 «Жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалау» тақырыбында №2 мектепішілік семинар ұйымдастырылып өткізілді. Семинарға барлығы 34 мұғалім қатысты. Семинар барысында 1-ші деңей бойынша сертификатталған жоғары санатты қазақ тілімен әдебиеті пәнінің Г.Көсенбаева «Оқытудың белсенді әдістерінің түрлері және оның критериалды бағалаудағы ролі» тақырыбында таныстырылым жасады. 3-ші деңгей бойынша сертификатталған бірінші санатты тарих пәнінің мұғалімі Ө.Октябров «Жаңартылған білім беру мазмұны шеңберінде оқушылардың оқу жетістігін критериалды бағалауға белсенді оқу әдістерінің әсері» тақырыбында шебер-сынып өткізді.Педагог-сарапшы санатындағы тарих пәнінің мұғалімі А.Кибираева «Қазақстан тарихы сабақтарында белсенді оқу әдістерін қолдану арқылы оқушылар білімін бағалау»,бастауыш сынып мұғалімі Ш.Көпбосынова «Бастауыш сынып сабақтарында белсенді оқу әдістерін қолдану арқылы оқушылар білімін бағалау» тақырыбында ықшам сабақ жүргізді. Семинар соңында рефлексия, кері байланыс жүргізілді. . Семинар жұмысына «жақсы» деген баға берілді.
Наурыз айының 18 не жоспарланған №3 «Сабақты зерттеу – бірлескен оқу тәсілі» тақырыбындағы мектепішілік семинар мектептің қашықтықтан оқыту жүйесіне көшуіне байланысты өткізілмеді.
Конференциялар
4-6 желтоқсан аралығында «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында өткен «Инклюзивті білім берудің өзекті аспектілері» атты республикалық конференцияға мектеп психологы В.Балқыбаева қатысып, іс-тәжірибе алмасты.
Байқауларға қатысу
Бірінші санатты бастауыш сынып мұғалімі Ш.Копбосынова «Педагогикалық идеялар фестивалі» байқауының аудандық кезеңіне қатысты.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сержан Алтынай жас мамандардың «Педагогикалық дебют» байқауының аудандық кезеңіне қатысып, 3-орын иегері атанды. Ақпан айында өткен аудандық «Ең үздік әдістемелік бірлестік-2020» байқауына бастауыш сынып ӘБ қатысып, 2-ші орынды иеленді.
«Үздік авторлық бағдарлама» аудандық сырттай байқауға қатысқан мұғалімдердің ешқайсысы жұмыстарының талапқа сай болмауына байланысты жүлделі орындарға ие бола алмады.
Аудандық «Жылдың үздік мұғалімі -2020» байқауына қатысқан педагог-сарапшы санатындағы тарих пәнінің мұғалімі Б.Абденбаев 2- орын иегері дипломымен марапатталды.
«Аудандық «Жылдың үздік сынып жетекшісі -2020» байқауына қатысқан педагог-сарапшы санатындағы биология пәнінің мұғалімі А.Сайлауова «Креативті жетекші» номинация иегері атанды.
Дене шынықтыру мұғалімдерінің шығармашылық бастамаларын қолдау, кәсіптік өсуіне ықпал ету, осы мамандық мұғалім еңбегінің мәртебесін көтеру мақсатында өткізілген « Үздік дене шынықтыру мұғалімі - 2020» аудандық байқауында дене шынықтыру пәні мұғалімі А.Ботбаев екінші орынға ие болды.
Қашықтықтан өтетін байқауларға қатысу
Педстарт пән олимпиадасына қатысу көрсеткіші:
№
п/п Пәні І дәрежелі диплом ІІ дәрежелі диплом ІІІ дәрежелі диплом1 Орыс тілі 4 2 2 Бастауыш сынып 1 13 Қазақ тілі 14 Тарих 2
№
п/п Аты - жөні Пәні Нәтижесі, орны1 Байшымырова Т.Б Орыс тілі І дәрежелі диплом2 Войцеховская З.А Орыс тілі І дәрежелі диплом3 Жатебаева А.Е Орыс тілі ІІ дәрежелі диплом4 Курагулова А. К Орыс тілі І дәрежелі диплом5 Момынкулова Л.Б Орыс тілі І дәрежелі диплом6 Токсамбаева В.К Орыс тілі ІІ дәрежелі диплом7 Даркембаева Ж. Бастауыш сынып ІІ дәрежелі диплом8 Көпбосынова Ш Бастауыш сынып ІІІ дәрежелі диплом9 Косенбаева Г Қазақ тілі ІІІ дәрежелі диплом10 Нұрқат А Қазақстан тарихы ІІ дәрежелі диплом11 Кибираева А Қазақстан тарихы ІІ дәрежелі диплом
Қашықтықтан оқыту кезінде өткен білім додаларының қорытындысы (мұғалімдер)
Олимпиада атауы Орны БағытыХалықаралық «Мың бала» ИБС 1 Орыс тілі және әдебиетіХалықаралық «Ust.kz» 3 ГеографияХалықаралық «Білім үздігі-2020» 2 Көркем еңбекХалықаралық «Зияткерлік олимпиада -2020» 2 Көркем еңбекРесейлік сайт «Әдістемелік даму» 2 Әдістемелік дамуХалықаралық «Ust.kz» 1 ИнформатикаХалықаралық «Ust.kz» 1 ТарихРеспубликалық «Кемеңгер ұстаз» 16 ПедагогикаРеспубликалық «Ұстаз тілегі» Блиц-турнир 5 математикаРеспубликалық «Ұстаз тілегі» Блиц-турнир 3 Қазақ тіліРеспубликалық «Ұстаз тілегі» Блиц-турнир 1 Қазақ әдебиетіРеспубликалық «Ұстаз тілегі» Блиц-турнир 4 Көркем еңбекРеспубликалық «Ұстаз тілегі» Блиц-турнир 1 МатематикаРеспубликалық «Ust.kz» 7 математикаРеспубликалық «Ust.kz» 5 Қазақ тіліРеспубликалық «Ust.kz» 1 әдебиетРеспубликалық «Ust.kz» 1 ИнформатикаРеспубликалық «Ust.kz» 2 ГеографияРеспубликалық «Ust.kz»блиц турнир 3 Орыс тіліРеспубликалық «Ust.kz»блиц турнир 1 ИнформатикаII Республикалық «Дара бала» 5 әдебиетII Республикалық «Дара бала» 4 Көркем еңбекII Республикалық «Дара бала» 1 Орыс тіліРеспубликалық «Дарынды жас» 2 Көркем еңбекРеспубликалық «Дарынды жас» 1 әдебиетРесейлік сайт «Әдістемелік даму» 1 Әдістемелік дамуРеспубликалық «Мұрагер» мәнерлеп оқу 1 Мәнерлеп оқуwww.orleu.kz порталы 13 КИО мұғалімдер арасында 1 ИнформатикаКИО мұғалімдер арасында 3 Орыс әдебиетіКИО мұғалімдер арасында 2 Орыс тіліПедстарт 6 Орыс тіліПедстарт 2 ТарихРеспубликалық «Көкжиек»байқауы 3 Республикалық физика пәнінің ұстаздар арасында олимпиада 1 физика«Үздік сынып жетекші»олимпиада 1 ТәрбиеVІ Халықаралық ғылыми –тәжірибелік конференция жинағы 1 МақалаСборник уроков по математике для дистанционного обучения «Өрлеу» 1 Мақала
Іс-тәжірибелердің таратылуы
Республикалық «Ұстаз – мектеп тірегі»ғылыми-әдістемелік.журналына А. Манжигулованың мақаласы, республикалық «Болашағың –ана тіл» ғылыми-әдістемелік журналына / №1/ А.Мусаеваның «Денсаулыққа зиян тағамдар» қысқа мерзімді сабақ жоспары жарияланды.
Республикалық ғылыми-әдістемелік педагогикалық «Білім әлемі» басылымының «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналына Г. Тустикбаеваның «Әке көрген оқ жонар...» , «Математика және физика» журналына Ж.Бейсбаеваның «Жиындар арасындағы қатынастар. Ішкі жиын» тақырыптарындағы қысқа мерзімді сабақ жоспарлары , «Орыстілі мен әдебиеті» журналына А.Жатебаеваның « Сложносочиненное предложение» тақырыбындағы сабағы жарияланып, аталған мұғалімдер редакцияның Алғыс хаты, Құрмет грамотасы және дипломымен марапатталды. А. Сайлауованың « Салауатты өмір негізі», «Адалдық адамдықтың белгісі», «Жүрек және қан тамырлар жұмысының ретелуі », « Өсімдік және жануар жасушасы» тақырыбындағы сабақтары және авторлық бағдарламалары Ziatker.kz-Қазақстан Республикасының Білім және ғылым порталында жарияланды. 13 мұғалім Республикалық «Білім әлемі» редакциясының түрлі басылымдарына материалдарын жариялап, іс-тәжірибелерін таратты. «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы , АОПҚБАИ «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының отырысында қаралып, мектептің іс-тәжірибесін баспадан шығару жайлы аудандық білімді дамыту оқу-әдістемелік орталығының №2 әдістемелік кеңесінің шешімінің мақұлдауымен «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында сабақта интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану жолдары» атты жинақта 85 мұғалімнің еңбегі жарияланды. Алматы облысының білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының әдістемелік кеңес шешімімен басылымға ұсынылған «Жаңартылған бағдарлама: Ізденіс және тәжірибе»аудандық жинағында 9 мұғалімнің еңбегі жарияланды.
«Наука и образование в современном мире: Вызовы ХХІ века» атты VІ Халықаралық ғылыми –тәжірибелік конференция жинағына мектеп директоры, педагог-зерттеуші санатындағы орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Б.М.Қамзинаның «Развитие функциональной грамотности учащихся через технологии критического мышления на уроках русского языка» тақырыбындағы еңбегі жарияланды.
Педагог-сарапшы санатындағы орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі З.А.Войцеховскаяның «Технология активных методов обучения на уроках русского языка и литературы» атты жеке авторлық оқу-әдістемелік нұсқаулығы басылып шықты.
Сабақты зерттеу LS жұмыстарының жүзеге асырылуы
«Оқушыларды жуан және жіңішке сұрақтарды құрастыруға қалай дағдыландырамыз?» тақырыбында Lesson study жмыстарын жүзеге асыру жоспары құрылды. Отырыстар өткізіліп, талдау,талқылау жұмыстары жүргізілді. Мектеп бойынша 3 сыныпта жұмыс жасайтын 9 мұғалім аталған тақырып аясында тізбектелген сабақтар топтамасын 2 кезең бойынша өткізді. 6б сыныбында жаратылыстану пәні мұғалімі Г.Қажымуханова, математика пәні мұғалімі А.Алимбаева, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Л.Момынкулова, 5в сыныбында математика пәні мұғалімі Т.Фазылова, жаратылыстану пәні мұғалімі М.Жылысбаева, тарих пәні мұғалімі А.Кибираева, 2ә сыныбында бастауыш сынып мұғалімдері Р.Дуйсебаева, Р.Сатиева,Ш.Көпбосынова өткізген сабақтарына рефлексиялық есеп жасады. Қашықтықтан оқытуға көшуге байланысты Lesson study жұмысының 3-ші кезеңі жүргізілмеді.
Дарынды оқушылармен жұмыс
"Өркениет" оқушылар ғылыми қоғамының 2019 - 2020 оқу жылына жылдық жоспары жасалынды. "Өркениет" оқушылар ғылыми қоғамының жаңа құрылымы құрылып, жетекшілігіне орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Байшымырова Толғанай сайланды. Қоғам мүшелеріне "Өркениет" ғылыми қоғамы жұмысының мақсаты мен міндеттері таныстырылды.
«Зерде» ғылыми жобалар сайысының аудандық кезеңіне барлығы 8 оқушы қатысты:
№ аты- жөні с тақырыбы нәтижесі пән мұғалімі1 Жанат Айдана 3 "Тауық жұмыртқасының тылсым құпиялары" 2 Ахмадиева К2 Сағын Ақерке 4 "Су - тіршілік көзі" 1 Онербекова С3 Ермуханбетова А 3 "Влияние комнатных растений на здоровье школьников нашей школы" - Ананина Л4 Бериков Даниель 3 "Кока-кола" польза и вред" 2 Ананина Л5 Асқарқызы Акбота 4 "Тұз біздің жауымыз ба?" 1 Кажымуханова Г6 Корчагина Света Гацак Кристина 7 "Правильно ли мы склоняем фамилии учеников в нашей школе?" - Войцеховская З7 Бақыт Іңкәр 7 "Ғажайып симметрия" 1 Топатаева О8 Сардирдинов Ильяс 7 "Влияет ли режим питания на прибавку в весе домашнего скота? /математический расчет/." 1 Фазылова Т9 Земляченко Алина 7 "Математический расчет в профессии моего папы-"Сварщик". - Фазылова Т10 Ерлан Сымбат 6 "Есептеудің қызықты жеңіл тәсілдері" - Батыршаева Д11 Әлімбек Аяжан 6 "Логикалық есептерді шығару және қолдану жолдары" - Батыршаева Д12 Бағнурұлы Диас 6 "История происхождения рыбы змейголова" - Жылысбаева М13 Бақытжанқызы Н 5 "Айран-қасиеті бар тазартқыш" - Аширова А14 Қайратбекқызы М 6 "Жолжелкен өсімдігінің емдік қасиеті" 2 Өнербекова А15 Аңсат Абылайхан 7 "Қытырлақ картоптың адам денсаулығына зиянды әсері" 1 Бөртебаева А16 Есенғали Амина 7 "Қамыстың құпиясы" 1 Қамзина Б17 Лим Юлия 8 "Жизнь предков - пример для подражания" 2 Токсамбаева ВОблыстық кезеңге Аңсат А, Бақыт І, Асқарқызы А жолдама алып, бірақ, тек Бақытқызы І ғана жүлделі ІІ орынға ие болды.
«Кіші Ғылым академиясы» ғылыми жобалар сайысының аудандық кезеңіне 11 оқушы қатысып, қорытындысы бойынша 10 оқушы облыстық кезеңге жолдама алды. Бірақ, еліміздегі төтенше жағдайға байланысты облыстық кезең өткізілмеді.
№ оқушы тақырыбы орны с жетекшісі1 Мұхтарқызы Мадина "Картоп аурулары және болдырмау жолдары" І 11 Бөртебаева А2 Син Инесса "Особенности воспитания детей в семьях Казахстана и Японии" І 10 Войцеховская З3 Бірліктұзды Ермек "Бақбақ өсімдігінің ерекшелігі мен емдік қасиеті" 3 8 Кажымуканова Г4 Ерболған Махаббат «Қазақтың жүннен жасалған бұйымдарын даярлау технологиясы» І 6 Камзина Б.5 Халыкберген Аружан "Универсальность теоремы Шалтая Смагулова в современной жизни" І 11 Фазылова Т6 Амангелді Айгул "Орыс тіліндегі түркі тілінен енген адам есімдері" ІІ 9 Байшымырова Т7 Тұрдалы Әмина "Ағылшын тіліндегі түркизмдер" І 8 Азимбаева А8 Серікбол Ақжан "Өмірін өнерімен өрнектеген Әли Ысқабай хақында" І 8 Нұрқат А9 Болатұлы Темірлан "Соғыс тарихы - отбасымның өмірінде" ІІ 8 Найзабекова Р10 Үйсынғали Ариадна «Жасыл энергия - адамзат ертеңі» ІІ 11 Тажинова Г
"Дарын" ғылыми жобалар сайысының аудандық кезеңіне барлығы 4 оқушы қатысты:
№ аты- жөні с тақырыбы нәтижесі пән мұғалімі1 Ким Наталья 11 "Универсальность теоремы Шалтая Смагулова в современной жизни" І Фазылова Т2 Багнур Диана 11 «Влияния змееголовых рыб на ихтиофауну Балхаш-Илийского водоема» І Жылысбаева М3 Халықберген Аружан 11 Плеоназмы в современном общении І Войцеховская З4 Серікбай Назгүл 9 Ағылшын тіліндегі анималистік идиомалардың лингвистикалық сипаты ІІІ Азимбаева
Қорытындысы бойынша облыстық кезеңге 3 оқушы қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.
Қазан-қараша айларында пән олимпиадаларында дайындық жұмыстары жүргізіліп, қараша айының 28-29 күндері мектепішілік пән олимпиадасы өткізілді. 12-13 желтоқсанда өткен аудандық олимпиадаға 12 пән бойынша барлығы 22 оқушы қатысты. Келесі оқушылар жүлделі орындарға ие болды:
№ Оқушының аты-жөні Пәні Сыныбы Пән мұғалімі орны1 Син Инесса биология 10 Жылысбаева М 32 Кеңес Торғын биология 11 Чокенова С 33 Ернарқызы Г география 11 Кажымуханова Г 34 Божымбай Балнұр қазақ тілі 10 Көсенбаева Г 35 Сарсембек Айнұр қазақ тілі 11 Сауранбаева З 36 Мұхтарқызы М Қазақстан тарихы 11 Кибираева А 17 Ғабитқызы А қазақ сыныптарындағы орыс тілі 10 Жатебаева А 38 Баясыл Ақерке ағылшын тілі 11 Азимбаева А 39 Тұрсынғали Роза химия 10 Тажинова Г 310 Үйсынғали А химия 11 Бөртебаева А 211 Уласюк Галина орыс сыныптарындағы қазақ тілі 10 Манжигулова А 2
Аудандық пән олимпиадасының қорытындысы бойынша: І – 1 оқушы, ІІ – 2 оқушы, ІІІ – 8 оқушы марапатталды. Облыстық пән олимпиадасына 1 оқушы қатысып, Алғыс хатпен марапатталды.
Оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін шыңдау мақсатында халықаралық байқауларға: «Русский медвеженок» 7 оқушы, «Ақбота» 43 оқушы, «ЧИП» 57 оқушы, «Бритиш Бульдог» 26 оқушы қатысты. Республикалық «Айқанат» пән олимпиадасына 9-сыныптың 24 оқушысы қатысып, 6 оқушымыз ІІ кезеңге өтті: Амангелді А, Серікбай Н, Мырзағали А, Ем В, Ким М.А., Ким А.В. Халықаралық «Білген» олимпиадасына 10 оқушымыз қатысып, 2 турға өтті.
Аудандық «Ділмар» шешендік өнер байқауына 9 сынып оқушысы Серікбай Назгүлді қатысып, бас жүлде иеленді.
Қазан айында өткен аудандық «Алтын адам – Тәуелсіз Қазақстанның символы» эссе байқауына 8 сынып оқушысы Өмірзақ Ә қатысып, ІІ орын иеленді.
Әдістемелік бірлестіктер бойынша дарынды оқушылармен жұмыс нәтижелері:
Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ
Желтоқсан айында «Жарқын болашақ» республикалық ғылыми-әдістемелік журналының ұйымдастыруымен «Ұлы даланың - Ұлы Абайы » атты балалар өнер байқауының «Көркем сөз « жанры бойынша 6 сынып оқушысы Ерлан Сымбат қатысып, І орынды иеленді. Пән мұғалімі З.Сауранбаева «Жарқын болашақ» республикалық ғылыми-әдістемелік журналының ұйымдастыруымен «Ұлы даланың - Ұлы Абайы » атты балалар өнер байқауына шәкірт дайындап , оның шығармашылық даму жолында өз үлесін қосқаны үшін» Дипломымен марапатталды.
Республикалық «Жарқын болашақ» журналының ұйымдастыруымен «Ұлы даланың - Ұлы Абайы » атты өнер байқауына 9 сынып оқушысы Нұрлыбекұлы Елунур «Бейнелеу өнері» жанры бойынша қатысып, бас жүлде иеленді. «Көркем сөз» жанры бойынша 9-сынып оқушысы Амангелді Айгүл қатысып, І орын иеленсе, «Хореография» жанры бойынша 9-сынып оқушылары Болат Аяулым мен Қабылқан Гүлзат қатысып , ІІ орын иеленіп қайтты. Пән мұғалімі – А.Манжигулова «Ұлы даланың - Ұлы Абайы» атты балалар өнер байқауына шәкірт дайындап , оның шығармашылық даму жолында өз үлесін қосқаны үшін» Дипломымен марапатталды.
«Абай-дана, Абай-дара қазақта» атты республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы қашықтықтан (онлайн) өткен өнер байқауының «Көркем сөз» жанры»бойынша 6 сынып оқушылары : А.Адалбай, А.Әлімбек, Н.Бекзатқызы, З.Ерлан қатысып, жүлделі ІІ орынды иеленіп, финалға өтті. (пән мұғалімі – З.Сауранбаева)
Шет тілі ӘБ
КИО пән олимпиадасына қатысып І,ІІ , ІІІ орын алған оқушылар
№ Оқушының аты - жөні Сынып Пәні Нәтижесі, орны Пән мұғалімі1 Баясыл Ақерке 11 Ағылшын І орын( ауд) Азимбаева А.А
Аудандық «Алтын адам-Тәуелсіз Қазақстанның символы» эссе байқауы
№ Аты-жөні Сыныбы Нәтижесі Пән мұғалімі1 Садирдинов Ильяс 7 Бас жүлде Войцеховская З.А2 Ким Максим В 9 Бас жүлде Токсамбаева В.К
Қоғамтану ӘБ
«Дарын» орталығының Республикалық «КІО» интернет байқауының нәтижесі
№ Аты- жөні Сыныбы Пәні Нәтижесі Пән мұғалімі1 Серікбол Бағжан 5 Қазақстан тарихы ІІІ орын Нұрқат А2 Аңсат Абылайхан 7 Қазақстан тарихы ІІІ орын Кибираева А
Бастауыш сынып ӘБ
1 Совет Сакен «Ұлы дала ұрпағы» Респуб байқауы 4а сынып І Дәрежелі Диплом 2019ж қазан2 Махмет Каусар «Ұлы дала ұрпағы» Респуб байқауы 1ә сынып ІІ Дәрежелі Диплом 2019ж қазан3 Адалбай Айзере «Ұлы дала ұрпағы» Респуб байқауы 1ә сынып ІІІ Дәрежелі Диплом 2019ж қазан4 Тұрымтай Айбар «Ұлы дала ұрпағы» Респуб байқауы 2б сынып ІІІ Дәрежелі Диплом 2019ж қазан5 Мұхамеднұр Лашын «Ұлы дала ұрпағы» Респуб байқауы 2б сынып ІІ Дәрежелі Диплом 2019ж қазан6 Бошай Кәусар «Ұлы дала ұрпағы» Респуб байқауы 2б сынып І Дәрежелі Диплом 2019ж қазан7 Нұргелдіқызы Мезім «Ұлы дала ұрпағы» Респуб байқауы 2ә сынып ІІ Дәрежелі Диплом 2019ж қазан8 Тоқтасын Ақтаңберді «Ұлы дала ұрпағы» Респуб байқауы 2б сынып ІІ Дәрежелі Диплом 2019ж қазан9 Ким София «Ұлы дала ұрпағы» Респуб байқауы 4б сынып І Дәрежелі Диплом 2019ж қазан1
2
3
4
5
6 Бериков ДаниельЕрмуханбетов Дамир
Бартко Любовь
Душкина Вероника
Ким София
Бериков Алишер «Нұрлы Жастар-болашаққа жол бастар» атты Республикалық өнер байқауында «Көркем сөз» номинациясы бойынша«Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша
«Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша 3в3в
1б
4б
4б
4б ІІІ Дәрежелі ДипломІІІ Дәрежелі Диплом
І Дәрежелі Диплом
ІІ Дәрежелі Диплом
І Дәрежелі Диплом
І Дәрежелі Диплом 2019жқараша
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16 Орынхан МухаммедМухамеднұр Камила
Қалтай Ақниет
Бақытжан Назерке
Жақсыбекұлы Е
Мухамеднұр Камила
Сағынгелді Мейржан
Нұрлыбекұлы Қасым
Дәуренұлы Диас
Тезекбай Іңкәр
Сәрсенбек Алихан
Дәулет Кәусар
Нұрлыбекұлы Қасым
Бекмұрат Диас
Бахыт Диас
Азербайжан Айзере «Мың бала» республикалық білім сайтының ұйымдастыруымен өткен пән олимпиадасындаМатематика пәні бойынша
Математика пәні бойынша
Қазақ тілі пәні бойынша
Қазақ тілі пәні бойынша
Қазақ тілі пәні бойынша
Менің сүйікті үй жануарым
Менің сүйікті үй жануарым
Менің сүйікті үй жануарым
Менің сүйікті үй жануарым
Менің сүйікті үй жануарым
Алтын күз-2019
Алтын күз-2019
Мәнерлеп оқу
Мәнерлеп оқу
Мәнерлеп оқу 4ә4ә
4ә
4ә
4ә
4ә
4ә
3б
3б
3б
3б
3б
3б
3б
3б
3б І Дәрежелі ДипломІ Дәрежелі Диплом
І Дәрежелі Диплом
І Дәрежелі Диплом
І Дәрежелі Диплом
І Дәрежелі Диплом
І Дәрежелі Диплом
І Дәрежелі Диплом
І Дәрежелі Диплом
І Дәрежелі Диплом
І Дәрежелі Диплом
І Дәрежелі Диплом
І Дәрежелі Диплом
І Дәрежелі Диплом
І Дәрежелі Диплом
І Дәрежелі Диплом 2019жқараша
1
2 Душкина ВероникаАбдуллаев Ғани «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты Республикалық көркем сөз, ән-би, шығармашылық жұмыстар байқауында «Көркем сөз» номинациясы бойынша 4б4б І Дәрежелі ДипломІ Дәрежелі Диплом
желтоқсан 2019ж
Өнер ӘБ
1-11 сынып арасында өткен Республикалық балалар мен жасөспірімдерге арналған «Балбұлақ» сурет байқауында 8 сынып оқушылары Сайбек Алихан 1-орын, Құлжахмет Мұхаммед 1-орын дипломмен марапатталды. Жетекшілері: Қасабеков А Алғыс хатпен марапатталды.
Денешынықтыру ӘБ
Балқаш аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің «2019 – Жастар жылы» бағдарламасы аясында қазақ күресінен 2006 - 2008 жылдары туылған оқушылар арасында өткізген аудандық ашық біріншілікте +55 салмақ дәрежесінде 8 сынып оқушысы Сағын С ІІІ орын иеленді.
Қазақ күресінен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 28 жылдығына орай 2006 - 2009 жылы туылған кіші жас өспірімдер арасындағы облыстық ашық біріншілікте 8 сынып оқушылары Адалбай М ІІІ орын, Бекен Р ІІІ орын иеленді.
Ұсыныс:
- дарынды оқушылармен жұмыстарды ары қарай жалғастыру, әрі жүйелі жүргізу;
- сыныптар бойынша дарынды балалардың бейімін анықтап, олармен жұмыс жүргізуді мектеп психологтарына, сынып жетекшілерге жүктеу;
- «КИО» және «NIО», «ТІО» интернет олимпиадасына мұғалімдер мен оқушыларды қатыстыруды ұйымдастыру жұмыстарын әдістемелік бірлестіктерге жүктеу.
Бастауыш сыныптарда атқарылған оқу-тәрбие жұмыстары
№1 Жамбыл атындағы орта мектебі бастауыш сыныптарында 14 сынып комплектісі және 3 мектепалды даярлық тобы бар. Мұғалім саны- 18, оның ішінде жоғары санатты- 3, І санатты- 3, ІІ санатты-3, педагог-зерттеуші- 3, педагог-сарапшы- 2, педагог-модератор- 2, санаты жоқ- 2.
Мақсаты: Жаңа мазмұнды оқыту жүйесінде оқыту мен оқуда бағалау түрлерін тиімді қолдану.
Міндеттері: 1.Жаңа оқу жылындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру туралы нормативтік құжаттарды басшылыққа ала отырып, сабақтарды әдістемелік қамтамасыз ету, оқушылардың білімге деген ынтасын арттырудағы оқыту мен оқудағы бағалаудың әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану.
2. Оқушылардың сауатты оқу, сауатты жазу біліктері мен дағдыларын, теориялық ойлау элементтерін,оқу әрекеттеріне өзіндік бақылаудың қарапайым дағдыларын,өзін-өзі ұстау және сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға жағдай жасау.
3.Теория жүзінде алған білімді іс жүзінде пайдалана білу дағдысын қалыптастыру. Оқу, ойын, еңбек қарым-қатынасын және т.б. әрекет түрлерін қажетті деңгейде меңгерту.
4. Үш тілде білім беруге көшуге дайынлық жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
5. Бастауыш сынып оқушысының өзін қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаға үйренуін, жеке бас гигиенасы мен салауатты өмір салтының негіздерін меңгертуді қамтамасыз етуге жағдай жасау.
Өзекті мәселесі: Бастауыш сыныптарда білім беру үрдісінде оқытуда бағалаудың жаңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру. Мектепалды даярлық сыныптарында және 1-4-сыныптарда білім беру процесі:
ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 13 мамырдағы № 292 қаулысымен бекітілген
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – МДТО МЖМС);
ҚР БҒМ 2016 жылғы 12 тамыздағы № 499 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламалары (бұдан әрі – Үлгілік бағдарлама);
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспары (ҚР БҒМ 2016 жылғы 22 маусымдағы № 391 бұйрығына1-қосымша);
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 327 қаулысымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖМС-2015);
ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 15 тамыздағы № 484 қаулысымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 шілдедегі № 453 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің үлгілік оқу жоспарлары;
ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі № 266 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары;
ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 199 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары;
«Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 192 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде жүзеге асырылады.
Жалпы мектепалды даярлық тобында -33, 7 қыз, 26 ұл. 1-4 сыныптарда оқушы саны- 271, 145 қыз, 126 ұл. 105 озат, 80 екпінді. Жыл соңында білім сапасы- 68,8 % құрады.
№1 Жамбыл атындағы орта мектебінде елімізде жарияланған «COVID-19» пандемиясына байланысты 06.04-25.05 аралығында сабақтар қашықтықтан оқыту форматында жүргізілді. Бастауыш сынып оқушылары Балапан, Еларна телеарналарындағы сабақтарды көрді. Бұл телеарналарда көрсетілген сабақтардың сапасы жоғары екендігі туралы ата-аналар тарапынан пікірлер келіп түсті. Ал, телеарнасы жоқ оқушылар ютуб канал арқылы сабақтарды көрді Сонымен қатар, Дарын-онлаин, Білімленд платформалары арқылы да сабақтар жүргізілді. Сабақтардан соң мектеп ұстаздары оқушылармен ватцап желісі арқылы сұрақ-жауап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Берілген тапсырма мен кері байланысты пән мұғалімінің жеке чатына жазуда. Тапсырмаларды пән мұғалімдері тексеріп, нәтижелерін Күнделік.кз жүйесіне енгізуде. Интернетке мүмкіндігі жоқ оқушыларға курьерлер тапсырмаларды тасымалдады. Әлеуметтік топтарға жататын мектеп оқушыларына компьютер, ноутбук берілді. Зум платформасы арқылы мектеп әкімшілігі, әдістемелік бірлестіктер вебинарлар өткізді. Туындаған сұрақтар сынып жетекші, мектеп әкімшілігі тарапынан шешімін тауып отырды. Жалпы апта барысында өткізілген сабақтарда ешқандай кедергілер болмады, ұстаз, ата-ана, оқушы үштік одағының жұмысы ынтымақтастықта жүргізілді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «8» сәуірдегі № 135 бұйрығының 2- қосымшасына және 2020 жылғы «30» сәуірдегі №168 бұйрығына сәйкес бөлім үшін жиынтық бағалауды және тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуге дайындық жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды, «COVID-19 короновирустық инфекция кезеңінде қашықтықтан білім беру технологияларына оқу процесін көшіру кезінде білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі қосымша шаралар туралы бұйрықтарды басшылыққа алып, қашықтықтан оқыту жағдайында жиынтық жұмыстарды өткізу және ұйымдастыру жұмыстары басталды және осы жұмыстарды жүргізу үшін мектепішілік бұйрық құрылып, арнайы өткізу кестесі жасалды.
1.Жиынтық бағалауды өткізу кезінде Орта білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы «№125 бұйрығына сәйкес ережелерді, 14, 14.1-14.3, 14.5, 14.7, 14.8, 15-18, 21-26, 29- тармақтары мен тармақшаларын басшылыққа алу қажет.
2.Білім беру ұйымында оқу пәндерін, өткізу күні мен уақытын көрсете отырып, бөлімдік жиынтық бағалау (бұдан әрі – БЖБ) мен тоқсандық жиынтық бағалауды (бұдан әрі – ТЖБ) тапсырудың икемді кестесі жасалады.
3. 1-10-сыныптарда: -апталық жүктемесі 2 және одан артық сағатты құрайтын оқу пәндері бойынша 1 БЖБ және 1 ТЖБ жүргізіледі.
оқу жүктемесі аптасына 1 сағатты құрайтын оқу пәндерінен бөлім бойынша 1 жиынтық жұмыс жүргізіледі.
4.БЖБ өткізу мерзімі: оқу жүктемесі аптасына 2 және одан артық сағатты құрайтын оқу пәндері бойынша 2020 жылғы 4-11 мамыр.5.оқу жүктемесі аптасына 1 сағатты құрайтын оқу пәндері бойынша – 2020 жылғы 11-15 мамыр.
6.1-10-сыныптарда ТЖБ, ал 11-сыныпта бақылау жұмысын өткізу мерзімі: 2020 жылғы 18-22 мамыр.
7. БЖБ мен ТЖБ саны бір күнде үш жиынтық жұмыстан аспауы тиіс.
Осы әдістемелік ұсынымдарда көрсетілгендей БЖБ,ТЖБ жұмыстары кесте бойынша алынды және қорытындысы бірден Күнделік.кз-ке қойылып, оқушылардың тоқсан бойынша қорытынды бағалары шығарылды.
Атқарылған жұмыстарға SWOT талдау
S (strengthens) Мықты жақтары
1. Деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің санының артуы- 50%
2. Оқытуда топтық жұмыстарды қолдану пайызының артуы
3. Оқушылардың жаңа мазмұнды оқу бағдарламасын меңгеріп, пәндерге қызығушылықтарының артуы және оқуға деген белсенділіктерінің жоғарылауы
4. Білім сапасының жоғарылауы W (wearknesses) Әлсіз жақтары1.Дарынды және қабілетті оқушылармен жұмыс толық өз дәрежесінде емес
2. Үлгерімі төмен оқушылармен жеке жұмыстар әлі де жеткіліксіз деңгейде.
3. Іс-тәжірибелерін ғылыми-әдістемелік баспаларға жарияламауы
4. Бастауыш пен орта буын арасындағы сабақтастықтың өз дәрежесінде жүзеге аспауы
O (opportunities) Мүмкіндіктер
1.Ұстаздарға кәсіби шеберлікті арттыруға бағытталған іс-шараларға қатысуларына мүмкіндіктер жеткілікті (пед оқу, конференция, кәсіби байқаулар, т.б)
2. Облыстық, республикалық интернет олимпиадаларға, байқауларға , «Зерде» ғылыми жоба жарыстарына қатысуға мүмкіндіктері бар. T (threaes) Қауіп-қатерлер1.Сабақтарда бағалау мазмұны мен ерекшеліктерін кеңінен қолданбауы
2.Оқушылармен сабақ барысында тиімді кері байланыстың толық жүзеге аспауы
Қорытынды: 2019 - 2020 оқу жылында ҚР орта білім беру ұйымдарында оқыту 2017 жылғы 15 тамыздағы № 484 қаулысымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде және ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 10 мамырдағы № 199 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің жалпы білім беретін пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары, 2019 - 2020 оқу жылында ҚР жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктерін туралы әдістемелік нұсқау хаты басшылыққа алынып жұмыстар жүргізілді.
Бастауыш сыныптар бойынша 2019 - 2020 оқу жылында атқарылған жұмыстар өз деңгейінде орындалды, өндірістік жоспардағы жұмыстардың бәрі қамтылды.
Ұсыныстар:
1. Сабақтарды жаңашылдықпен, әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, түрлендіріп өткізу, пәндер бойынша тақырыптық сараптама жасай отырып, әр оқушының нақты білім деңгейін анықтау.жас мұғалімдерге тәжірибелі ұстаздардың сабағына қатысу, сыныптан тыс іс-шараларды оқушының жас ерекшеліктеріне қарай құру, ашық тәрбие сағаттарын жаңа технология бойынша өткізу, АКТ мүмкіндіктерін, көрнекіліктерді сабақтарда тиімді пайдалану.
2. Пәндерді, дәптерлерді зерделеу барысында көрсетілген қателерді болдырмау мақсатында әр оқушының жіберген қателерін есепке ала отырып, жекелей жұмыстар, оқу жылдамдығы, жазу каллиграфиясы төмен оқушылармен әр пән мұғалімі жоспарлы түрде сыныптан тыс уақытта, демалыс кезеңдерінде қосымша жұмыстар жүргізу талап етіледі.
3. Мектептің білім сапасынан (51,1пайыз) төмен көрсеткіш берген 4б сыныптарында жіберілген олқылықтарды жою мақсатында жұмыстар атқарылсын, білім сапасын көтеру үшін сабақтар түрлендірілсін, әдіс-тәсілдер тиімділігі арттырылсын.
Осы жұмыстардың ақарылуын бақылау бастауыш сыныптар бойынша оқу-тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары А.Сейдахметоваға және әдістемелік пән бірлестік жетекшісі Ж.Оматаеваға жүктелінсін.
2020 - 2021 оқу жылында кеткен кемшіліктер мен олқылықтарды болдырмау мақсатында келесі оқу жылына мына төмендегі міндеттерді басшылыққа алып жұмыстар атқару жоспарда бар:
1. Жаңа оқу жылындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру туралы нормативтік құжаттарды басшылыққа ала отырып (Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы) сабақтарды әдістемелік қамтамасыз ету.
2. Оқытудың тиімді технологияларын, бағалау өлшемдерін (қалыптастырушы және жиынтық бағалауды) сабақтарда үнемі қолдану.
3. Теория жүзінде алған білімді іс жүзінде пайдалана білу дағдысын қалыптастыру. Оқу, ойын, еңбек қарым-қатынасын және т.б. әрекет түрлерін қажетті деңгейде меңгерту. Оқушыларды шығармашылық жұмыстарға тарту.
ӘБ рейтингісі 2019 - 2020 оқу жылы
ӘБ Кәсіби байқау Педоқу,сем,конф Басылым Пән олимп Ғылыми жобалар Оқушылар байқаулары,жарыстар Оқушыларға арналған оқулар Қашықтық байқаулары,олимпиадалар т.б /оқушылар/ Қашықтық байқаулары,олимпиадалар т.б /мұғалімдер/ қорытындыБастауыш ӘБ 116 85 30 2 340 790 1370 4 2737Қазақ тілі мен әдебиеті ӘБ 40 30 10 90 10 260 162 602Шет тілі ӘБ 10 130 115 20 80 125 151 307 938Қоғамтану ӘБ 60 60 85 40 105 95 445Жаратылыстану ӘБ 130 390 50 80 90 95 460 320 1615МИФ ӘБ 45 55 40 85 366 732 258 1581Өнер ӘБ 100 80 525 220 925Денешынықтыру ӘБ 10 50 20 75 370 20 30 575
Әдістемелік пән бірлестіктерінің 2019 - 2020 оқу жылындағы рейтингтік көрсеткіші.
ӘБ атауы Жинаған ұпай саны Орын сатысыБастауыш ӘБ 2737 ІҚазақ т әдебиеті.ӘБ 602 VІШетел тілдері ӘБ 938 ІVҚоғамтану ӘБ 445 VІІІЖаратылыстану ӘБ 1615 ІІМИФ ӘБ 1581 ІІІ«Өнер»ӘБ 925 VДенешынықтыру ӘБ 575 VІІ
Қорытынды. Оқу – өндірістік жоспар бойынша 2019 - 2020 оқу жылына белгіленген жұмыстар атқарылды. Атқарылған жұмыстар сараптамасы бойынша педагогикалық кеңеске мына төмендегідей ұсыныстар беріледі:
Ұсыныстар:
1.Жас мамандармен атқарылатын жұмыстар жүйеленіп, әдістемелік көмек көрсетуге байланысты ұйымдастырылатын іс-шаралардың уақытылы өткізілуі назарға алынсын және оның жауапкершілігі жас мамандар жетекшісі Э.Надирбековаға жүктелінсін
2.Жаңартылған бағдарламаны іс жүзіне асыруда мұғалімдердің шығармашылық, жаңашылдық іс- әрекетін арттыру мақсатында әдістемелік пән бірлестіктерінде семинарлар, коучингтер т.б іс-шаралар жоспарланып өткізілсін.
3.Мұғалімдердің іс-тәжірибелерін тарату жұмыстары мен кәсіби байқауларға, педоқуларға қатысу деңгейін көтеру.
4. Әдістемелік бірлестік жетекшілері сараптама, талдау жұмыстарын жасауда жан –жақты шығармашылық бағытта әдістемелік құралдарды қолдана отырып жүйелендіру.
5.Педагогтардың кәсіби құзыреттілігін дамытуда пән мұғалімдердің өздігінен білімін жетілдіруде жауапкершілігін күшейту, бірлестік жетекшілері тарапынан қадағалау.
6. Осы жұмыстардың орындалуын қадағалау оқу ісі жөніндегі орынбасарлары А.Бөртебаеваға А.Сейдахметоваға және әдістемелік пән бірлестік жетекшілеріне міндеттелінсін.
Қорытынды /SWOT-талдау бойынша/ 2019 - 2020 оқу жылы
S (strengthens) Күшті жақтары
1.Кадр құрамы тұрақты. Мұғалімдердің барлығы өз мамандықтарына сай жұмыс атқарады.
2. Жоғары білімді мұғалімдер саны- 86, пайыздық көрсеткіші-89,5
3. ЖБМ бойынша курстан өткен мұғалімдер саны- 70, пайыздық көрсеткіші- 73
4.Жаңа форматтағы аттестаттаудан өткен педагог зерттеуші-10, педагог сарапшы-14, педагог-модератор-9, пайыздық көрсеткіші- 34,3
5. 5 интерактивті тақта, 1 лингафонды-мультимедиалық кабинет,2 жаңа модификациялық кабинет, 2 информатика кабинеті бар, 5 мультимедиалы кабинет, 93 компьютер бар. IT сынып
5.Мектепте 8 мұғалім тренерлік курстан өткен.
6. Қашықтық байқаулар мен олимпиадаларға қатысу және жүлделі орындарға ие болу пайызы жоғарылады.
7.АКТ мүмкіндіктерін, білім платформаларын/ Bilim land, ютуб, Дарын-онлайн/ қолданатын мұғалімдер саны артты
W (weaknesses) Әлсіз жақтары1.Желілік қоғамдастық жұмысы жеткіліксіз деңгейде.
2. Жаңартылған білім мазмұны бойынша курстан өткен мұғалімдер саны көп болғанымен, курста алған білімді қолдану деңгейі төмен.
3.Мұғалімдердің кәсіби байқаулар мен семинарларға қатысу көрсеткіші төмен
4.Мектеп тренерлерінің жұмыстарының жүргізілмеуі.
5.Оқушылардың облыстық , республикалық, халықаралық деңгейдегі пәндік олимпиадалар мен ғылыми жоба жарыстарынан жүлделі орындары жоқ. 5.1.Оқушылардың физика пәні бойынша олимпиада мен ғылыми жоба жарыстарына қатысуы төмен
5.2. Оқушыларды оқуларға дайындау деңгейі төмен./қазақ тілі мен әдебиеті/
6. Оқушылардың республикалық, облыстық деңгейдегі спорттық жарыстарға қатысу деңгейі төмен.
7. Жас мамандардың кәсіби дамуына бағытталған тәлімгерлік үдерістің жүзеге асырылуы өз деңгейінде емес.
8. Педагогикалық оқуларға, конференцияларға қатысу деңгейі төмен.
9. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жүйелі жүргізілмейді.
10. Бағалаудың жаңа әдіс-тәсілдері тиімді қолданылмайды.
11. Қоғамтану пәндеріне жеке кабинеттің болмауы/қоғамтану ӘБ/
O (opportunities ) Мүмкіндіктер
1.Білім сапасының көтерілуіне мүмкіндіктер жеткілікті.
2. Мұғалімдердің жаңа әдіс-тәсілдер мен АКТ-ны тиімді пайдалануға мүмкіндіктері бар.
3.Облыстық, республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жоба және спорт жарыстарына қатысып, жүлдегер атануға мүмкіндіктер бар. T (threaes) Қауіп-қатерлер1. Мұғалімдердің оқушылармен жұмыс істегенде олардың оқуын жақсартатындай тиімді кері байланыстың жеткіліксіздігі.
2.Жас мамандардың тәжірибелі мұғалімдердің сабақтарына қатыспауы
3.Сабақтағы критериалды бағалау жүйесін талапқа сай қолданбауы, бағалау критерийлері нақты болмауынан оқушының біліктілігі мен білімділігінің жалпы деңгейінің нақты анықталмауы мектептің өзекті мәселесімен жұмыс жасау мүмкіндігін төмендетеді.
Тәрбие жұмыстарына талдау
1-қыркүйек Жалпы республикалық Білім күніне орай 19-тамыз мектеп ұжымымен арнайы лездеме ашылып алдымызда келе жатқан Білім күнінің іс-шаралар жоспары таныстырылып, мектеп директоры тарапынан келісіліп, бекітілді. 26-31тамыз аралығында бекітілген жоспар бойынша іс-шараға ішкі-сыртқы дайындық жұмыстары жүргізілді.
Атап айтар болсақ олар: 1-ішкі жұмыс 8 «а», 8 «ә», 8 «б», 8 «в» ішкі жұмысқа жауапты; мерекеге сай безендіру, білімге қатысты фае алдындағы төрт калонаға қанатты сөздер ілу, талапқа сай толықтай безендіру болып бекітілсе. Бұл жұмыстар сынып жетекшілер тарапынан толығымен атқарылған жоқ.
2- сыртқы қатысушы қонақтарға (скатерт, су, гүл қою, орындықтарды реттеу) адам санына қарай стол қою. Бұл жұмыстар 6-7 сынып жетекшілеріне бекітіліп, жүктелген болатын. Алайда дайындық жұмыстарында Момынкулова Лаура апай күллі сынып жетекші жұмыстарын жалғыз атқарды.
3- Сыртқы безендіру; мереке атауы, саптық алаң жасау, шарлармен арка жасау, калоналар құрау, жоғарыға лентаға шармен гүлдер тарту, флажоктар тарту, үлкен қоңырау ілу 9-10 сынып жетекшілеріне бекітіліп, жүктелген болатын. Алайда сынып жетекшілері тарапынан дайындық кезінде жұмысты жандандырған Балқыбаева Венера, Тоқсанбаева Венера, Нүрсейіт ағай сияқты ұстаздардың оқушылары белсенді жұмыс атқарды.
4-1-4 бастауыш оқушыларына қолдарына шар, жалаушалар болуы міндеттелген болатын. Толықтай жұмыстары қанағаттандырды.
«Сыңғырла күміс қоңырау» атты салтанатты жиынның жұмыстарына белсенді атсалысқан ұстаз, оқушылардың арқасында жаңа оқу жылының басты мерекесі Білім күні жылдағыдан ерекше өтті десек артық айтқанымыз емес.
Бұл ауқымды жұмыстардың басты мақсаты: 1-қыркүйек күні-білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне, мектебіне сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Ауызбіршілікке шақыру.
5-15 қыркүйек Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күніне орай «Туған тілім-таусылмайтын бұлағым» атты он күндіктің іс-шаралар жоспарын құру және оны мектеп тарапынан келісіліп, бекіту жөнінде 2-қыркүйек күні екінші он минуттық үзіліс яғни лездемеде толықтай таныстырылып, мектеп директоры тарапынан бекітілді. Яғни бұл он күндікте мынандай жұмыстар жоспарланды:
1-Он күндіктің ашылуы; әдеби мантаждар, үш тілді насихаттау мақсатында 11-сыныптардың орындауында көрініс. Тіл жөнінде патриоттық ән. Бастауыш сыныптарының атынан хор. Мектеп әкімшілігі атынан құттықтау сөздер. Тілдер бірлестігі атынан қанатты сөздер, насихаттық жұмыстар.
2-1-4, 5-8, 9-11 сыныптар аралығында сынып сағаттары.
3-Тілге қатысты топқа бөлу, зияттық ойындар ұйымдастыру, мерекеге орай сыртқы ішкі әзірлеме жұмыстарын ұйымдастыру сияқты бір қатар жұмыстар атқарылған болатын. Бұл атқарған айтулы он күндіктің ішінде Тілдер бірлестігі ішінен Гүлзәт Көсембаева ұйымдастырушылығымен топ ішінен оқ бойы озық шығып атқарған жұмыстарында белсенділік танытты.
Қатысқандар: 1-11сынып оқушылары, Көсембаева Г, музыка пәні мұғалімі Балабекова М, ағылшын мұғалімі Әзімбаева А, сынып жетекшілер
2-қыркүйек күні, екінші сабақ он минуттық үзілісте 7-қыркүйек Жалпы республикалық денсаулық күніне орай іс-шаралар жоспары 1-11сынып аралығындағы сынып жетекшілеріне таныстырылып, мектеп әкімшілігінің ұсынысымен мектеп директоры тарапынан келісіліп, бекітілді. Баса айта кететін жәйт ол оқушылардың денсаулық күніне бір келкі ақ кепка, ақ фудболкасы толықтай болу. Денсаулық күніне арналған іс-шараның жоспары:
1-Ашылу салтанаты; сап түзеу, құттықтау сөз, 5-8 сынып арасынан «Флешмоб» болып бекітілді. Сап түзеуде Бота Әлімжанованың сыныбы көптеген ескертуге тап болды.
2-Дала жарысы кросс. Бұл 1-4, 5-8, 9-11 сыныптар арасынан нақты жоспарланған болатын. Оқушы тарапынан бұл спортқа қызығушылықтары мен белсенділіктерін байқатса. Алайда сынып жетекшілері тарапынан атсалысу болған жоқ.
3-«Былғары доп» Валейбол. Бұл 9-11 ұл-қыздары арасынан жоспарланса. Денешынықтыру нән мұғалімі Ботбаев Азаматтың жұмысы өз мәресінде жұмыстарын ойдағыдай атқарып шықты.
4-Арқан тартыс «Эстафеда» 1-2, 3-4 сыныптар аралығында жоспарланды. Әлімжанов Нүрсейіттің жетекшілігімен өзіміздің ұлттық спортымызға деген жасөспірімдердің жылдан жылға қызығушылығы артып, Нүрсейіттің жалпы осы спортқа жастарды тартудағы жұмысы жоғары екендігін байқатты.
5-«Ала доп» Футбол 5-8 ұл-қыздарының арасында жоспарланды. Іс-шара осындай бір неше атаулармен атқарылып, жаңа өзгерістермен ауқымды да қызықты болып өтті. Мақсаты: Ұлттық спортымызды қайта жаңғырту, бұқаралық спорт түрлеріне жас ұрпақты бейімдеу, «Салауатты өмір салтын» барынша насихаттау, және де өскелең ұрпақтың спортпен айналысуына ықпал жасау болып табылады.
9-қыркүйектен бастап От басы күніне орай «От басы-бақыт мекені» атты тақырыпта 9-14 апталық аралығында бір неше сынып сағаттары өтті. Соның бірі 2 «б» сынып жетекшісі Көпбосыныва Шолпанның ұйымдастыруымен оқушыларға арнайы тапсырмалар беріліп, өз сынып сағатын нәтижелі атқарып өтті. Атап айтсақ жұмыстарының бірінде От басы жайлы бүлдіршіндерге өздік жұмыстар және оны түсінікті етіп қорғауы. Жалпы бұл сынып жетекшінің бұл тақырыпта От басы институтын балалардың бойына сіңіре білуі мен біліктілігі, ұстазған тән ұстамдылығы таңғалтты.
Мақсаты: Жанұя мүшелеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, оларды сыйлауға тәрбиелеу. Өздік жұмыстар суреттер арқылы, мотивациялық түрткі болатын шаттық шеңбері арқылы баланың ой-өрісін дамыту.
19-қыркүйек «Көңілді түстер әлемі» атты жалпы мекемелер арасынан мектепке дейінгі бүлдіршіндерге қуаныш сыйлау мақсатында ауылдық округі әкімі тарапынан іс-шаралар жоспары құрылып, жоспарға сай жұмыстар бірлесе отырып атқарылды. Атап айтар болсақ соның бірі мектебіміздің «Жас Ұлан» ұйымының 8-10 сынып оқушылары аралығындағы мүшеліктеріне тапсырма беріліп, бүлдіршіндерге бір сәттік қуаныш пен көтеріңкі көңіл сыйлау мақсатында «Арман» балабақша алдында көкке «Жас Ұлан» ұйымының қолынан салтанатты түрде 100- шар ұшырылды.
Мақсаты: «Көңілді түстер әлемі» атты тақырыпта «Жас Ұлан» ұйымындағы оқушылардың бұл жұмысты атқарудағы мақсаты өздерінің осындай қайрымдылықтарының арқасында бүлдіршіндерге өнеге көрсету, балаларға негізгі төрт түсті топтастыруға үйрету, балалардың коммуникативтік ақпараттық құзіреттілігін молайтып, ой-түйсігін, қиялын дамыту. Сенсорлық ойлау қабілетін дамыту.
Бұл біздің ауылдық округтің «Арман» балабақша алды. «Көңілді түстер әлемі» атты іс-шараның салтанатты ашылуында Педагог-ұйымдастырушы сөз сөйлеп, «Жас Ұландықтардың» бүлдіршіндерге өз қолдарынан шар табыстау сәті.
9-қыркүйек бірінші лездемеде іс-шара жоспары құрылып, мектеп ұжымына таныстырылды. 8,10-сыныптарға іс-шараның басты жұмыстары жүктелген болатын. Атап айтсақ: 10-сыныптар хабарландыру ілу, мәжіліс залды безендіру, салтанатты кешке (сценарий, заманауий билер, қызықты ойындар, көтеріңкі әзілдер) ұйымдастыру. Ал 8-сыныптар ұлдары әзілқой сатира құрама командасын ұйымдастыру болса, қыздары биге пародия, әр түрлі жанрда флешмоб билерін орындау, қызықты ойындар ұйымдастырып, жеңімпаздарға сыйлықтар арқылы көтеріңкі көңіл күй сыйлау, қанатты сөздер айтып, өздерінен кіші іні, қарындастарын мектебіміздің мәдени-рухани өміріне тарту, білімді болуға шақыру болатын. Осы аталған жоспар бойынша іс-шара барысында оқушылардың мектебіміздің мәдени өміріне де құлшынысы мен қызығушылығы жоғары екендігін байқатты. Бірақ сынып жетекшілер тарапынан балалардың рухани адамгершілік тәрбие беру бағытына да үлес қоспайтындықтары байқалып тұр.
Мақсаты: Мектепті яғни білім ордасын, ұстаздарын құрметтеп, өзін-өзі басқара білуге, өз алдына тұлға болып қалыптасуға, еңбекті бағалай білуге, кішіге құрмет, үлкенге ізет көрсете білуге тәрбиелеу. Бойларына рухани адами тәрбиені дарыту, Білімге деген құштарлықтарын арттыру, оқуға білімді болуға шақыру.
Қатысқандар: 20.09.2019 ж сағат 17:00-20:00 де 9,10,11 арасынан өткен салтанатты кеште атсалысқан ұстаздар, оқушылар. 10а ұлдары,10ә қыз-ұлдарының жұмыстары жақсы. 10б сыныбынан Син Инесса жалғыз атсалысты. Ал сынып жетекшілер тарапынан кешкі қадағалау жұмысына Балқыбаева Венера ғана қатысты. Қалған сынып жетекшілер оқушыларды қадағалаған жоқ. 21.09.2019ж сағат 15:00 мен 20:00 5-8 сыныптар аралығында өткен іс-шараға Зульфия Абдыкалыковна, Сауранбаева Айзада апайлар ғана шығармашылығымен өз үлестерін қосып, оқушыларын қадағалап жүрді.
Қатыспағандар: 20.09.2019 ж сағат 17:00-де 9,10,11 арасынан өткен салтанатты кеш 10-сыныптарға жүктелген болатын бірақ сынып жетекшілер үлес қосып, оқушыны қадағалаған жоқ. 21.09.2019ж сағат 15:00, 17:00-аралығында өткен салтанатты іс-шараның басты себепкер қонақтары 5-сынып жетекшілері оқушыларына бас көз боп, келуі мен қайтуына бас көздік танытқан жоқ.
Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 175-жыл толуына орай жалпы республика көлемінде акциялық іс-шаралар, жыр марафондары, байқаулар жарияланған болатын. Осыған орай мектепішілік «Ән көңілдің ажары» атты 8-9 сыныптар арасынан ән байқауының іс-шара жоспары құрылып, бірінші лездемеде мектеп ұжымымен таныстырылды. Мектеп директоры тарапынан бекітіліп, байқауға дайындық жұмыстары жүргізілді. Байқауға арнайы әділқазы алқалары тағайындалып, сайыс үш кезеңнен өтті. Бірінші кезең: патриоттық әндер, екінші кезең: дәстүрлі әндер, үшінші кезең: «Заманауий әндер» болып, ұлттық тәрбиені бойына сіңіріп, жан-жақты ізденуіне қолдау көрсету, өңіріміз өзге ұлт өкілдерінен құралғандықтан ән орындауда әр халықтың салт-дәстүрін, өзіне тән ерекшеліктерін дәріптеу және өнермен жүйелі түрде айналысуына ықпал жасау мақсатында өтті.
Байқауға 8-9 сынып арасынан іріктеліп, 6-оқушы сайысқа түсті. 8 «а» Мұхтар Арайлым І-орын( номинация), 9 «а»Амангелді Айгүл ІІ-орын, 8 «б»Сейілхан Жарқынай ІІ-орын, 9 «б»Ем Вова ІІІ-орын(номинация), Ли Ольга патриоттық ән айтып номинацияға ілінді. Ал өнері, жанды дауысы, әр турда киім үлгісі, сахнада өзін-өзі ұстауы жағынан топ ішінен оза шыққан Серікқали Балауса бас жүлдені иеленіп, мектеп педагог-ұйымдастырушысының қолдауымен бағалы сыйлыққа ие болды.
Қатысқандар: 9 «а» Амангелді Айгүл сынып жетекшісі Алимжанов Нүрсейіт, 9 «б» Ем Владимир сынып жетекшісі Токсанбаева Венера, 8 «а» Мұхтар Арайлым сынып жетекшісі Сауранбаева Айзада, 8 «ә» Серікқали Балауса сынып жетекшісі Нәдірбекова Ельмира, 8 «б» Сейілхан Жарқынай сынып жетекшісі Түменбаева Света, 8 «в» Ли Ольга сынып жетекшісі Войцеховская Зульфия.
Қатыспағандар: 9«ә» Ерболқызы Кәмилә белгілі себептермен қатысқан жоқ сынып жетекшісі Балқыбаева Венера.
«Қауіпсіз білім ордасы» атты тақырыпта 1-11 сыныптар арасында акцияның өтетіндігі және оның ішінде сынып сағаттары, төтенше жағдайлардын алдын алу шараларының жалғасатындығы барша ұжымға жарияланып, кең ауқымды акция бір айға созылды. Іс-шарада бір ай ішінде бір қатар жұмыстар атқарылды. Атап айтар болсақ: «Қауіпсіз білім ордасы» тақырыбында бір неше насихаттық алдын алу жұмыстары, кеңестік кездесулер, 5,6,7,8-сыныптар арасынан қабырға газеттері, 1,2,3,4-сыныптар арасынан суреттер көрмесі, «Жас Құтқарушылар» ұйымының дайындық жұмыстары, алғашқы әскери дайындық жетекшісі Сапаралиев Дарханның төтенше жағдайдын-алдын алуға сейсможаттығулар; (көріністер, алдын алу шаралары) сияқты ауқымды жұмыстаратқарылды.
Еңбек күні мерекесіне орай «Еңбек мерекесі-елдің берекесі» атты тазалық акциясының іс-шара жоспары ауылдық округі әкімшілігі тарапынан құрылып, мекеме қызметкерлерімен таныстырылып, бекітілген болатын. Мектеп тарапынан 1 мен 8-сыныптар аралығындағы оқушылар толықтай тазалық акциясына атсалысты. Ескі саябақтар, орталық көшелерге тазалық жұмысы жүргізілді. Акция барысында ауылдык округ әкімі сөз сөйледі. Еңбек кунінің ашылуында 8-сынып «Қызғалдақ қыздар» клубының мүшелері әр түрлі жанрда «Флешмоб» биін биледі. Әдеби монтаждар мен алғы сөздер айтылды.
Мақсаты: аулымыздың көрікті жерлерін күл-қоқыстан арылту, жастарды еңбекпен баулу, мерекені дәстүрге айналдыру, айылдың келбеті ортақ игі-іс екендігін оқушылардың санасына сіңіру.
1-қазан жалпы республикалық Қарттар мерекесіне орай 5-8 сыныптар аралығындағы «Жас Ұлан» ұйымының белсенді мүшелерінің бастамасымен қарттарға ізеттілік көрсету жұмыстары мен ардагер ұстаздарға сый-құрмет көрсету жұмыстарын жүргізу мақсатында іс-шара жоспары құрылып, мектеп директоры тарапынан бекітілді. Жоспарға сай ардагер ұстаздармен сыр-сұхпат жүргізіліп, кей ардагерлерге ұйым мүшелері көмек қол ұшын берді. Ал айтулы тақырыпқа сай, ауыл әкімі қарттарымызға сый құрмет көрсетті. Осы мерекелік шараға «Жас Ұлан» ұйымы да атсалысты.
Мақсаты: ардагер ұстаздарды әр дайым ардақтау, қарттарымызды қадірлеу, құрмет таныту. Дәстүрге деген құрметпен қарау, осындай сыр-сұхпат, қайрымдылық, ізеттілік жұмыстары арқылы жастарды рухани-адамгершілік жолдарына жетелеу болып табылады.
Бұл Өзін-өзі басқару күніне орай іс-шара жоспары 9,10,11-сынып оқушыларына таныстырылып, іс-шаралар жоспары мектеп директоры тарапынан бекітілді. Мектеп әкімшілік мүшелеріне 11-сыныптың «Жас Ұлан» ұйымында бар белсенді, оқу озаттары, бір неше дүркін олимпияда жеңімпаздары тағайындалды. Ал мектеп директорының лауазымдығына бір неше ұсыныстар арқылы 11 «б» сынып оқушысы Халықберген Аружан тағайындалды. 9,10-сыныптарына 11-сыныптар сабақ берсе, 5-8 аралығына 10-сынып оқушылары пәндік, сынып жетекшілік жұмыстарды мойнына алды. 9-сыныптар 1-4 аралығына иелік етті.
Бұл сынып жетекшілік, пәндік жұмыстардан бөлек 9,10,11-сыныптарының ұйымдастыруымен төмендегідей жұмыстар атқарылды: «Мұғалімдерді қарсы алу рәсімі»; «Таңғы сергіту»; Ортақ жиналыс сабақ жоспарларын тексеру; Оқушылардың сүйемелдеуімен қойылатын таңғы спорттық жаттығулар, сергіту сәті; Мұғалімдерге арналған психологиялық тренинг «Жақсы көңіл күй»; 10-минуттық қоңыраудағы 9-сынып «Ұлдар құрама командасының» басқаруымен өткен «Қызықты үзіліс»; Мұғалімдердің арасында өткен «Кім мықты?» атты интеллектуалды ойыны; Үлкен қоңыраудағы оқушылар жиыны (линейка), «Шаттық сыйла әлемге» атты сергіту сәті; Әкімшілік басқару мен кезекшілік, кезекшілік бақылау және ауыстыру т,б Оқу күнінің соңын жиналыспен аяқтап, қорытындылау сияқты оқушылардың бұл күнде жауапкершілік пен дәрежелі атқарған жұмыстарына мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары мен педагог-ұйымдастырушысы жақсы деген баға берді.
Мақсаты: Оқушыларды өзін-өзі басқаруға бейімдеу, білімге деген құштарлығын және өзара ауызбіршілігін дамыту, бірігіп жұмыс істеуге баулу, жауапкершілігін ұлғайта түсу. Әрбір оқушының жан-жақты болып, ізденуіне қолдау көрсету.
Салтанатты кештің іс-шара жоспары лездемеде таныстырылып, 11-сынып жетекшілеріне жүктелген болатын. Мерекеге орай мектеп директорының тәрбие ісі жөніндгі орынбасары мен педагог-ұйымдастырушысы жоғары сынып оқушылары мен арнайы жиналыс өткізген болатын. Көтерілген мәселелер ұстаздарға құрмет көрсету, ішкі дайындық жұмыстарын жандандыру, әзірлеме, Фае алдына тақырыпты әрлеу, мұғалімдер бөлмесіне тосын сый жасап, безендіру, мектеп мәжіліс залын тақырыпқа сай гүлдендіру, мектеп ұжымын құрметтеп концерттік бағдарлама дайындау, алғы сөздер мен сыйлықтар ұйымдастыру сияқты бір қатар тапсырмалар берілді. Бұл жұмыстарда сынып жетекшілері Найзабекова Рима, Балабекова Меруерт, Аширова Айман сынды ұлағатты ұстаздар еңбегін атап өту шарт. Көп жылғы еңбек жолындағы алған шығармашылығы мен тәжірибелерін айтулы мерекеде оқушы бойына дарытып, көпшіліктің назары мен рахымшылығына бөленген бұл ұстаздар айтарлықтай нәтижелі жұмыстар атқарды.
Алтын күз мерекесіне іс-шара жоспары құрылып, лездемеде сынып жетекшілеріне таныстырылды. Осы жоспарға орай 1-10 сынып аралығында І, ІІ-аусымда жұмыстың мән жәйі оқушыларға толықтай түсіндірілді. Атап айтар болсақ іс-шаралар жоспары:
«Күзгі пейзаж» тақырыбында 1-4 суреттер көрмесі; 5-8 Қабырға газеттері;
Бұл суреттер байқауы мектебіміздің үшінші қабатына ілініп, 1-4 арасынан өткен байқауда жан-жақты ізденуінің арқасында, әр түрлі бояулар арқылы ойын көпшілікке жеткізе білген Бекен Бекежан салтанатты түрде бас жүлдемен марапатталды. Қалған сыныптар әр сынып бойынша 1,2,3-орын иелері марапатталды. 5-8 арасынан Қабырға газетінде 6 «а» сыныбы Танкибаева Жұлдыздың оқушылары бірлесе отырып, күз мезгілінің әдемі келбетін, шуақты күндері мен молшылықты айшықтап, көлемді қабырға газетіне әспеттеп, жеткізе білген ұстаздың бұл сыныбы бас жүлдеге жетті. 7 «а» сынып оқушысы Құрманәлі Айгерімнің қабырға газеті ауқымы жағынан да түрлі-түсті бояуларды сауатты қолдану жағынан да көпшілікке ұнап бірінші орынға иелік етсе қалған сыныптар екінші, үшінші орын, ынталандыру марапаттарын алып жатты. Ал 9-10 сынып оқушылары арасынан «Арайлы, алтын-күз!» атты күзгі балға 10 «а», 10 «ә» сынып «Жас Ұлан» ұйымының жаңа белсенді мүшеліктерінің бастамасымен мектеп мәжіліс залы қараған көзді тартып аларлық, ұжым қызыға көз тіккен ұл қыздарының безендіру жұмыстары бұл кешкі балды ажарландыра түсті. Бір неше кезеңнен тұратын кешкі бал жаңаша түрде еш көшірмесіз, қатысушылардың ізденуіне күшті талаптар қойылып, арнайы тағайындалған әділқазылар арқылы шешімін тауып отырды. Бұл бал 4-кезеңнен. Атап айтар болсақ олар:
1-кезең «Таныстыру»; (ханзадалар мен ханшайымдар бірін-біріне құрмет көрсетіп, дәріптеу, киім үлгісі, сөз саптауы арқылы жеңіске жетеді)
2-кезең «Көрме» (үй тапсырмасы) 3-кезең «Сән үлгісі» (күз байлығы; жапырақтар, бұтақтар, шырмауық, гүлдер т,б дәнді-дақылдар мен жаңа топтама көрсету)
4-кезең «Білгенге маржан» (сұрақ-жауап; 40-тыйым, салт-дәстүр, егемен ел жайлы 15-сұрақ) сияқты әсерлі де қыйын жан-жақты қамтылған кезеңдерден өтетін кешкі бал көрерменді қызықтыра түсті. Осындай қыйын кезеңдерден мойымай топ ішінен жеке дара суырылып оқ бойы алға шыққан 10 «б» сынып жетекшісі Т. М. Фазылованың сыныбының ұл қызы бас жүлде мен 6000-көлемінде бағалы сыйлық табыс етіліп, «2019-оқу жылының Ханшайымы мен Ханзадасы» атанды. Қалған сыныптарда өз өнерлерін, топтама, сөз шеберліктерін барынша көрерменге ұсынып, марапатталды.
Мақсаты: «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екендігін оқушы санасына жеткізу. Өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу. Бастысы келбетіне; жүріс-тұрысы, сөйлеу шеберлігі, өнері сай күз ханшайымы мен ханзадасын анықтау.
«Күзгі пейзаж» тақырыбында өткен қабырға газеттері мен суреттер көрмесі, мектебіміздің ІІІ-қабаты.
«Арайлы, алтын-күз!» атты тақырыпта өткен төрт кезеңнен тұратын күзгі балдың ішкі безендіруі мен балдағы әділқазылардың оқушы жұмысын бағалау сәті.
Бұл алдын алу шаралары жалпы республика көлемінде жер-жерде атқарылып жатқандықтан мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары тарапынан келісіліп бекітілді. Іс-шара жоспары бірлесіп өтетіндіктен жиналыс барысында мектебіміздің әлеуметтік педагогы Найзабекова Рима Тұрғанбекқызы сөз сөйлеп, алдын алу шаралары мен амалдарын қарастыра отырып, жасөспірім арасындағы заң бұзушылықтың себеп-салдарын оқушыларға толықтай түсіндіріп, құқық бұзушылық орын алған жағдайда қандай қатаң шаралар қолданатындығы мен болашағының бұлыңғыр болатындығы жәйлі кеңінен насихаттап өтті. Мектеп психологтары мен педагог-ұйымдастырушысы да өз үлестерін қосып, слайдтық бағдарлама, психологиялық әдіс-тәсілдер арқылы оқушы назарын аударып, санасына жеткізе білді.
Жобалық жұмыс мектеп ұжымымен таныстырылып жыл басынан мектеп директоры тарапынан құрылған болатын. Бұл қызықты үзіліс аптасына бір күн, әр төртінші сабақ 10-минуттық үзілісте өтуі туралы жобалық жұмыс жоспары бекітілген. Бірақ оқушы тарапынан бұл іс-шараға белсенділігі мен қызығушылығын байқап, әр аптаның толық әр төртінші сабақтың 10-минутында өтетіндей етіп жоспарладық. Бұл апталық «Көңілді үзіліс» жобасы аясында 5-8 арасында белсенділік танытқан сыныптар ол 6-сыныптардың жан-жақты ұйымдастыруы мен логикалық ойындары оқушыларды қызықтыра түсті. 8 «б» сынып оқушыларының ұйымдастырған салмақты әзілдері көпшіліктің көңілінен шыға білді.
«Қызықты үзіліс» жобасы аясында атқарып жатқан жұмыстарымыздың басты мақсаты: оқушылардың өзара сенімділігін, қарым-қатынасын, ұйымшылдығын арттыру. Бұл жоба көңілді сергітіп, жаңа күйге және көңілді көтеруге, қосымша қызықты ақпарат алуға мүмкіндік береді. Көңіл-күй жақсы болса ең ұнатпайтын және қиын пән оқушы үшін жағымды және түсінікті болады. Қимылды ойындар оқушылардың біраз уақыт қозғалуларына, бойларын жазуға пайдалы.
Бұл «Көңілді үзіліс» жобасы аясындағы жұмыс жоспары бірінші лездемеде таныстырылып, мектеп назарына ұсынылды. Бұл жоба аясындағы жұмыс жоспары «Көңілді 10-күндік» атты тақырыпта 5-8 сынып аралығын қамтитын болып мектеп директоры тарапынан келісіліп бекітілді. Іс-шараға орай мектеп мәжіліс залы «Жас Ұлан» ұйымының 8-сынып белсенділері қолымен безендірілді. Айтулы 10-күндікте 5-8 сынып оқушылары жоспарға сай жоғары дәрежеде жұмыстарын атқарды.
Мақсаты: Оқушылар арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру, әр сынып арасында ұйымшылдығы мен өнерін, ізденістерін арттыру. Сахыналық ұстанымын қалыптастырып, Өзін-өзі басқаруға шыңдау.
Бұл кездесуге мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д. Д. Толықбаев пен Алғашқы әскери жетекшісі С. Д. Сапаралиев қатысты. Сөз басында мектеп тәрбие ісі сөз сөйлеп, «Жас Ұлан» ұйымының алға қойған бағыттары мен ережелері және Өзін-өзі басқарудағы атқарылып жатқан жұмыстардың жүзеге асырудағы басты мақсаттарымен толықтай таныстырып өтті. Жалпыға міндет мектеп тәртібін де біліп жүріп есте сақтау және оны саналы түрде іске асыру сияқты мектебіміздің бір қатар заңдылықтарынан оқушылар хабардар болды. Кеңестік кездесу соңында ұйым мүшелігіндегі бір топ белсенділер еңбегңне қарай марапатталды.
Мақсаты: «Өзін-өзі» басқару ұйымын алға қою және ұйымның ережелерін сақтау мен оны жүзеге асыру.
Бұл үш кезеңдік «Биле-биле-2019» атты би байқауының жоспары мектеп директоры тарапынан бекітіліп, лездемеде 6-9 сынып жетекшілеріне байқаудың іс-шара жоспары толықтай түсіндіріліп, ережелері таныстырылды. Іс-шараға орай 10-сынып оқушылары «Жас Ұлан» ұйымының белсенділері Қонысбай Назерке, Тимофей Арай, Бекжанқызы Роза, Син Инесса сияқты оқушылар мектеп мәжілісін өз қиялдарынан толық әдемі етіп безендірді. Байқауға ауылымыздың кәсіпкері Садырұлы Әлихан ағамыз демеушілік жасап, бауқау жас көрермендер мен қатысушы ата-аналарға ұнап, жақсы деген бағасын берді. Үш кезеңнен тұратын байқау марапат шығыны ауыл жеке кәсіпкері мен мектеп Педагог-ұйымдастырушының қолдауымен 14.11.2019 жыл 6-7 сыныптар арасынан өткен бірінші байқауда Бас жүлде алған 7 «ә» сыныбы, сынып жетекшісі Момынкулова Лаура апайдың оқушылары әдемі биші мүсінінде бейнеленген алтын Кубок пен бағалы қабырға сағаты қолдарына табыс етілді. Қалған 1-ші, 2-ші, 3-ші орын алған командаларға да сылықтар үлестірілді. Ал 15.11.2019 жыл 8-9 сыныптар арасынан өкен екінші байқауда өз мәресіне жетіп, «Биле-биле-2019» би байқауында 9 «ә» сыныбы, сынып жетекшілері Балқыбаева Венера апайдың оқушылары көпшіліктің қолдауымен Бас жүлдеге жетіп, қолдарына салтанатты түрде «Биле-биле-2019» кубогы мен бағалы қабырға сағаты табыс етілді.
Байқаудың ережесі: 1-Ұлттық билер, 2-«Заманауи билер»,3-«Ретро музыкалық билер» (80-90 жылдарға породия)
Байқаудың мақсаты: Оқушылардың би өнеріне деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру, ұстамдылық қабілеттерін арттыру, оқушы арасындағы ынтымақтастықты нығайту.
Бұл апталық іс-шараның жоспары бекітіліп, жоспар бойынша 1-11 сынып оқушыларының бір ауыздан қатысуын қамтамасыз етіп, дайындығын жоғары дәрежеде қадағалау жөнінде лездемеде сынып жетекшілеріне таныстырылды. Атап айтар болсақ олар: «Елін сүйген, Елі сүйген Ел басы!!!» тақырыбында 1-4 сыныптар арасында сынып сағаттары; 1-Желтоқсан жалпы республикалық Тұңғыш Президент күніне арналған қабырға газеттерінің байқауы 5-7 сынып оқушылары арасында ІІІ қабат; Мектеп І қабаты яғни (Фойе) алдына мереке атауы ілініп, тақырыпқа сай безендіру жұмыстарына 8-сынып оқушылары мен сынып жетекшілері; Мектеп мәжіліс залын безендіру 10-сынып оқушылары мен сынып жетекшілеріне жүктелді; Ал жалпы концерттік бағдарлама 9-сынып оқушыларына берілсе, патриоттық рухта хор ұйымдастыру 11-сыныптарға табыс етілді. Бұл апталықта 8,9,10-сынып жетекшілері берілген жұмысты ойдағыдай атқарып, концерттік бағдарламаның салтанатты өтуіне едәуір үлестерін қосты.
Мақсаты: Оқушыларға Тұңғыш Президент туралы кең мағлұмат беру, талант иесі, құдіретті тұлға екенін келер ұрпаққа таныту. Елімізге еңсе тіктетіп, мемілекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, Алаш баласының абыройын асқақтатқан Ел басының кісілік келбетін меңгерту. Отанын құрметтеуге, Ел басынан үлгі алуға тәрбиелеу.
Бұл 10-сынып оқушыларының мерекеге орай сахынаны безендіру жұмыстары.
Тұңғыш Президент күніне орай, мектеп мәжіліс залында 8-11 сынып оқушылары арасынан салтанатты сап жиыны ант қабылдау түрінде өтті. 10-11 сынып оқушылары арасынан оқу озаты, олимпияда жеңімпаздары сияқты бір топ белсенді оқушылары «Жас Ұлан» ұйымының ережелері мен ерекшеліктері жөнінде баяндап, саптық жүріспен ортаға шығып, туға тағзым ету арқылы қанатты сөздер мен ант қабылдасты.
Мақсаты: Өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру болып табылады.
16-желтоқсан Тәуелсіздік мерекесі күніне орай Тәуелсіздік туралы кең мағлұмат беру. Ата-бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, өз Отанын сүюге, еліне қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстыру, жас ұрпақты тұлға болып қалыптастыру мақсатында апталық іс-шара жоспары мектеп ұжымымен ақылдаса келе директор тарапынан келісіліп, бекітілді.
Бұл айтулы апталықта атқарылған жұмыстар:
1-ші Фойе алдын мерекеге орай жан-жақты, әдемі етіп безендіру, калоналарға қанатты сөздер іліп, І қабатқа Тәуелсіздік жәйлі видео роликтер мен көрмелер қою арқылы көпшілік назарын аударту. Ол мектеп педагог-ұйымдастырушысы 10-сынып оқушыларынан құралған «Жас Ұлан» ұйымы, сынып жетекшілер;
2-ші «Тәуелсіздік-елімнің жарқын болашағы» атты тақырып аясында сынып сағаттары. 1-4 бастауыш сынып жетекшілері;
3-ші Мерекеге орай мектебіміздің ІІІ қабатына 5-8 сынып оқушылары арасынан қабырға газеттері байқауын өткізу;
4-ші Мерекеге орай көріністер ұйымдастыру 11-сынып оқушылары, жауапты сынып жетекшілер;
5-ші «Тәуелсіз елім-кең байтақ жерім». Спорттық жарыстар. (Волейбол, күрес, шахмат) жауапты дене шынықтыру бірлестігі.
Осындай жан-жақты құралған кең көлемді іс-шара жұмысы ұжымның ауызбіршілігі арқасында ойдағыдай атқарылып өтті. Бірден бір айта кететін жұмыстың бірегейі ол концерттік бағдарлама оның ішінде 11-сынып оқушыларының ерікті түрде ұйымдастырған тәуелсіздік жолында аянбай күрескен аға-әпкелерімізге арнап шығарған көрінісі мен Тәуелсіздік қарсаңында дене шынықтыру бірлестігінің жетекшісі Алимжанов Нүрсейіттің ұйымдастыруымен Валейболдан қыздар арасынан тартысты кездесу ұзаққа созылып, бұл ұйымдастырудағы жетекшінің жұмысы оқушыны қызықтыра түсіп, бүгінгі таңда команда құрамына қыздарымыз көптеп тартылуда.
Жаңа жыл мерекесіне орай «Жасыл шырша жанындағы оқиға» атты тақырыпта мектепішілік іс-шара 1-11 сыныптар арасын қамтитын, үш күнге жоспарланған кең көлемді жаңа бағдарлама мектеп ұжымымен таныстырылып, мектеп директоры тарапынан бекітілді. Жаңа жылдық шырша мерекесіне орай безендіру жұмыстарына мынандай мекеме қызметкерлері мен оқушылар атсалысты.
1-ші Мектептің алдын безендіру жұмыстарына (мектеп ер азаматтары)
2-ші І қабат (фойе) алдын безендіру жұмыстарына 9-сынып оқушылары мен сынып жетекшілері. Бұл жұмыстарда сынып жетекшілер ауызбіршілігін көрсетіп, жеке айта кететін 9 «ә» сынып жетекшісі Балқыбаева Венера өз қиялынан шыққан дүниелері шыршаға келген ата-ана мен арнайы қонақтарымыздың, бүлдіршіндерімізді ырзашылық пен іштей қуанышқа-шаттыққа бөледі.
3-ші Мұғалімдер бөлмесін безендіру жұмыстары. Бұл апта басында сынып жетекшілер мен оқушыларға кеңінен таныстырылып, хабар етілген болатын. 10-сынып жетекшілер ішінен Фазылова Т. М. өз сыныбындағы оқушылары алдында сыйлы екенін танытып, оқушы басын қосып, өзіне тиесілі жұмысын ойдағыдай атқарды.
4-ші Мерекенің ең негізгі жұмыстары ол мектеп спорт залы. Бұл спорт зал мерекеге орай, 11-сынып жетекшілері мен оқушыларына бірінші лездемеде таныстырылған болатын. Сынып жетекшілер ішінен негізгі жұмыстарға 11 «б» сынып жетекшісі Найзабекова Рима апай жанашырлық танытып, көптеп үлес қосқан ұстаздардың бірі. Ал жасыл шырша айналасындағы әдемі басты кейіпкерлерді сомтап, талапқа сай безендіруі мен бақытты бүлдіршіндер, көрермендердің көңіліне жол тартқан 11 «ә» ұлдары, 11 «а» қыздары болатын. Бірақ бұл ұйымшылдық оқушылардың мектебіміздің мәдени өміріне деген қызығушылықтарын білдіреді.
5-ші І қабат мектеп дәлізі (фойе мен спорт зал аралығы) бұл мерекеге орай 8-сынып оқушылары мен сынып жетекшілеріне жоспарлы түрде таныстырылды. Алайда сынып жетекшілер тарапынан жүйелі жұмыстар атқарылмай, 8 «а» сынып оқушылары ерікті түрде өз белсенділіктерін танытты.
Бұл Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 108 жылдық мерей тойына арналған апталық іс-шара жоспары құрылып, төмендегідей жұмыстар атқарылды.
1-Апталықтың ашылуын салтанатты түрде ашықтеп жариялап, Ұлы тұлғаның өмірі мен қоғамға сіңірген еңбектері жайлы толығырақ түсіндірілді. Мектеп мәжілісі безендіріліп, тақырып атауы жазылды.
2-Тақырып аясында бастауыш сынып аралығында Ұлы тұлға жайлы аудиожазбалар, слайд, естеліктер әзірленіп, барынша сынып жетекшілер тарапынан кең көлемді сынып сағаттары ұйымдастырылды.
3-Ұлы тұлғаға құрмет көрсетіп, «Жас Ұлан» белсенділері фойе алдына қанатты сөздер жазды.
4- Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың 108 жылдық мерей тойына арнап дене шынықтыру бірлестігі атынан Момынкулов Болат ағай, Алимжанов Нүрсейіт, Жанғазинов Мәлік, Мурзаева Мирамкүл апай сияқты ауызбіршілігі жарасқан бұл бірлестіктің жұмысы апталықты жандандыра түсті. Атап айтар болсақ: Момынкулов Болат ағайдың ұйымдастыруымен Ұлдар арасынан жолдастық кездесу. Алимжанов Нүрсейіттің алға қойған 7,8,9,10,11-сынып қыздары арасынан өткізген Валейбол спорты. Жанғазинов Мәліктің алға қойған қазақ күресі де айтарлықтай өз дәрежесінде палуандарымыз боз кілемде бақ сынасып, өнерлерін көрсетті. Бұл апталық өз дәрежесінде атқарылып, атсалысушылар мен сайыскерлер марапатталды.
Мақсаты: Ұлы тұлға, аса көрнекті мемілекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы Д. А. Қонаев туралы түсініктерін кеңейту, ел үшін еңбек етуге, халқына адал болуға, Ұлы тұлғаның ерліктері арқылы оқушыларды ұлтжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу болып табылады.
13-17 қаңтар аралығында «Қызықты үзіліс» бағдарламалық жобасы аясында «Көңілді 10-күндік» атты тақырыбында 5-8 сыныптар аралығында он күндік өткізілді. Бұл он күндікке 5-8 аралығында жоспар құрылып, 10-минуттық үзіліске не бір қызықты тиятралды қойылымдар, әзілдер, әр түрлі пәннен сергітерлік ойындар, эстетикалық қимылдар ұйымдастырылды. Соның бірі 8 «а» сынып оқушысы Ерғалиева Жұлдыздың үш пәннен ұйымдастырған қызықты интеллектуалды ойыны болатын. Бұл жоба аясындағы бір қатар жұмыстар нәтижесін беріп, оқушының назары мен қызығушылығын арттырды. Атап айтар болсақ пәнге деген сауаттылығы мен сахналық мәдениеттілігі дами түсті.
Мақсаты: жоба аясындағы жұмысты жан-жақты етіп дамыту, үзіліс уақытын тиімді етіп өткізу. Бастысы тәртіп пен ізденімпаздығын арттыру.
20-қаңтар «Өзін-өзі басқару» ұйымының жаңа Президенті мен министрлерін қайта тағайындау жөнінде «Жас Ұлан» ұйымының басым-бағыттары мен жалпы ережелері таныстырылып, ашық дауыс арқылы жаңа топ басшылары тағайындалды. Сайлау барысында ұйымның жаңа белсенді мүшелері жоғары басшылыққа тағайындалудағы мақсаттары мен көпшілікке өз бағдарламаларын ұсынды. Арнайы тағайындалған комиссия мүшелерінің шешімімен салтанатты ұлықтау рәсімі жалғасын тауып, жаңа көш басшы ант қабылдады.
Мақсаты: ХХІ-ғасыр азаматының бойында өркениетті өмірге талпынуға ата-баба дәстүрін жалғастыруға кіндік қаны тамған туған жерін, асқақтаған көк тулы Отанын сүюге, үлкен-кішіге мейрімді, ізетті, текті, дені сау жеке тұлға тәрбиелеу болып табылады.
31-қаңтар Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 175-жыл толуына орай, құрылған «Абай әлеміне саяхат» атты мектепішілік бағдарламалық жоба аясында «Ұлы даланың Ұлы Абайы» атты тақырыпта 6-7 сынып оқушылары арасынан үш кезеңдік байқау өткізілді.
Тақырыбы: «Ұлы даланың Ұлы Абайы» атты байқау.
Көрнекілігі: Тақырып атауы, Абай портреті, буклеттер, кітаптар көрмесі, слайд т,б.
Мақсаты: Әлемдік руханиятқа сарқылмас қазына қосқан ұлтымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының әдеби көркем еңбектерін ұрпақ танымына жеткізу.Ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, ақынның даналығын, рухани асыл-мұраларын насихаттап, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу.Абайдың рухани әлемін рухтандыру. Көркем сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу. Қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау, дана ақын Абай Құнанбайұлының ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы мәнерлеп жатқа айтуға, поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, танымын кеңейту.
Байқаудың ережесі:
1-кезең Абай өмірбаяны (Сұрақ-жауап)
2-кезең Абай өлеңдері ( мәнерлеп оқу)
3-кезең Абайдың 45-қара сөзінен бір ғана қара сөзін айтып, мағынасын ашу.
Байқау жоспары тәрбие ісі жөніндегі орынбасарымен келісіліп, мектеп директоры тарапынан бекітілді. Байқауға төрешілік арнайы тағайындалған әділқазы алқалары арқылы шешімін тауып, өз мәресінде тартысты өтті. Іс-шара соңында мектеп педагог-ұйымдастырушысы сөз сөйлеп, Ұлы даланың Дара тұлғасы жөнінде кеңінен баяндады. Салтанатты марапаттау кезінде топ ішінен суырылып шыққан 6 «а» сынып оқушысы Бекзатқызы Назеркенің қолына төрт мың теңге көлемінде бағалы сыйлық пен бас жүлде мақтау қағазы табыс етілді. Ал 6 «а» сынып оқушысы Ерланқызы Сымбат І орынға тұрақтап, мақтау қағазы мен бағалы сыйлық табыс етілді. Сондай-ақ ІІ, ІІІ орын иелеріде ырзашылығын білдірді. Жалпы бұл байқау жұмысы оқушыларға Абай жөнінде кең мағлұмат беріп, қызығушылығы мен сахналық ұстанымдарын шыңдай түсті.
29-қаңтар Ата-аналардың психологиялық, педагогикалық, құқықтық сауаттылығын арттыру мектеппен ынтымақтастықты, байланысты нығайту, отбасы мен мектеп жұмысының моделін жасау мақсатында «Денім сау болсын десең» атты тақырыпта өткен спорттық сайыс өткізілді.
Спорттық сайыстың іс-шара жоспары құрылып, бастауыш бірлестік жетекшілерімен таныстырылды. Сынып жетекшілер тарапынан ата-анамен жоспарлы жұмыс таныстырылып, сайысқа ата-ана атсалысты. Бұл жоспарлы жұмыс спорттың бірнеше түрінен атқарылып, мектеп пен ата-ана жұмысын едәуір жақсарта түсті. Бұл жұмысқа дене шынықтыру бірлестігі белсене атсалысып, өз тәжірибелерін ортаға салды.
Мақсаты: Ата-аналардың психологиялық, педагогикалық, құқықтық сауаттылығын арттыру мектеппен ынтымақтастықты, байланысты нығайту, отбасы мен мектеп жұмысының моделін жасау болып табылады.
Ұлы ақын Абай Құнанбаевтың туғанына 175-жыл толуына орай, құрылған «Абай әлеміне саяхат» атты мектепішілік бағдарламалық жоба аясында «Абай мұрасы және қазіргі заманғы Қазақстан» атты тақырыпта 7-8 сынып оқушылары аралығында кең көлемде дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде Абай мұралары жайлы, салт-дәстүр, әдеп-ғұрып және қазіргі Қазақстан жайлы кең талқыланып, оқушыларға мол мағлұмат берілді. Оқушылар өз ойларын ашық айтып, көкейдегі сұрақтарына қанағаттанарлықтай жауаптарын тапты. Бұл дөңгелек үстелде Абайдың заманы мен жалпы әлемі, ұлттық санамызды жаңғырту мақсатын жастарға кеңінен баяндалды.
Мақсаты: Қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау, дана ақын Абай Құнанбайұлының ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, оқу дағдысын жетілдіре отырып, танымын кеңейту. Абайды барынша танытып жастардың бойына талантын сіңіру.
Тақырыбы: «Мейірімге бастар жол»
Көрнекілігі: мектеп алды фойені безендіру, плакаттар, тақырыптар т,б.
Мақсаты: Оқушылар бойында Отансүйгіштіктің жоғары руханилығын қалыптастыру, адамгершілік-рухани қасиеттерді тәрбиелеу болып табылады.
Бұл он күндікке 1-11 сынып оқушылары толық қатысып, 11-сынып оқушылары арасында ізеттілік көрсету мақсатында бір қатар жұмыстар жалғасын тауып, айтулы он күндік фестиваль, тәрбие сағаттары, қайрымдылық акциялар мен мейрімділік пен қайрымды істерге толы тәрбиелік маңызы зор іс-шаралар болып өтті.
14-ақпан Жыр дүлділі, ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай 6,7,8-сынып оқушылары арасынан 4-кезеңдік «Мұқағали Мақатаев-поэзия тұлпары» атты тақырыбында Мүшәйрада өткізілді.Бұл мүшәйра жоспары мектеп басшылығымен келісіліп, бекітілді. Іс-шараға 6,7,8-сынып жетекшілері ырзашылықпен белсене атсалысты. 4-кезеңнен тұратын Мүшәйраға оқушыларымыз қатысуда жоғары көрсеткіш көрсетіп, жалпы әдебиетке деген сүйіспеншіліктерін байқатты. Әділқазы алқаларымен ақылдаса келе қалған қатысушыларды да ынталандыруды жөн көріп, қатысушылар толықтай марапатталып өтті.
Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіруге, рухани танымын кеңейтуге ықпал ету.
Көрнекілігі: Мұқағали портреті, кітаптар, буклет, слайд, сыр сандық.
Мүшәйраның шарттары: Әр сыныптан екі оқушыдан қатыса алады.
1. «Айтып өткен ақында арман барма?» Бұл айдарда үміткер М. Мақатаевтың шығармашылығынан өздері жатқа білетін өлеңдерін мәнерлеп оқиды. 2. М. Мақатаевтың поэмаларынан үзінді жатқа айту. 3. «Сыр сандықты ашып қара, Ашып қара сырласым» бұл айдарда үміткер конвертте берілген Мұқағали өлеңдерінің шумақтары бойынша тақырыптың мазмұны мен идеясын ашады. Өлең өзегіндегі ой желісімен сөйлейді. Мұнда оқушының шешендігі, ой жүйелілігі, ұтымды жауабы ескеріледі. 4. «Мұқағали мұрасын кім көп біледі?» Мұқағалидың өмір баяны бойынша 1 минутта 10 сұраққа жауап береді, әрі оның қаншасы дұрыс екендігі ескеріледі. Әр дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі. Әділқазылар: арнайы тағайындалған әділ қазы алқаларына жүктелді. Атап айтар болсақ: Көсембаева Г, Сауранбаева А, Өнербекова С. Бұл ұстаздар өздеріне қойылған міндеттерін әділ әрі көпшілік көңілінен шықты.
Мүшәйраның жеңімпаздары Бас жүлде, І орын, ІІ орын, ІІІ орын болып салтанатты түрде қолдарына бағалы сыйлықтарымен табыс етілді.
12-ақпан Жыр дүлділі, ғасыр ақыны атанған Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай, 5,7,8-сынып оқушылары арасынан «Шахмат шалымдылар сайысы» атты шахмат спортынан мектепішілік сайыс өтті. Бұл іс-шара жоспары апталыққа негізделіп құрылған болатын. 5-8 аралығынан мықты шалымшылар іріктеліп, Мира Мурзаеваның жетекшілігімен мықтылар арасынан сайыс өтті. Сайыс тартысты да қызықты өтіп, оқушылар еңбегіне қарай марапатталды.
Шахмат ойынының мақсаты: Шахматқа деген қызығушылықтарын арттыру, оның негізгі ережелерін толық меңгерту, шахмат ойынының шығу тарихынан мәлімет беру, тақтасының құрылымы, таңбалануы туралы білім беру, оқушылардың математикалық ойлау қабілетін арттыру, оларға қолайлы жағдай жасау.
Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай, «Жас Ұлан» ұйымының спорт министрі Рашитқызы Балнұрдың ұйымдастыруымен 9-11сынып ұлдары мен қыздары арасынан «Біз салауатты өмір сүреміз!» атты жолдастық кездесу апталық жоспар аясында құрылып, мектеп басшылығымен бекітілді. Кең ауқымды қыздар мен ұлдар арасынан жолдастық кездесу бір неше командаға бөлініп, бұл министрдің ұйымдастырушылығы жоғары деп бағаланып, жастарымыздың спортқа деген ынтасын арттыра түсті. Командалар алдында бірлестік жетекшісі сөз сөйлеп, Салауатты өмір жайлы баяндап, ұл-қыздарымыздың ерік жігерін қайрады. Бұл кездесу өз мәресіне жетіп, командалар бойынша марапатталып өтті.
Мақсаты: Спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, Салауатты өмір салты туралы білімдерін арттыру. Денсаулық өмірдің тірегі екендігін түсіндіру. Зиянды заттардан аулақ болуға үйрету.
Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай, 6 «а» сынып оқушылары «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері Ерлан Сымбат, Ерболхан Махаббат, Қожахан Сабина, Әлімбек Аяжан Нұрболатқызы сияқты белсенді қыздарымыздың ұйымдастыруымен 3-сынып оқушылары арасынан «Мұқағали-мәңгілік ғұмыр» атты Интеллектуалды 4-кезеңдік сайыстың іс-шара жоспары басшылықпен құрылып, сынып жетекшілеріне таныстырылды. Сайысқа оқушының қызығушылығы мен қатысудағы белсенділіктері жоғары екендіктерін байқатты. Үш сыныпта да команда атауы беріліп, әділқазылар тарапынан анықталып, командалардың жан-жақты ізденгендігі мен бастауыш жетекшілерінің балаға дәріс беруде ерекше зейін қоятындығын оқушының құлшынысынан аңғартты. Әділқазылар достықты ту еткізіп, бағалы сыйлықтар мен мақтау марапаттарын тең дәрежеде салтанатты түрде қолдарына табыстады.
Мақсаты:
-Білімділік: оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру,
-Дамытушылық: ізденімпаздық, ұйымдастырушылық қабілетін дамыту.
-Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеу.
-Көрнекілігі: безендірілген зал, нақыл сөздер, слайдтар, логикалық сұрақтар, әр топқа даярланған үстелдер.
21-ақпан «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала аясында «Туған жер» идеясын негізге ала отырып, Жетісудің бас редакторы Оспанхан Жұматай ақын мен аулымыздың жаста болса мақтанышына айналған Мұхтар Күмісбекпен арнайы өткен дөңгелек үстелде тәрбиелік маңызы зор кең көлемді 8,9,10,11-сыныптар арасынан дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелде Рухани жаңғыру бағдарламалық мақала аясында ашық әңгіме өрбіді. От басы тәрбие жайында кең тоқталып, екі ақын өнегелік сөздерін тиек ете жастардың санасына ұлттық тәрбиенің маңыздылығын, салт-дәстүрді ұстану керектігін ашып айтты.
Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін, тілін, дінін, ділін тарихын білуге тәрбиелеу. Эстетикалық, патриоттық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын оқушылар тәрбиелеу. Болашақта өз алдына тұлға болып қалыптасуына ықпал жасау.
1 наурыз Ризашылық күніне орай, құрылған «Алғыс айту-игілік сыйлау» атты апталық акция ұйымдастырылды.
Акцияның тәрбиелік мақсаты: Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне жасаған істеріне жоғары баға беруге үйрету.
Көрнекілігі: трансляциялау, еріктілер арасынан алғы сөздер әзірлеу, бір келкі форма кию, құрал-сайман.
Акцияның аясында апталық жоспар бойынша атқарған жұмыстар:
1-наурыз Ризашылық күні «Алғыс айту-игілік сыйлау» акциясы.
(Апталық ішінде зейнеттегі қарт ұстаздарға, әлеуметтік жағдайы шектеулі жалғыз басты аналарға алғыс айтып, тілек білдіру. Тұрмыстық жағдайына қол ұшын беру. ) Жауаптылар: «Адал Ұрпақ» еріктілер клубы,Сынып жетекшілер.
1) 8 «а» Сауранбаева З. А. 03.03.2020 2) 8 «ә» Нәдірбекова Э. Н. 04.03.2020 3) 8 «б» Түменбаева С. Н. 05.03.2020 4) 8 «в» Войцеховская З. А. 06.03.2020 Бұл апталық ішінде еріктілерден құралған белсенді топ пен сынып жетекшілер зейнеттегі қарт ұстаздарға арнайы барып, тұрмыстық жағдайларына көмек қол ұшын беріп, өнеге боларлықтай нәтижелі жұмыстар атқарды.
«Елім саған мың алғыс» тақырыбында видео жолдау. 5-сынып оқушылары арасынан. (Сапалы видео жолдау, әр сыныптан белсенді бір оқушы жолдайды) Жауаптылар:
5 «а» Байшымырова Т. Б. Сапалы видео жолдау өз нәтижесінде атқарды.
5 «ә» Тустикбаева Г. С. Жұмысты уақытылы орындап, алғы сөздер жолдады.
5 «б» Смагулова Қ. Ж. Ешқандай жұмыстар атқарған жоқ.
5 «в» Жылысбаева М. Б. Ұйымдастырушылық жоқ, тапсырманы орындаған жоқ.
12-13.03.2020 ж 6-7 және 8-9 сыныптар арасынан «Қыз қылығымен көрікті! Көктем аруы-2020» атты қыз балалардың бойына Ұлттық құндылықтарды барынша сіңіру мақсатында мектепішілік қыз сыны байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты:
Қыз балалырдың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт-дәстүріне байланысты әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тәрбиелеу.
Байқаудың ережесі: Сайысымыздың шарты бойынша қыздар өз нөмірлерін алып, көрсетеді. Сайысымыз 5- турдан тұрады. Байқаудың шарттары төмендегідей:
1. «Мен қазақтың қызымын» таныстыру (қатысушылар өздерін қара сөзбен, өлеңмен, әнмен таныстырады)
2. «Өнер» (Ән айту, би билеу, күй тарту, мәнерлеп оқу)
3. «Сұлулық сыры» (Музыка ырғағымен сәндік киім үлгісін көрсету)
4. «Зерделінің ойы озық» (Сұрақтарға жауап беру)
5. «Қыз еркем – кестесімен көркем» (Әр қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді)
Байқауға төрешілік: Жеңімпаздарды анықтау арнайы тағайындалған әділ-қазы алқаларына жүктеледі. Басты әділ қазы; қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Көсембаева Гүлзәт апай, «Қызғалдақ қыздар» ұйымының жетекшісі Мырқасымова Алия, тарих пән мұғалімі Әбденбаев Болат Шайсұлтанұлы, мектеп кітапханашысы Өнербекова Света.
Бұл дүбірлі қыз сыны екі күнді қамтыды, 6-9 аралығын қамтыған бұл байқау заманауй әзірлеме жұмыстары мен жүйелі ережелерімен көпшілікке ұнап, жақсы деген бағасын берді. Байқауға келген қатысушыларға толықтай мақтау қағаздары мен бағалы сыйлықтар салтанатты түрде табыс етілді. Байқаудың шешуші кезеңіне де жетіп, топ ішінен сымбатына көркі сай, өзі сөзшең әрі өнерлі қазақ қызына тән имандылық пен әдептілік, сыпайылықты ту еткен Сағынгелді Аружан Төлешқызы «Көктем аруы-2020» бас жүлдесін иелік етті.
8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне орай, «Ана гүл, ана-өмір шуағы» атты тақырыбында ұл балаларды «Рухани адамгершілік» тәрбие беру және жігітке тән жеті қасиетті бойларына сіңіру мақсатында өткен салтанатты іс-шарада атқарған жұмыстар
Мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай орасаң зор екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.
№ Атқарылатын жұмыстар Мерзімі Жауапты1 Мұғалімдер бөлмесі:Тақырып ілу, тосын сый жасап, барша әйел қауымына тілектер жазып, жақсы көңіл-күй, қуаныш сыйлау. 05.03.2020Сағат 9:00 10-сынып ұлдарыСынып жетекшілер
2 Мектеп мәжіліс залы:Концерттік бағдарлама, алғы сөздер, фуршет, арнайы шақыру билеттері. 11-сынып Жетекшілері11-сынып ұлдары
3 «Ана деп көркем жыр төккен, Армысың, ару, нұр көктем»Мерекеге орай, мектеп мәжіліс залына 9,10,11-сынып қыздарын салтанатты түрде қошеметпен күтіп алу, әсерлі кеш ұйымдастыру. (Талапқа сай безендіру, әзілдер мен қызыққа толы ойындар ұйымдастыру) 06.03.2020Сағат 18:00 9,10,11-сынып ұлдары
Сынып жетекшілер
4 «Ана гүл, ана-өмір шуағы» атты тақырыбында ата-аналармен тығыз ынтымақтастықты қалыптастыру мақсатында ашық сынып сағаттарын ұйымдастыру 02-06.03.2020 аралығы 1-8 аралығындағы сынып жетекшілер.Бұл салтанатты апталық іс-шараға «Жас Ұлан» ұлдары, «Адал Ұрпақ» еріктілерінен құралған мектеп клубының белсенді бір топ мүшелері белсене атсалысты. Ұстаздарымызға мерекелік концерттер мен қыздарымызға әдемі кештер ұйымдастырып, ұлдарымыз мен мұндалаған гүл шоқтары, көз тартар фуршеттер тарту етіп, ұжымның ыстық ырзашылығына бөленді.
1-сәуірден мамыр аралығын қамтыған Жалпы Республикалық «Біз біргеміз» акциясы аясында оқушы мен сынып жетекшілер тарапынан видео жолдаулар, мектеп әкімшілігі бастамасымен құрылған әлеуметтік жағдайы шектеулі аз қамтылған және көп балалы от басына арнайы қайрымдылық істер ұйымдастырылды. Бұл жұмыстар Қазақстан Республикасы халқының қауыпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдай жариялануына орай, қашықтықтан және арнайы қайрымды істерге құрылған белсенді мүшелер атқарды.
Мақсаты: «Біз біргеміз»Акциялық жоба аясында ұжым болып, қолдау көрсетіп, қиын жағдайда ауызбіршілікті арттыру және де көптеген әлеуметтік жағынан қолдаулар мен қайрымды істер атқарып, қоғам назарын аудару.
10-сәуір «Қашықтықтан оқыту-оқушылар мен ата-аналар үшін жаңа тәжірибе» атты веб-конференция форматында жиналыс өткізілді.
«Қашықтықтан оқыту-оқушылар мен ата-аналар үшін жаңа тәжірибе» атты жиналыс үш аусымды қамтып, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының қатысуымен карантин жағдайындағы қашықтықтан оқытудын тиімді жақтары мен кей мәселелерде қиындық көрсететін тұстары да сөз етіліп, оқушы мен ата-анаға кеңінен мағлұматтар берілді. Бұл жиналыста ата-анамен тікелей байланыс болғандықтан еліміздегі белең алған індетке қарсы «Короновирустан қалай сақтану керек?», Коронавирустың таралуының алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары болып өтті. Оның сыртында көшеде жүрмеу, карантин жағдайында тиімді істермен айналысу және сақтық шараларын үнемі қолға алу сияқты бір қатар мәселелер сөз етілді.
Мақсаты: Білім берудің заманауи әдісі ол қашықтықтан білім беру. Білім жүйесінде дұрыс бағыт-бағдар беру. Бастысы ата-ананың назарын аударып, оқушылардың ынтасын ояту.
23-сәуір Қазақстан Республикасы хал қауыпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдай жариялануына орай, қашықтықтан «Мен қашықтықтан қалай оқи алам?» атты 1-11 сынып оқушыларымен веб-конференция форматында жиналыс өткізілді. Бұл жүйе Қазақстан -2030 стратегиясылық бағдарламасында басым бағыттары айқын көрсетілген еді. Елімізде орын алған төтенше жағдайға байланысты бұл әрекет біздің білім ордасында қарқынды, әрі нәтижелі жұмысқа ұласты. Осы орайда арнайы интернет-флатформалары «Daryn onlin», “Bilimland» арқылы өткізіліп жатқан сабақтардың берері мол. Осы жөнінде қашықтықтан оқытуда өз білімдерін терең жетілдіретіндігі және дара оқитындығы, тапсырмаларды терең түсініп орындауға мүмкіндік алатындығы кеңінен сөз етілді. Оның сыртында қашықтықтан ұйымдастырылып жатқан тәрбиелік жұмыстарға да оқушының уақыт тауып, ізденуіне қолайлы екендігі түсіндірілді.
Мақсаты: Білім жүйесіндегі стратегиясылық басым бағыттарды жүйелі етіп іске асыру, басты мақсат оқушылардың ынтасын ояту болып табылады.
1-мамыр Бірлік, Ынтымақ күніне орай «Достық-біздің тірегіміз» атты 1-11-сыныптар аралығында қашықтықтан тәрбие сағаты өткізілді. Мектеп әкімшілігі тарапынан берілген тапсырма толық әрі жоғары дәрежеде орындалды.
Ұлы жеңістің 75 жылдығына орай, жер-жерде жарияланып жатқан төтенше жағдайға байланысты өңіріміздің қауыпсіздігін сақтау мақсатында, ата-бабамыздың ерлігін өскелең ұрпаққа кеңінен насихаттау және дәріптеу мақсатында сан түрлі видео жолдаулар, құттықтау сөздер мен челлендж ұйымдастырылды. Бұл он күндікке жоспарланған қашықтықтан өткен жұмыстар барысында сынып жетекшілер мен оқушылар арасындағы жұмыстар оң нәтижесін беріп, мектеп әкімшілігінің нұсқауымен әлеуметтік желілерде өз оқырмандарының қызығушылығын арттырып, мектеп парақшасының дәрежесін көтерді.
Мақсаты: Ұлы Отан соғысы кезіндегі майдангер ата-баба ерлігін барынша дәріптеп, барша қауымның осы тыныш заманға шүкіршілігін ұстанып, Ел жандылық қасиеттері мен Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
16-мамыр Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жаңа COVID-19 короновирусын пандемия деп жариялауына байланысты Қазақстан Республикасы халқының қауыпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төтенше жағдай жариялануына орай, қашықтықтан атқарған жұмыстар
Мақсаты: Қауіпті індеттің таралып кетуін тоқтату және оның алдын алу. Сондай-ақ, өңірімізде адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау, карантин режімін қатаң бақылауда ұстау. Короновирустың өңірде таралуына жол бермеу мақсатында эпидемияға қарсы алдын алу іс-шараларының кешенді жоспарын онлайн жүзінде қашықтықтан жүзеге асыру.
Іс-шараның тақырыбы: «Короновирустан қалай сақтану керек?»
Бұл іс-шара жоспары қашықтықтан «Жас Ұлан» ұйымы яғни 5-10 сынып оқушылары аралығында белсенді ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ карантин кезінде сақтық шаралары жайлы челлендж жолдау. Тазалық сақтау, көпшілік жүрген жерге көп бармау, дезинфекция құралдарын пайдалану, бетпердені 2-3 сағат сайын ауыстырып тұру, т,б сақтық шаралары жөнінде сапалы видео жолдау сияқты белсенді жұмыстар атқарылды. Бұл жоспарлы жұмыстар нәтижесін беріп, мектеп әлеуметтік парақшаларында барынша жарияланды.
25-мамырда соңғы қоңырау шарасы онлайн түрде 1-10-сыныптар аралығында өтті. Мектеп әкімшілігі тарапынан құттықтау видеолар жолданды. Бұл шараны әр сынып жетекші өзі ұйымдастырып, жыл қорытындысы сол жерде айтылып, сынып сағаттары өткізілді.
Психологиялық қызмет көрсету кабинетінің жүргізген жұмыстары
№1 Жамбыл атындағы орта мектебінде психологиялық қызмет кабинеті жұмыс атқарады. Екі психолог жұмыс істейді. 2019 - 2020 оқу жылына жылдық жоспар құрылып сол бойынша жұмыс атқарылуда.
№1 Жамбыл атындағы орта мектебінде психологиялық қызмет көрсету кабинеті 5 бағыт бойынша жұмыс атқарады.
Психологиялық қызметтің мақсаты: Білім алушылардың психологиялық денсаулығын сақтау, қолоайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау және білім беру үдерісіне қатысушыларға психологиялық қолдау көрсету.
Жоспар бойынша қыркүйек айында 1-сынып оқушыларының мектепке бейімделуі.
Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының,мектептегі оқуға бейімделудегі қиыншылықтар мен зерттеу нәтижелері мен таныстыру ,ұсыныс ақыл кеңестер беру:
Жалпы 1 сыныпта -51 оқушы бар.
Сынып жетекшілері,1 «А» сыныбы-К.Дүйсенбекова,1 «Ә» сыныбы-М.Сатова,1 «Б» сыныбы-О.Исаева.Үш сынып жетекші де жаңартылған бағдарлама бойынша курстан өткен.
Мектепке алғаш келу кезеңі,баланың жаңа жағдайға әлеуметтік –психологиялық бейімделу кезеңі.Оқушының 1 сыныпқа бейімделуі денсаулық жағдайына,өмірдің өзгерген шарттарына байланысты.Мектепке бейімделу әркімде әр түрлі жүреді.Балалар тобын жеңіл бейі,ауыр,қиын бейімделу деп бөлінеді. Бейімделудің барлық үш формаларының ұзақтығы шамамен 5-6 апта ,бұл кезең 10-15 қазанға дейін созылады,ал ең қиыны бірінші-төртінші апталар болып табылады. Жеңіл бейімделуде бала ағзасының функциялары жүйесінің жағдайы І тоқсан мерзімінде дұрысталады.Орташа ауыртпашылықты бейімделуде денсаулығының және көңіл-күйінің бұзылуы І жарты жылдықта байқалуы мүмкін.Кейбір балаларда мектепке бейімделу ауыр,қиын өтеді.Мұнда денсаулық жағдайының бұзылуы оқу жылының басынан аяғына дейін созылады.
Алғаш мектепке келген оқушыда кездесетін қиыншылықтар :
-ерте тұру,сабақтан кешікпеу, сабақ үстінде тыныш отыру ,сабақты ынта болып табыладымделу мен тыңдау;
-мұғалімнің өзіне тән психологиясына үйрене алмау;
Бастауыш сыныптың алғашқы кезеңінде кейбір оқушылар үшін ,әсіресе үй жағдайында және балалар бақшасында оқуға дайындықпен келген балалар үшін оқу талаптарының тым жеңіл болып,оқушыны жалықтыруы.
-балалардың жасқанып,ұялып ,өз сыныптастарымен қарым –қатынасты болмауы,т.б
Баланың мектепте әлеуметтік-психологиялық бейімделуінің шарттары:
-баланың әлеуметтік рөлі өзгереді ;
-мектепке дейінгі баладан ол оқушыға айналады;
-әлеуметтік қоғамның мүшесі болады;
-бала-бақшадағы ересек шақтан ,метептегі ең кішкентай балаға аналады;
-жетекші іс-әрекеті ауыссады (ойын-оқу)
Осы өзгерістердің барлығы бірдей 1 сынып оқушысына қиынболып көрінеді.
Бейімделудің табысты болуы,баланің өз орынын сыныптатастарының арасында нығайта білуіне байланысты.
1- сынып оқушыларынан балалардың мектептегі оқуға психологиялық дайындығын диагностикалау мақсатында Керн-Йирасек тесті алынды.
Берілген графикалық тестің 3 тапсырмасы қол қимылының және көруінің дамуын анықтауға бағытталған. Бұл іскерліктер мектепке жазуға қажет.
Әр тапсырманың нәтижесі 5 ұпайлық жүйемен бағаланды /1-жоғары, 5 төмен/. Содан кейін 3 тапсырма бойынша ұпайлар қосындысы есептелініп, жалпы саны шығарылды. 3 тапсырма бойынша 3-6 ұпай аралығында ұпай алса-ортадан жоғары, 7-11 орташа, 12-15 нормадан төмен деген қорытынды шығарылды.
Осы алынған тестің нәтижесінде
Сыныбы 1 «А» 1 «Ә» 1 «Б»Оқушы саны 19 20 12Қатыспағаны - - -Жақсы 12 6 9Орташа 5 11 7Нормадан төмен 4 4 3Тесттің қорытындысы бойынша төменгі көрсеткіш көрсеткен оқушылар:
1 «А» сыныбында «Нормадан төмен»- 2 оқушы,олар: Нұрмұхамбет Аяжан, Сартай Қасымжомарт.
1 «Ә» сыныбында «Нормадан төмен» 3 оқушы, олар: Мәкен Ерасыл,Махмед Кәусар,Тасқали Ерболат.
1 «Б» сыныбында «Нормадан төмен» 1 оқушы, олар: Мацуева Елизавета.
Оқушылардың бейімделуін зерттеу барысында сабақтарға қатыстым.Сабақ кезінде байқағаным,оқушылар мұғалымдерді тыңдайды,тапсырмаларды мұғалімнің нұсқауы бойынша орындай алады.Оқу мотиватциясы –барлығының мектепте оқығысы келеді,бейімделуі күрделі жүріп жатқан оқушыларды да байқауға болады. 1 «А»сыныбында Нұрмұхамбет Аяжан,Сартай Қасымжомарт. 1 «Ә» сыныбында Жайлау Асылхан ,Тасқали Ерболат.1 «Б» сыныбында Мацуева Елизавета. Бұл оқушылардың сабаққа қызығушылықтары төмен,сұрақ қойсаң жауап беруге қиналады. Оқушылардың ішкі жан дүниесін ашуға және өзін еркін сезіну үшін ,бір-бірімен жақсы қарым-қатынас орнату үшін түрлі психологиялық жаттығулар жасалды.Олар «Кел, танысайық!», «Алақай, мен оқушымын!», «Менің көңіл-күйім» т.б.Бұл жаттығулар кезінде оқушылар өздерін еркін сезініп,көңіл-күйлері көтеріліп сыныпта жақсы ахуал орнады.
Ұсыныс:
1.Сынып жетекшілеріне сыныптағы балалардың сынып ұжымында ауызбіршілік,татулық әлі де болса әлсіз екендігін ескерте отырып,сынып оқушыларымен достық ,бірлік тақырыптарында тәрбие сағаттары мен ойындар өткізіп отыру тапсырылады.
2.Сыныптағы қабылдауы төмен оқушылары мен дамыту жұмыстарын жүргізу пән мұғалімдеріне ескертілсін.
Қыркүйек айының 19-20 аралығында 8-11 сынып оқушылар арасында Суицидке бейімділікті анықтау мақсатында (СБА әдістемесі алынды). Жабық түрінде 133 оқушы қатысты. Алынған әдістеме бойынша күйзелістік жағдайға деген бейімділіктің жоғары деңгейі мен жоғары невротизациялық белгілер байкалмады . күйзелістік жағдайға деген бейімділік орташа деңгейі анықталды ,бірақ бұл суицидке бейімділікті білдірмейді.
Қыркүйек айында М.Фергюсон мен Д.Расселдің жалғыздық сезімін анықтау әдістемесі алынды. 5-7-8-11 сынып оқушылар арасында алынды.
Қатысқан оқушы саны 265 оқушы. Сауалнама қорытындысы бойынша: 20 ұпайдан 40 ұпай аралығы орташа деңгей 1,5% көрсетілді. Орташа деңгей көрсеткен оқушылар .Олар:8ә сынып Байкәрім Ә 31 ұпай ,6ә сынып Тұрарбек А. 36 ұпай ,7 в сынып Савченко О 31 ұпай. 0 ұпайдан - 20 ұпайға дейінгі төменгі деңгей 97% . Жалпы сауалнама қорытындысы бойынша жоғарғы жалғыздық деңгейі көрсетілген жоқ.
Ұсыныс: Сынып жетекшілер орта деңгей көрсеткен оқушылармен қызығушылықтарын арттыру мақсатында іс- шараларға тарту.
Қазан айында 7-8-11 сынып оқушыларынан К.Хек және Х.Хестің неврозды жедел диагностикалау әдістемесі алынды .Бұл әдістемеде жалпы жоғары невроз байқалған жоқ. Оқушылар төменгі ұпай жинады. Оқушылар өз өздеріне сенімді, өмірге бейім шыдамды. Жоғарғы невроз кездескен жоқ.
5-сынып оқушыларының орта буынға бейімделуі
Бейімделу / адаптация/ дегеніміз оқушының қоршаған және жаңа ортаға үйренуі, қалыптасуы.
Мақсаты: Оқушылардың орта буынға бейімделудегі қиыншылықтар мен зерттеу нәтижелерімен таныстыру.
Оқушылардың бастауыш буыннан орта буынға көшкен кезеңін бейімделі кезеңі дейміз. Өйткені олардың пән мұғалімдері өзгереді, жаңа пәндер қосылады, жаңа сынып жетекшісі болады, оқу бағдарламасы күрделене түседі. Осының барлығы баланың жан дүниесіне әртүрлі психологиялық жүк түсіреді де, оқушылардың бойында ортақ мәселелер пайда болады. Балалардың мінезі өзгереді, тез шаршайды, көңіл- күйлері бұзылғыш келеді, оқу үлгерімдері төмендейді. Сондықтан осы ауыспалы кезеңдегі балада кездесетін сәтсіздіктерді болдырмаудың жолын іздестіру мақсатында жұмыстар жүргізілді. Психологиялық тұрғыдан қарастырылған салалар:
Баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасы,оқу үлгерімі, жаңа пәндерге бейімделуі,жаңа сынып жетекшімен, сыныпта бір-бірімен қарым қатынасы. оқу мотивациясы.
№1 Жамбыл атындағы орта мектебінде биыл төрт бесінші сынып бар.
5а сыныбында 23 оқушы
5ә сыныбында 22 оқушы
5 б сыныбында 20 оқушы
5в сыныбында 12 оқушы
Сыныптың әлеуметтік жағдайына келсек 5 а сыныбында көп балалы отбасы: Болатқызы Г, Құрағұл Ж, Рашидқызы А, Тезекбай С,Тұрсын А
Аз қамтылған: Мұхтарұлы Е Жартылай жетім анасыз: Рашидұлы Р
Әкесі жоқ: Ахметқали І, Жеңіс Қ
5 ә сыныбында көп балалы отбасы: Ахметқызы Г, Серікқұл С, Серікқұл Е, Қайнарбек Е, Нұрмуханбет Ж Анасы жоқ: Қазақбай Ә
5 б сыныбында көп балалы отбасы: Болат Н, Бекмұрат Р, Жайлау Е, Манат А,Уәли Ж,Утебек З. Әкесі жоқ Дүйсенбеков М, Утебек З
5в сыныбында көп балалы, аз қамтылған: Апенков Ю, Гришатов Н, Клименко Г, Лидке И, Михайлов А, Михайлова С, Ткаличева Е. Әкесі жоқ Гринке Д, Гришатов Н
Әлеуметтік жағдайлары туралы
Сынып Көп балалы Аз қамтылған Анасы жоқ Әкесі жоқ5а 22% 4% 4% 9%5ә 21% 4% 5б 27% 9%5в 58% 16%
5 –сынып оқушыларының оқу үдерісіне бейімделуін анықтау. 5а сыныбы қатысқан оқушы саны:22
Мектепке қандай көңіл күймен келесің?
Сабақ оқымағандықтан, сабаққа қорқып келемін Ықыласпен келемін 42%Жаңа достармен кездесеміз деп қуанышпен келемін 9%Жаңа білім білім алам деп құштарлықпен келемін 47%2 Мектепке келген кезде қандай сезімде боласың?
Қуаныш 57%Сенімді 30%Үй тапсырмасын орындағанда қанша уақыт кетеді?
1 сағ 2 сағ 3 сағ57% 23% Сөйлемді аяқта
Менің сынып жетекшім
Мейрімді Әдемі Білімді Қатты ұнайды28% 23% 9% 9%Менің сыныбым
Маған ұнайды
Отбасы Достар 5 сын оқыған сабақ25% 30% 25% 25%Оқу мотивациясын анықтау
Нұсқау:Бақбақ гүлінің суретін салып, әрбір күлтелеріне өтілетін сабақтарды жазыңдар.
Тапсырма:
1. Ең қызықты өтетін, саған ұнайтын сабақты қызыл түспен боя.
2. Саған ұнамайтын сабақты қара түспен боя.
Ең қызықты өтетін, саған ұнайтын сабақ Саған ұнамайтын сабақМатематика 68% 8%Қазақ тілі 56% 8 %Әдебиет 50% 12%Ағылшын 37% 26%Орыс тілі 50% 13%Тарих 37% 8%Жаратылыстану 33% 8%Дене шынықтыру 68% еңбек 29% Өзін-өзі тану 26% 43%музыка 40% 17%информатика 29% 8%
5ә сыныбы қатысқан оқушы саны:23
Мектепке қандай көңіл күймен келесің?
Сабақ оқымағандықтан, сабаққа қорқып келемін Ықыласпен келемін 16%Жаңа достармен кездесеміз деп қуанышпен келемін 8%Жаңа білім білім алам деп құштарлықпен келемін 70%2 Мектепке келген кезде қандай сезімде боласың?
Қуаныш 100%Саған ең басты нәрсе: Достық, сабақ, отбасы, ақша, денсаулық
Достық Сабақ Отбасы Ақша Денсаулық 71% Үй тапсырмасын орындағанда қанша уақыт кетеді?
1 сағ 2 сағ 3 сағ29% 33% 12%
Мейрімді Әдемі ақкөңіл45% 20% 30%
Менің сыныбым
жақсы ақылды,тәртіпті95% 4%
Маған ұнайды
Отбасы Достар 5 сын оқыған Спорт 30% 25% 15%
Оқу мотивациясын анықтау
Нұсқау: Бақбақ гүлінің суретін салып, әрбір күлтелеріне өтілетін сабақтарды жазыңдар.
Тапсырма:
1. Ең қызықты өтетін, саған ұнайтын сабақты қызыл түспен боя.
4. Саған ұнамайтын сабақты қара түспен боя.
Ең қызықты өтетін, саған ұнайтын сабақ Саған ұнамайтын сабақМатематика 70% Қазақ тілі 63 % Әдебиет 40% 4%Ағылшын 37% 13%Орыс тілі 50% 13%Тарих 37% 12%Жаратылыстану 33% 8%Дене шынықтыру 33% еңбек 29% Өзін-өзі тану 33% 18%музыка 40% 9%информатика 29%
5б сыныбы қатысқан оқушы саны:20
Мектепке қандай көңіл күймен келесің?
Сабақ оқымағандықтан, сабаққа қорқып келемін Ықыласпен келемін 43%Жаңа достармен кездесеміз деп қуанышпен келемін 9%Жаңа білім білім алам деп құштарлықпен келемін 12%Бару керек болған сон келемін 4%2 Мектепке келген кезде қандай сезімде боласың?
Қуаныш 75%Сенімді 18%Саған ең басты нәрсе: Достық, сабақ, отбасы, ақша, денсаулық
Достық Сабақ Отбасы Ақша Денсаулық 6% 87% 6%Үй тапсырмасын орындағанда қанша уақыт кетеді?
1 сағат, 2 сағат, 3 сағат , 3 сағаттан көп, орындамаймын
1 сағ 2 сағ 3 сағ37% 18% 12%
Сөйлемді аяқта. Менің сыныбым
жақсы ақылды,тәртіпті100% Маған ұнайды
Отбасы Достар 5 сын оқыған сабақ18% 62% 18%Оқу мотивациясын анықтау 5б сынып
Нұсқау:Бақбақ гүлінің суретін салып, әрбір күлтелеріне өтілетін сабақтарды жазыңдар.
Тапсырма:
1. Ең қызықты өтетін, саған ұнайтын сабақты қызыл түспен боя.
4. Саған ұнамайтын сабақты қара түспен боя.
Ең қызықты өтетін, саған ұнайтын сабақ Саған ұнамайтын сабақМатематика 56% 20%Қазақ тілі 38% 15%Әдебиет 18% Ағылшын 18% 25%Орыс тілі 62% 15%Тарих 37% Жаратылыстану 50% 15%Дене шынықтыру 37% еңбек 37% Өзін-өзі тану 43% 20%музыка 18% 15%
Сен мұғалімді қалай қабылдайсың?
(сауалнама)
1.Сыйлаймын –87%
2. Ақылын тыңдаймын –12%
3.Үлкен адамдарға құрмет көрсету керек –
4.Мұғалім маған білім береді –
5в сыныбы қатысқан оқушы саны:12
Мектепке қандай көңіл күймен келесің?
Сабақ оқымағандықтан, сабаққа қорқып келемін Ықыласпен келемін 42%Жаңа достармен кездесеміз деп қуанышпен келемін 47%2 Мектепке келген кезде қандай сезімде боласың?
Қуаныш 57%Сенімді 30%Үй тапсырмасын орындағанда қанша уақыт кетеді?
1 сағ 2 сағ 3 сағ60% 33% Оқу мотивациясын анықтау 5в сынып
Тапсырма:
1. Ең қызықты өтетін, саған ұнайтын сабақты қызыл түспен боя.
4. Саған ұнамайтын сабақты қара түспен боя.
Ең қызықты өтетін, саған ұнайтын сабақ Саған ұнамайтын сабақМатематика 56% Қазақ тілі 18% 8%Өзін-өзі тану 33% Ағылшын 25% Орыс тілі 50% Тарих 33% 8%Жаратылыстану 41% Дене шынықтыру 37% еңбек 16% Оқушылармен тренинг жаттығулар жүргізілді.
Қорытынды: Оқушылардың жалпы бейімделу барысында мектепке ықыласпен, жаңа білім алам деп, достармен кездесеміз деп келеді. Сабаққа қорқып келем деген оқушы кездескен жоқ .Мектепке келген кезде қуанышпен, сенімді болып келеді.. Үй тапсырмасын орындағанда көпшілігі 1 сағат, 2 сағат жұмсайды. Сыныбтастар арасында қарым-қатынастар өте жақсы. Сынып жетекшілерін екінші анасындай көреді. мейірімді, әдемі,қамқор деген жауаптар алынды. Оқу мотивациясын тексеруге арналған сауалнама алынды. (Н.Г.Лусканов) бойынша мектепке деген көзқарас, мектеп дезаптациясын балл арқылы бағаланады. Оқушылардың мектепке қатынасы оң, оқу материалын түсінеді,бағдарламаның негіздерін меңгереді, тапсырмаларды орындайды,пәндерге қызығушылықпен қарайды, сыныпта оқушылар достық қарым-қатынас жасайды.
Мына төмендегі оқушылар сабақтарға немқұрайлы дайындалады, бақылау мен көмекті қажет етеді.
5а сыныбы Мұхтарұлы Ернұр
5 ә сыныбында Серікқұл Е, Серікқұл С, Нұрмұхамед Ж, Бауыржан Р
5б сыныбы Утебек З, Аманжол Н, Сержанұлы Е
5в сынып Аненков Ю
·Ұсыныс: Оқу процесі кезінде қиналатын оқушылармен пән мұғалімдері қосымша жұмыстар жүргізу. Мектеп психологы, сынып жетекші, пән мұғалімдері, ата-аналармен тығыз қарым- қатынаста болу.
Қыркүйек айының 19.09.19 күні «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы болды. «Менің балам қандай?» тақырыбында тренинг жаттығу жүргізілді. Әр сыныпта ата-аналар жиналыстарында сауалнамалар алынып, тренинг жаттығулар жасалды.
ҚР Білім және ғылым миністірлігі 2019 жылдың 4-14 қазан аралығында БҰҰ Бас Ассамблеясы Халықаралық қыздар күніне арналған республикалық онкүндікте «Қыз болашағы -ел болашағы» атты қыздар жиналысы болды. «Қыз қылығымен көрікті» тренинг жүргізілді.Жоспар бойынша қазан айында Сен қыз баласың---- (дәрігерлердің кеңесі,қыз баланың осы жастағы жыныстық дамуы, жұктіліктің зияны ) 6-11 сынып арасында жиналыс болды. Қараша айында « Өзін-өзі күту,және әдемілік» тақырыбында қыздар жиналысы болды ,сауалнама алынып,бейне роликтер көрсетілді.
Қазан айында Өмірге « Иә» деп айт іс-шара өткізілді.
Мақсаты: Жасөспірімдердің өмірге деген көзқарастарын арттыру, дағдарыстан шығуға көмектесу.
2019 - 2020 оқу жылында Cуицидтік мінез-құлықтың алдын алу профилактикасына жоспар құрылып сол бойынша жұмыстар атқарылуда
Мақсаты: Әрбір баланың жас кезеңімен байланыста болатын өзгерістерді анықтап, оның жеке тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау.
Қыркүйек айының 19-20 аралығында 8-11 сынып оқушылар арасында Суицидке бейімділікті анықтау мақсатында (СБА әдістемесі алынды). Жабық түрінде 133 оқушы қатысты.
Алынған әдістеме бойынша күйзелістік жағдайға деген бейімділіктің жоғары деңгейі мен жоғары невротизациялық белгілер байкалмады . күйзелістік жағдайға деген бейімділік орташа деңгейі анықталды ,бірақ бұл суицидке бейімділікті білдірмейді.
Қыркүйек айында М.Фергюсон мен Д.Расселдің жалғыздық сезімін анықтау әдістемесі алынды. 5-7-8-11 сынып оқушылар арасында алынды.
Қатысқан оқушы саны 265 оқушы. Сауалнама қорытындысы бойынша 20 ұпайдан 40 ұпай аралығы орташа деңгей 1,5% көрсетілді. Орташа деңгей көрсеткен оқушылар .Олар:8ә сынып Байкәрім Ә 31 ұпай ,6ә сынып Тұрарбек А. 36 ұпай ,7 в сынып Савченко О 31 ұпай. 0 ұпайдан - 20 ұпайға дейінгі төменгі деңгей 97% . Жалпы сауалнама қорытындысы бойынша жоғарғы жалғыздық деңгейі көрсетілген жоқ.
Ұсыныс: Сынып жетекшілер орта деңгей көрсеткен оқушылармен қызығушылықтарын арттыру мақсатында іс- шараларға тарту.
Зорлық зомбылықты алдын алу мақсатында сауалнама алынды. 5-6 сынып оқушылар арасында қатысқан оқушы саны 80 оқушы Сауалнама жабық түрінде алынды.
Сен бос уақытыңды қалай өткізесің?
а) Достарыммен қыдырамын 14 оқушы 17%
б) Ғаламторда отырамын,12 оқушы 15% в) Үй шаруасымен айналысамын 54 оқушы 67%
2. Сенің басында бопсалау, зорлық-зомбылық, (әлемжеттік , қорқыту, ұрып соғу мәселелер орын алып жатыр ма?
а). иә ә) Сыныптастарымнан әлемжеттік б) Үлкен балалардан қысым в) Жоқ-87%
3. Мектебімізде физикалық зорлық зомбылық бар ма? Иә 7% жоқ-87%
4. Мектепте психологиялық зорлық бар? (мазақтау, балағаттау, кемсіту,қорқыту, боқтау,дөрекі сөйлеу т.б)
Иә 22 оқушы - 21% Жоқ78%
5. Үйде зорлық - зомбылық бар? Иә Жоқ-100%
6.Ата-анам жазалайды (Ұрады, соғады) Иә- 4 оқушы 5% жоқ-95%
7.Мұғалім жазалайды?(Ұрады, соғады, балағаттайды, дөрекі сөйлейді)
Иә- 8% жоқ-91%
8. Қай пән мұғалімі жиі жазалайды?(Оның атын атай аласыңба?)жоқ
9.Мектебімізде зорлық зомбылық байқала ма? Иә-8% , жок-91%
10. Сізге қатыгез қарым-қатынас жасаған жағдайда кімге хабарласуға болады?
а/ сынып жетекшіге 4 оқушы 5% б/ ата-анаға- 50 оқушы 62% г/ құқық қорғау органдарына-15 оқушы 18% ә/ достарға-9 оқушы 11% д/ сенім телефонына
Coцаметрия әдісі бойынша 6-8 сынып оқушыларының ( қарым-қатынас социаграммасы) зерттеу жұмысының сараптамасы
Мақсаты: Оқушылар арасында қарым - қатынасты , шеттеп қалған оқушыны анықтау.
Социаграмма 4 шеңберден тұрады бірінші көп таңдалған оқушылар, екінші орташа таңдалғандар, үшінші елеусіз менсінбейтін балалар , төртінші оқшау шеттелген балалар бірде бір таңдалмаған.
Сауалнамаға қатысқан оқушы саны:
6-сынып бойынша барлығы 80 оқушы
7- сынып бойынша барлығы 50 оқушы
8- сынып бойынша барлығы 70 оқушы
Сауалнама нәтижесі бойынша
6 а сыныбында Ерболған Махаббат 6 рет, Қайратбек Ақжол 5 рет, Айболұлы Даулет 5 рет.
6ә сынып бойынша Көптілеу Абзал- 9 рет Сағынгелді Аружан – 6 рет
6б сынып бойынша Әзілханқызы Назима-12 рет,Мейрхан Алдияр-11 рет , Өтеген Әмина 9 рет.
6 в сынып бойынша Ким Максим -9 рет, Трептау Алина-8 рет, Штанько Витали 6 рет. Шеттеп қалған оқушы жоқ.
7А сынып Қожахан Зарина 7 рет, Келісім Береке 7 рет, Мұхит Ердос -6 рет,Бахыт Еңлік -6 рет. Шеттеп қалған оқушылар болған жоқ
7ә сынып бойынша Саят Анел -18 рет, Қоралас Ақерке -7 рет
7б сынып бойынша Сардирдинов Ильяс-10 рет, Корчагина Светлана -9 рет,
8а сынып бойынша Сағын Сағият-15 рет,Жанарбекқызы Гүлсезім-9 рет
Шеттелген оқушы жоқ
8ә сынып бойынша Серікқали Балауса 10 рет, Асқар Тоғжан-9 рет, Әбіш Раушан-9 рет.
8б сынып бойынша Асубай Аружан-7 рет, Өмірзақ Әлия-9 рет
Тәнеке Серік таңдалмаған.
8 в сынып бойынша Цайзер И -8 рет, Сембек А- 7 рет, Молдасабирова А 6 рет. Шеттелген оқушы жоқ.
Сараптама нәтижесі бойынша шеттеп қалған мына төмендегі оқушылармен жұмыс жүргізілсін. Оқушыларды іс-шараларға тарту.
Олар: 8 б сыныбында Тәнеке Серік, 8 ә сыныбында Байкәрім Әділ
№1 Жамбыл атындағы орта мектебінде биылғы 2019 - 2020 оқу жылында үш 11- сынып бар.
11 а сыныбында 10 оқушы
11ә сыныбында 13 оқушы
11б сыныбында 11 оқушы
Сыныптардың әлеуметтік жағдайына келсек,
11а сыныбы Көп балалы отбасы Кеңес Торғын, Теңізбек Ілияс
Әкесі жок: Жайлаубеков Е
11ә сыныбы: Көп балалы отбасы Мирұлан Алибарс, Мұхамеднұр Самал
Аз қамтылған Мирұлан Алибарс
Қамқоршысы бар: Үйсінғали А
Анасы жок: Үйсінғали А
Әкесі жоқ: Мұхамеднұр Д, Аскергелді А
11Б сыныбы Көп балалы отбасы : Гужаковский , Ким Н
Аз қамтылған : Хегай В.Ким Н
11- сынып оқушыларының әлеуметтік жағдайы туралы мониторинг жасалынды. әлеуметтік жағдайлары туралы
Сынып Көп балалы Аз қамтылған Қамқоршысы бар Анасы жоқ Әкесі жоқ11а 20% - 10%11ә 15% 7% 7% 7% 15%11б 18% 18% - - 9% Тренинг жаттығу арқылы оқушыларды сенімділікке, достық қарым-қатынасқа, бірін-бірі жақыннан танып білуге,сыйлауға,оқушылардың бойындағы қобалжу,мазасыздану,қорқыныш сезімдерін жою,және жағымды көңіл-күйлерін қалыптастыру.
«Дифференциялды-диагностикалық сауалнама» (Е.А.Климов) әдістемесі бойынша
Әдістеме мазмұны : зерттелуші берілген қызмет түрлерінің 20 жұбынан таңдау керек. Адам-табиғат (Агроном,зоотехник, мал дәрігері, бағбан және орманшы)
Адам-техника (Радиомеханик, токарь,жүргізуші, инжинер)
Адам-адам: (Қызмет ету сферасы, медицина, педагогика)
Адам белгілер жүйесі( корректорлар, программист,экономистер)
Адам-көркем бейне (зергер, фотограф,музыкант,суретші,әртіс, жазушы)
Қатысқан барлығы 35 оқушы
11 А сынып бойынша
Адам - техника(Радиомеханик, токарь,жүргізуші, инжинер)
2 оқушы Серік Д,Жайлаубек Е
Адам-табиғат (Агроном,зоотехник, мал дәрігері, бағбан және орманшы)
Теңізбек И
Адам-адам(Қызмет ету сферасы, медицина, педагогика) 6 оқушы Кеңес Т,Сәрсенбек А,Мұхтарқызы М,Ерланқызы Г,Байасыл А,Байсуан А
Адам көркем бейне (зергер, фотограф,музыкант,суретші,әртіс, жазушы) Қалқаман А,
11ә сынып бойынша
Адам –техника( Радиомеханик, токарь,жүргізуші, инжинер) 3 оқушы Алтынбек А,Мажит М,Мирұлан А
Адам-табиғат (Агроном,зоотехник, мал дәрігері, бағбан және орманшы 5 оқушы
Нұрланбек Д,Несіпбек Ә,Жанғазинов И,Үйсінғали А,Сатаев С
Адам көркем бейне (зергер, фотограф,музыкант,суретші,әртіс, дизайн, жазушы)
3 оқушы Аскергелді А,Тұрдалы М, Балтабаева Д
Адам-Адам (Қызмет ету сферасы, медицина,емдеу ісі, педагогика, заңгер) Мұхамеднұр Д
11 б сынып бойынша
Адам-техника (Радиомеханик, токарь,жүргізуші, инжинер,оператор, экономист)
4 оқушы Исаев В,Хегай В,Ремизова Д,Серебриков А
(Қызмет ету сферасы, медицина, педагогика
Адам-адам (Қызмет ету сферасы, медицина, педагогика)3 оқушы Халықберген А, Гужаковская В,Багнур Д,
Адам-табиғат (Агроном,зоотехник, мал дәрігері, бағбан және орманшы)1 оқушы Цайзер Н,
Адам-табиғат Адам-техника Адам-адам Адам көркем бейне11сыныптар 7 оқушы 9 оқушы 10 оқушы 4 оқушы11 сыныптар 20 % 25% 29% 11%
Оқушылар арасында тренинг жаттығулар Тренинг арқылы қарым-қатынас нығайту, өз бетінше шешім қабылдай алу, жағымсыз көңіл күйден арылу, өзін еркін сезінуге көмектесу. «Сенім менің серігім», «Мен өзімді мақтан етемін» тақырыптарында тренинг сабақтар өткізілді.
«Дифференциялды-диагностикалық сауалнама» (Е.А.Климов) әдістемесі бойынша
Әдістеме мазмұны : зерттелуші берілген қызмет түрлерінің 20 жұбынан таңдау керек .
Адам-табиғат(Агроном,зоотехник, мал дәрігері, бағбан және орманшы)
Адам-техника (Радиомеханик, токарь,жүргізуші, инжинер)
Адам-адам: (Қызмет ету сферасы, медицина, педагогика)
Адам белгілер жүйесі( корректорлар, программист,экономистер)
Адам-көркем бейне (зергер, фотограф,музыкант,суретші,әртіс, жазушы)
Қатысқан барлығы 62 оқушы
9ә сынып бойынша
Адам - техника(Радиомеханик, токарь,жүргізуші, инжинер)
8 оқушы Зейінғали Д, Күшікбайұлы Ш,Мырзағалиұлы А,Әбдіхан Д,Адалбай М ,Манатов А,Қамажан М,Қанат А
Адам-табиғат (Агроном,зоотехник, мал дәрігері, бағбан және орманшы) 7оқушы Нұрланбек Е,Қазыбекқызы Ж,Тұрсын А,Сағынбай А,Сембек Д,Серікбол Е,Тасқали А
Адам-адам(Қызмет ету сферасы, медицина, педагогика) 2 оқушы Серікбай Н, Ермұрат А
Адам көркем бейне (зергер, фотограф,музыкант,суретші,әртіс, жазушы)
7 оқушы Маратбекқызы Ә,Саят А,Ерболқызы К,Койшыбай А,Мұхит С,Болат А
9 б сынып бойынша
Адам –техника( Радиомеханик, токарь,жүргізуші, инжинер) Ем В,Ким М.А, Орумбаев М,Котов А,Савченко В,Шевченко Н,Гакштетер А
Адам-табиғат (Агроном,зоотехник, мал дәрігері, бағбан және орманшы) Нечаев В,КолесниковЮ,Гужаковский А
Адам көркем бейне (зергер, фотограф,музыкант,суретші,әртіс, жазушы)
Ким М.В, Ким К,
9 а сынып бойынша
Адам-техника (Радиомеханик, токарь,жүргізуші, инжинер)
9 оқушы Ардақұлы Е,Мұхат Б,Абдрахман Б,Айымхан А,Нұрлан Е,Мажит А,Нұрланбекұлы Е,Қайнар Д,Мұратұлы Ш
Адам-көркем бейне (зергер, фотограф,музыкант,суретші,әртіс, жазушы)
5 оқушы Болат А,Райбек Г, Марат А,Берікбайқызы А,
Адам-адам (Қызмет ету сферасы, медицина, педагогика) 4 оқушы Қабылхан Г, Алимхан А, Амангелді А,Кеңес Т
Адам-табиғат (Агроном,зоотехник, мал дәрігері, бағбан және орманшы)
5 оқушы Талғат А,Рашидқызы Б,Сембек Д,Сабиден А,Оразбек ұлы Д,Джусупбек А
Барлығы 62 оқушы
Тренинг жаттығу арқылы оқушыларды сенімділікке,достық қарым-қатынасқа, бірін-бірі жақыннан танып білуге,сыйлауға,оқушылардың бойындағы қобалжу,мазасыздану,қорқыныш сезімдерін жою,және жағымды көңіл-күйлерін қалыптастыру.
Мектепте «Сенім жәшігі» мен «Сенім телефоны» жұмыс жасайды, онда түскен оқушылардың , басқа да жеке тұлғалардың ойларына,сұрақтарына жеке және топтық түрде жауаптар беріліп отырылады. Сенім жәшігіне түскен хаттар тіркеліп, әр бір хатқа кеңестер ұсыныстар жасалып, тіркеу журналына жазылады.
Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық, қылмыс, зорлық зомбылық, суицидттік әрекеттердің алдын алу болдырмау бойынша Отбасын қолдау орталығы «Жанұя орталығы мен Қайнар университеті бірлесіп жалпы орта мектептердің 7-11 сынып оқушылар арасынан компютерлік тестілеу жүргізілген болатын.Осыған байланысты оқушылардың суицидттік әрекеттердің алдын алу жұмыстарын жақсарту мақсатында «Жанұя»орталығы мен Қайнар университеті арнайы курс өткізді. Курс 2019 жылы 9-желтоқсанда басталып, 20-желтоқсан аяқталды.
Жалпы білім беру мекемелерінде жеткіншектерге үнемі әлеуметтік психологиялық қолдау көрсетіліп, психолог, сынып жетекші, әлеуметтік педагог ата- анамен бірлесе отырып жүйелі жұмыстар атқарған жағдайда алдын-алуға болады.
Ұсыныс: Мектеп психологымен сынып жетекші, пән мұғалімдері, ата-аналар тығыз қарым қатынаста болу. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық, суицид әрекеттерін болдырмау мақсатында жұмыстар жалғастырылсын. іс шараларға қатыспайтын оқушылармен жұмыстар жүргізу, жақсы қарым қатынаста болу сынып жетекшілеріне міндеттелінсін.
Әлеуметтік педагогтың атқарған жұмысының есебі
Жұмыс объектісі - оқушылар, олардың ата-аналары және отбасылары. Оқушылардың әлеуметік жағдайын жақсарту мақсатында жүргізілген жұмыстарға тоқталатын болсақ. Мектептің әлеуметтік төлқұжаты:
Жалпы оқушы саны 1-11 сынып 697Оның ішінде ұл бала саны 349Қыз бала саны 348Көп балалы жанұядан шыққан оқушылар саны 282Аз қамтылған жанұядағы бала саны 68Жетім балалар саны 5Мүгедек балалар саны 7Қамқорлыққа алынған балалар саны 1 Толық емес отбасы балалар саны 36Әкесі қайтыс болған 24Анасы қайтыс болған 12Тегін тамақ ішетін балалар саны 0-4 75Тегін тамақ ішетіндер саны- 5-11 3Буфеттік жүйеде тамақтанатын оқушылар саны 500Ұлты бойынша :қазақ 547орыс 85үйғыры 5корейцы 24
немісі 27тәджік 2татар 1
1 тамыз 30 қыркүйек аралығында өтетін «Балаларға бірге көмек берейік» ХІІ-дәстүрлі жалпы Республикалық қайырымдылық «Мектепке жол» акциясының өтілу барысы туралы. Маусым айының 1-де «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы туралы мектепте түсіндірме жұмыстары жүргізілді.Акция мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылар,жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар ішінен оқушыларға жаңа оқу жылына дайындық кезеніңде және әлеуметтік себептер бойынша оқушылардың мектепке бармауының алдын алу үшін көмек көрсету,қол ұшын беру .Бақбақты ауылдық әкімшілігіне мектепке 1 сыныпқа баратын әлеуметтік жағдайы төмен отбасының 18-оқушы тізімі берілді.ЖББҚ есебінен –230000 мың.тенгеге -23 оқушыға мектеп формасымен толық қамтамасыз етілді.Әлеуметтік жағдайлары зерделеніп әр сыныптан оқушылар тізімі алынды.Мектеп ұжымы - 50 оқушыға мектепке қажет толық канцелярлық құрал жабдықтармен қамтылды,жалпы соммасы - 100000 мың тенгеге бағаланды. Жалпы алғанда «Мектепке жол» акциясы аясында 92 оқушыға көмек көрсетілді.
Ерекше қамқорлықты қажет ететін балалар саны 2019 - 2020 жылғы , ПМПК тексерісінен өткен, ПМПК-ның қорытындысы бойынша мүгедектігі бар, 6-ы үйден оқиды.Ең салалы қызметімнің бірі – жанұямен жұмыс. Жанұя мүшелерінің қызығушылығы мен қажеттілік деңгейін, олардың өзара қарым-қатынасын зерделеу, жанұяның қиындық тудыратын, туындап қалуы мүмкін болатын мәселелерін анықтау. Әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайларды болжау және болдырмаудың алдын алу шараларын ұйымдастыру, жанұя мен баланың өзгермелі әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделуіне көмектесу. Ең бастысы, ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға және қамқорлық-қорғаншылықтағы балаларға ерекше көңіл бөліп, үнемі назарда ұстау.Осы мақсатты іске асыру барысында бар күш-жігерімді салып, аянбай еңбек етіп келемін. Жоспарлы түрде мектеп ішіндегі есепте тұрған әр түрлі санаттағы оқуда қиындық келтіретін балалармен жұмыстанудамын.Олардың денсаулықтарына етене назар аударамын. Үйден оқитын балалар әр мерекені өз сыныптастарымен бірге өткізеді. Жаңа жыл сайын сыйлықтар апарылады. Күн жылы уақытында қыркүйек, қазан, қараша айларында үйден оқитын оқушылар ата-ананың өз өтініштері бойынша директордың келісімімен мектепке келіп оқып жүр.
Қазан айында көп балалы отбасынан шыққан балалар аз қамтылған отбасынан шыққан балалар, қамқорлыққа алынған балалардың құжаттары және әлеуметтік педагогтың құжаттар номенклатурасы қайта қаралып реттелді. Қараша айының соңында тегін тамақтанушы 23 оқушы мемлекет тарапынан көмек көрсетіліп,қысқы киімдермен аяқ киімдер мен қамтамасыз етілді. Өткізілген онкүндіктің жалпы мақсаты - бәсекеге қабілетті, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете алатын, тілін, дінін құрметтейтін, елінің нағыз патриоты бола алатын тұлғалар қалыптастыру, оқушылардың бойындағы білімге деген құштарлықты, еңбекке деген сүйіспеншілікте дамыту,салауатты өмір салтын насихаттау, жас ата -аналарға психологиялық көмек көрсету, ҰБТ тапсырушылардың өздеріне деген сенімдерін арттыру т.б
Онкүндік барысында «Жаман әдеттерден сақ болайық» тақырыбында суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Оған 4-5 сынып оқушылары өз суреттерін салып, оны қорғады.Мақсаты: оқушыларды зиянды әдеттерден сақ болуға шақыру.
Жоспарға сәйкес келесі күні «Қарттарға бас иеміз» атты қарттар күніне арналған мерекелік іс шара өтілді. Мақсаты: Еңбек ардагерлері мен қарияларларға, мүгедек жандарға қадір- құрмет көрсету.Оқушылар тарапынан шағын концерт ұйымдастырылып, сый- құрмет көрсетілді.
5-6 сынып оқушыларымен «Дос және достық » тақырыбында тәрбие сағаты өтілді. Мақсаты : Оқушылар арасында достық қарым -қатынастарын нығайта түсу болып табылды. Балалармен тренингтер өткізіліп, топтық жұмыстар жүргізілді. Жағдаяттар беріліп, сондағы сұрақтарға жауап берілді.Тәрбие сағатында «Достық» сөздің мағынасын ашты. Мақалдар айтылды, ойындар ойналды.Оқушылар ризашылығын білдірді.
Мектеп түлектерімен «Сынаққа сеніммен барайық» атты психологиялық тренинг өткізіліп, «Болашаққа қадам» атты кәсіптік бағыт -бағдар беру мақсатында сынып сағаты өтілді. Ұсыныстар мен кеңестер берілді. Оқушылар бір серпіліп қалды.
Жоспар бойынша «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» атты дөңгелек үстел 5-7 сынып аралығында өтті.Мақсаты:Оқушы бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, салауатты өмір сүруге дағдыландыру . Адам бойындағы жақсы және жаман қасиеттерді ажырата білуге үйрету. Ал жоғары сынып оқушыларымен «Ғасырдың өмір тұзақтары» атты тәрбие сағаты өтілді. Бұл іс шарада оқушылар зиянды заттардың (есірткі, темекі ,алкоголь) адам ағзасына тигізетін зияны туралы ой талқыланды. Оқушылар өздері слайд дайындап әкеліп, оны қорғады.
Дайындық сынып ата-аналарымен «Әке -ер , ана- жігер, бір үйде екі кемеңгер» тақырыбында ата- аналарымен ойбөліс өткізілді. Әртүрлі тапсырмалар беріліп, топтық жұмыстар жүргізілді. Сергіту сәтінде би билеп серпіліп қалды. Жас ата -аналарға кеңестер берілді.Өз ризашылықтарын білдірді.
Сонымен қатар бастауыш сынып оқушыларымен «Күн шуағы» атты мейірімділікке тәрбиелеуге арналған тренинг өткізілді. Әр түрлі ойындар ойнады.Сұрақтарға жауап берді.Онкүндік бойынша жоспарланған шаралар мерзімді уақытында өтіліп, оқушыларға да ,ата-аналарға да, ұстаздар қауымына да септігін тигізді деп ойлаймын.
Сонымен қатар қарттар күніне және қамқоршылар күніне орай мерекелік іс шара ұйымдастырылып, оған оқушылар қатысып, қамқоршылар мен қамқорлыққа алынған және үйде оқитын оқушыларға сыйлықтар ұсынылды.
Әлеуметтік педагогтың жұмысының бір бөлігі, өз құзырлығының шеңбері бойынша көмек қажет ететін балаларды әлеуметтік қорғау, оларға тиісті педагогикалық, психологиялық, материалдық көмек көрсету және консультациялар беру. Оқу жылы барысында мектепішілік бақылауда және аудандық бақылауда тұрған оқушылар мен аз қамтылған отбасы оқушылары , қамқорлыққа алынған балалардың тұрғылықты мекен -жайы тексеріліп, акт жасалды. Ата-аналарымен жұмыстар жүргізілді. Оқушылардың өздерімен жекелеген әңгіме өткізілді. Мектепте құқық бұзушылықтың алдын –алу мақсатында «Заң және заман» , «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын –алу» тақырыбында ішкі істер қызметкерлерінің қатысуымен дәрістер оқылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сабақ босатушы, мектеп ережесін бұзушы оқушылар анықталып, ол оқушыларменжәне ата-аналарымен түсіндіру жұмыстары өткізілді.
I-жартыжылдық соңында педагогикалық кеңесте «Әлеуметтік жетімдіктің алдын-алу » тақырыбында баяндама жасалды. Жаңа жыл қарсаңында аудандық әкім тарапынан жартылай жетім отбасы балалары Махмед Жанель -1 «ә» сынып оқушысы және Маврин Валерий 4б сынып оқушысы қыстық күртка мен және жаңа жылдық сыйлықтар берілді.. Ал көпбалалы,жартылай жетім отбасынан шыққан Мухамеди Дильназ бен Сержанқызы Жанель Талдықорған қаласында өткізіген Облыс әкімінің Жаңа Жыл шыршасына қатысып, қысқы күртеше,спорттық киім,аяқ киім, қыстық шәпке және тәтті сыйлыққа ие болды.
Сонымен қатар оқу жылы барысында орта буын оқушылары мен жоғары сынып оқушылары арасында түрлі тақырыптарда дәрістер оқылып, бейне көріністер тамашаланды. Мысалға алсақ, «Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу», «Тәуелділіктің алдын –алу жұмыстары», «Зиянды заттардың адам ағзасына тигізер зияны »т.б Бейнекөріністерде зиянды заттардың қаншалықты адам өміріне тизізер зардаптары туралы сюжеттер көрсетіліп, қорытындылар шығарылды. Құқық бұзушылық пен нашақорлықтың алдын-алу мақсатында сауалнамалар алынып, сараптамалар жасалды.
Қаңтар-ақпан айында өтілген «Қамқорлық» акциясы барысында қарт адамдарға, мүгедек адамдарға оқушылар таапынан көмек ұйымдастырылды. Стенд жасалып, оқушылар мейірімділік, жақсылық туралы суреттер салынды. Төмендегідей іс –шаралар өтіді: 7-сынып оқушыларымен«Аялай біл сен деп соққан жүректі» атты тәрбие сағаты, 2-сынып оқушыларымен «Жақсылық жасай білейік»атты сынып сағаты, 5-6 сынып оқушыларымен «Жанашырлық жанға қуат»атты іс шара, «Балаға мейірім сыйла» тәрбие сағаттары өтіліп, сонымен қоса «Мейірімді жүректен жылу сыйлай білейік» , «Қайырымды ісжаса, қайырлы болар әр ісің» атты ұранмен мүмкіндігі шектеулі балаларға да сый-құрмет көрсетілді.
2019 - 2020 оқу жылының қараша айының 20 –нан желтоқсан айының 20 –сы аралығында оқушыларды сапалы және қауіпсіз тамақтандыруды арттыру бойынша «Назар аударыңыз! Мектеп асханасы» атты акция ұйымдастырылып өткізілді. Акция барысында «Мектеп асханасы» тақырыбында тамақтануды ұйымдастыруға байланысты санитарлық-гигиеаналық нормалардың бұзылушылықтарын болдырмау және оның алдын алу бойынша іс шаралар жоспарланды.
Акцияға мектеп оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар қатысты. Мектеп мейірбикесі мұғалімдер мен оқушыларды тамақ қауіпсіздігі, салауатты тамақтану және жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі туралы ақпараттандырды. Мектеп асханасының қызметкерлерімен тамақ блогында тазалықты қамтамасыз ету, ыстық тамақ дайындау технологиясын, азық-түлікті сақтау ережесін, есепке алу журналын жүргізу және тағы басқалар жайында кәсіптік әңгімелесулер өткізді.
Мектепте іс-шараларды өткізу барысында 1-4, 5-11 сынып оқушылары түгел қамтылды. Мектеп медбикесі Касейнова Д сынып жетекшілеріне тақырыптық көмек ретінде «Мектеп оқушыларының дұрыс тамақтануы» атты оқыту семинарын өткізді. Сынып жетекшілері өз сыныптарында «Ас – адамның арқауы» атты сынып сағаттарын өткізіп, оқушылардың дені сау болуы үшін дұрыс тамақтанудың маңыздылығын айтып түсіндірді. Мектептің әлеуметтік педагогі мен мектептің ата-аналар комитетінің торайымы Тұздыбаева Т «Мектеп асханасы оқушы және ата-аналар көзімен» тақырыбында оқушылардан сауалнама алды. Мектеп асханасының қызметкерлері асхана бөлмесінде дұрыс тамақтану мен дәрумендер туралы қабырға газеттерін, асхана бұрышын жасады . Акция бойынша жоспарланған іс-шаралар толық өткізілді. Оқушылардың салған суреттерінен көрме ұйымдастырылды.
Сауалнама алу барысында оқушылар мен ата-аналар мектеп асханасы мен оның тамақтандыру жүйесіне көңілдері толатынын білдірді. Сонымен қатар 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақтанумен қамтамасыз етсе деген ұсыныс айтты. Мектеп асханасының материалдық базасын жақсартса деген ойлар да айтылды. Ас мәзірінің түрленіп отырғанын қалайды. Жалпы жоспарланған іс шаралар толық өтілді. Болашақтан күтілетін нәтижелер:
• Мектеп қоғамын дұрыс тамақтану қағидасы мен мәдениеті бойынша ақпараттандыруды жоғарылату.• Оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру үшін қажетті гигиеналық жағдайды жақсарту.• Оқушылардың тамақтану сапасы мен мәдениетін арттыру.• Оқушылардың денсаулық көрсеткішін жақсарту.Жалпы алғанда мектеп буфеттік жүйеде жұмыс жасайды. Ал, тегін тамақтанушы 78 оқушы. 55- ЖББҚ, 23- оқушы арендатор есебінен.
Әлеуметтік педагогтың тағы да бір жұмыс бағытының бірі сәтсіз отбасы оқушыларымен жүргізілетін жұмысы . Мұндай отбасы саны-1. Бұл отбасы балалары тегін тамақтанушылар тізіміне енгізіліп, мектептің тәрбие ісі орынбасары және сынып жетекшісі , әлеуметтік педагог біріге отырып , тұрғылықты орнына акт жасалып, қажетті жағдайда материалдық-психологиялық көмек көрсетіліп отырды. Аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылырдың сабақтан тыс уақытын дұрыс ұйымдастыру жұмыстары да қарастырылып, олардың мектептегі әр түрлі үйірме, секцияларға қатысуын бақыланып отырды.. Оқу-тәрбие үрдісінде қиындықтың алдын алу мақсатында жұмыс атқарып келемін. Болашақта оқушылардың шынайы өмірде өздерін анықтай алуға, кәсіби бағыты мен қоғамдағы өз орындарын таба білу мүмкіндіктерін қалыптастыруға, жеке тұлғаның белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға әлі де жұмыстар атқарамыз.
Оқу жылы соңында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, сараптама жасалды. Жетістіктер мен кемшіліктер ескерілді. Жаңа оқу жылына жоба –жоспар құрылды.
Оқу үрдісіндегі кітапхананың қызмет көрсетуі
Тәуелсіз елді өркениетті әлемге танытатын дамыған елдер қатарында терезесі тең ететін күш- білім мен білімді ұрпақ. Қазіргі таңда жан- жақты білім мен тәрбие берер еліміздегі бірден –бір руханият ордасы- кітапхана. Оқушылардың рухани қазына кітапқа деген талап- тілегі мен сұранысын қанағаттандыруды күннен – күнге жақсарта беру- уақыт талабы. Жас ұрпақты тәрбиелеуде кітапхананың орны ерекше. Бүгінгі шәкірттер- ертеңгі ел тұтқасы. Болашақ мамандардың көзі ашық, көкірегі ояу, заман талабына сай тұлға болып қалыптасуына тигізер әсері мол. Өйткені, тәрбие мен тәлім егіз ұғым десек, тәрбие мен білім берудің жаңа жолын кітапханадан табамыз.
Кітапхана- оқушылардың сапалы білімінің кепілі. Кітапхана-кітап арқылы жеке адамның жан-жақты білім алуымен қатар патриоттық рухта тәрбиеленуіне, саяси сапасына қалыптастырып, ғылыми, кәсіби, мәдени дәрежесінің дамуына әсер ететін бірден-бір әлуметтік орын. Кітап мұхитында бағыт табуға, рухани тәрбие мен патриоттық тәрбиеден өмірлік азық алуға көмектесетін кітапхана мен кітапханашы.Жас ұрпақтың бойында патриоттық, отансүйгіштік, адамгершілік, әділдік бауырмалдық қасиеттерді қалыптастыруда кітапхананың маңызы орасан зор.
Кітапхана мектептің екінші қабатында 125,15кв.м көлемі кабинетінде орналасқан.
Мектеп кітапханасында жалпы кітап қоры -23618 дана
Көркем әдебиет- 7710 д
Оқулық- 15340 д
Әдістемелік әдебиет саны- 450 д
Электронды оқулық- 118 д
Жалпы кітап қоры – 23618 д
Мектеп кітапханасындағы кітап қорының деңгейі
2019 - 2020 оқу жылындағы әдеби кітаптардың оқылуының өсу деңгейі
Кітапханадағы негізгі құжаттар:
1. Мектеп кітапханасының қызметін реттейтін, басшылыққа алатын нормативтік құжаттар.
2. Кітапхананың жылдық айлық жоспарлары
3. Кітапхана жұмысының жылдық есебі.
4. Кітапхана қорының өсуінің жинақ есебі (құн есеп)
5. Кітапхана қорын жинақтау толықтыру кітаптары
6. Әдебиеттерді кітапхана қорынан шығару.
7. Кітапхана жұмысының күнделігі.
8. Оқулықтарды оқу қорынан шығару кесімдері.
9. Мүлік кітаптары
Педагогика қызметкерлері үшін әдістемелік оқу құралдары да жеткілікті: Осы оқу жылына 450 дана әдістемелік нұсқаулар, анықтамалар, кестелер,ұстаздарға арналған әдістемелік , ғылыми-танымдық оқулықтарды мұғалімдер күнделікті сабақтарына үнемі қолданып отырады.
Жылдан жылға қызықты әдеби-көркем кітаптарымызбен оқырмандарымызды қамтамсыз етілуі саны өсіп келеді. Оқырмандардың кітап оқу мәдениетінің дәрежесін көтеру, әдебиеттерді кеңірек қолдануды насихаттау шараларын тиімді ұйымдастыруды басшылыққа алды. Әдебиеттерді насихаттау үш тақырыптық кітап көрмелері ұйымдастырылды. Мысалы: « Туған елге ту болған- Тәуелсіздік», «Ұлт тірегі тіл », оқырмандардың жас ерекшеліктеріне қарай бүлдіршіндерге арналған « Ертегілер ордасы», 5-8 сынып оқушылары қызығып оқитын «қызықты әңгімелер» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды. Биылғы оқу жылындағы кітап көрмелері: «Рухани жаңғыру – ұлттың ұлы мұраты», «Жаңа әлемдегі Қазақстан», оқырмандарды туған жер тарихымен, экономикасы , өмірімен кеңінен таныстыра алады. «Тарих тағылымы»әдебиеттер сөресінде ерте заманнан бастап, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тарихымызға байланысты әдебиеттер топтастырылған. «Айбарлы Ата Заң» сөресінде заң және құқық туралы кітаптар бар. «Фантастика әлемінде» кітап сөресі оқырмандарға қызықты әңгімелер және хикаяттар ұсынады. Бастауыш сынып оқушыларына арналған әдебиеттер «Ертегілер елінде»атты кітап көрмесінде орналасқан..
Қазақстан Республикасы Конституциясы еліміздің ұлттық саяси – құқықтық жүйесінің мәйегі, оның мемлекеттілігі мен заңдық негізі. Кітапханда «Ата заң: Тәуелсіздіктің теңдесіз тартуы» библиографиялық дайджест, «Ата заң – мемлекеттіліктің берік кепілі» атты тақырыптық көрме осылардың дәлелі.
Оқырмандарды кітапхана ережесімен таныстыратын: «Кітапхана ережесі» атты көрнекі құрал ілінген. Мерзімді баспасөз басылымдарына арналған мақалалар газет-журнал мақалаларының картотекасында берілген. Оқырмандар қажетті мәліметті тақырыптық тігінділер арқылы іздестіре алады. Оқушылармен өткізілген әңгімелер әр түрлі тақырыптарға арналған: «Ең ұлы ұлт – тілін сақтаған ұлт» библиогид, «Тіл – Мәңгілік Елдің ең қуатты негізі» оқырман конференциясы өтті. Қоғам қайраткері, жазушы, әдебиеттанушы (1873 - 1938) Ахмет Байтұрсыновтың туғанына 145 жыл мерей тойына «Ұлттың ұлы ақыны» атты 9-11 сыныптар арасында әдеби кеш өтті.
«Көп тіл білгеннің көкжиегі кең» тіл сайысы», «Рухани уыз-кітаппен» ,«Темекі шегу- зиянды әдет», «ЖҚТБ» туралы не білеміз?» әңгіме сағаты . Балалардың жеке мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету, өнегелі эстетикалық тәрбие беру мақсатында : «Әдептілікке жатпайтын әдеттер » «Алдымен ардақта ата- атаңды» атты әңгімелер өткізіліп, тақырыпқа байланысты кітаптар ұсынылды.
Мектеп кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынған жобалардың бірі – «Оқуға тиіс 100 кітап» жобасы. Осы жоба аясында «Сиқырлы» кітаптар елінде (1-4) сыныптар арасында ертегілер еліне саяхат жүргізілді. «Менің сүйікті кейіпкерім» 2-4, 5-8 сыныптар арасында эссе байқауы ұйымдастырылды.
«Бір кітап – бір сурет» (1-7сыныптар) арасында сурет байқауы өтті. «Ұмытылған кітаптарды еске алайық» (виртуалды) кітап көрмесі және кітап оқу лидері сайыс өткізілді.
Елбасының «Болашаққа бағдар : рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында айтылғандай : «қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық коммуникацияның , сондай – ақ ХХ1 ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты» деп атап көрсетуі ана тіліміздің келешегін жарқын етуге жасалған нақты қадамдардың бірі болып отыр. Кітапханада «Латын әліпбиіне көшудің маңызы зор» тақырыптық сабақ өтіп, «Латын әліпбиі – қазақ тілінің жаңа көкжиегі» кітап көрме ұйымдастырылды.
Оқушыларға оқулықтардың сақталуы, ұсталуы туралы, мемлекет мүлкіне ұқыптылықпен қарап, көңіл бөлуге тәрбиелеу мақсатында: « Кітапты аяла», «Кітаптарға ұзақ ғұмыр тілеймін», « Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу» атты әңгімелер өткізілді.
Оқушылардың кітапханалық- библиографиялық білімін қалыптастыру мақсатында анықтамалармен, сөздіктермен, энциклопедиялармен жұмыс жасай білуге, каталог, картотекаларды қолдана білуге үйрету үшін кітапханалық сабақтар өткізілді. 3- сыныптар арасында «Кітапхана – білім ордасы» әдеби кеш өткізілді. Ұстаздар мерекесіне орай 7 сыныптар «Ұстаз болу- жүректің батырлығы» атты әдеби қонақ жай ұйымдастырылды.
Қазан айында жыл сайын 1- сынып оқушылары кітапханамен танысады.Балалар «Ақылды кітапқа қонаққа бару» атты кітаптар әлемімен кездеседі. Жалпы шолу жасалынып, ертегі кітаптармен таныстырылады.
Қарт адамдар қашанда береке. Елдің елдігі, ұрпақтың есендігі сол көне көз шежірелердің арқасында сақталып келеді. Қоғамдық өміріміздегі тәлім – тәрбиенің тізгінін тең ұстап, ауыл үйді аузына қаратқан қарттар, қым – қуат тірліктің қай мәселесінде де шалғай сөйлеп, шатасар пенде емес. Ұлан байтақ қазақ жерінің қай тұсында өмір ағымының тат баспас тазалығын сақтаған қариялар пікірі бүгінде аңызға айналып отыр. Осыған орай кітапханада «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кездесу кеші өтті. «Қариясы бар елдің – қазынасы бар» атты кітап көрме ұйымдастырылды.
Тәуелсіздік алғалы бергі жеке мемлекет ретінде күнтізбеміздің парағына «1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні» деген жаңа мереке жазылды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Н.Ә.Назарбаев- қоғамды топтастырушы басты тұлға. Бұл сан ғасырлар бабалар аңсаған еркіндікке қолымыз жеткенде елінің көшін бастап, тізгінін ұстап, қиын- қыстау кезеңнен туған халқын, жарқын болашақ, жайдарлы күнге алып келген еліміздің Тұңғыш Президенті, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевқа деген үлкен құрметтің бірі. Қазақстанның қарыштап дамуы, тәуелсіздік тұғырының берік болуы мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Н.Назарбаевтың сарабдал саясатының жемісі, халқымыздың бірлігі мен ынтымағының жарасқандығының айқын белгісі деп айтуға негіз бар. Ол- халқым аман, бейбітшілікте, бірлікте болсын деген ұлы мақсат. Елбасы болашақтың өзекті мәселесі мен өркендеудің нақты жоспарын жасақтап, сол мақсаттарға қол жеткізу үшін жағдай туғызды. Осыған орай кітапханада «Көшбасшы туралы көркем ойлар» ой- толғау кеші 8-9 сыныптар және «Ұлт көшбасшы» әдеби – танымдық кеш 5 сыныптар арасында және «Елі сүйген Елбасы» көрме ұйымдастырылды. Тәуелсіздік күніне орай «Болашақты нұрландырған Тәуелсіздік» әдеби- тарихи композ/лық кеш, «Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы» көрме ұйымдастырылды.
Көркем әдебиетті насихаттау мақсатында драматург, журналист, жазушы Бөкей Оралхан 75 жыл толуына «Төр Алтайдың асылы – Оралхан» тақырыптық сағаты 7-8 сыныптар арасында өтті. Ақын, ағартушы, қоғам қайраткері С.Торайғыровтың – 125 жыл мерей тойына «Асқақ арманды ақың» тұлғатану кеші 9 сыныптарда ұйымдастырылып және Тахауи Ахтанов -95 жыл «Дүбірге жыр- тұлпарды мен де қостым» тұлғатану кеші өтті. Желтоқсан айында қазақ әдебиетінің көгіндегі ХХ ғасырдың басында жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі, текті ақын Мағжан Жұмабаевтың туғанына -125 жыл. Мағжан Жұмабаев елін ездіктен ерлікке, қараңғылықтан білімнің биік шыңына шақырып, артына өлмес мұра қалдырды. Осының айғағы ретінде «Жұлдыздай аққан жыр ғұмыр» поэзия сағаты өтіп, көрме қойылды. Қырғыз халық жазущысы, қоғам және мемлекет қайраткері Шыңғыс Айтматов - 90 жыл «Ұлыдан ұлағат» танымдық сағат ұйымдастырылды.
Халқымыздың біртуар азаматы Д.А.Қонаевтың еңбегін ел жақсы біледі, жақсы бағалайды. Бүкіл Қазақстан жұртшылығы тәрізді, Балқаш елі де қазақтың дара да, дана перзенті, ХХ ғасыр адамы атанған ірі қоғам қайраткері, елу жылдан аса мемлекет басшысы болған Д.А.Қонаевтың туған күніне орай еске алу кеші өткізілді. «ХХ ғасырдың ер тұлғалы саңлағы» тұлғатану кеш, «Ұлы даланың Ұлы кемеңгері» кітап көрме ұйымдастырылды және «Дәуірдің ұлы – ғасырдың үні» слайд көрсетілді.
«Ауданымыздың ақын- жазушылары» кітап көрме. Дарабоз ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Поэзия әлемі» кітап көрме, 5-8 сыныптар арасында «Мұзарт шыңының мұзбалағы» атты поэзия кеші өтті.
«Алатаудың әйгілі Жамбылымын,Өлең сөздің дария даңғылымын», деп теңіздей терең де, тұнық, бұлақтай сұлуда мөлдір жырлары ғасыр көшіне ілестірген жыр алыбы Жамбыл бабамыздың сарқылмас қазынадай бай мұрасы өмір керуенінен бір сәтте қалып көрген емес. Осыған орай кітапханада «Жамбыл- менің жай атым, халқым менің шын атым» атты әдеби кеш өтті, «Жыр бұлағы- Жамбыл» кітап көрмесі ұйымдастырылды.
« Халықтың қазыналы мұрасы – көне ескерткіштер» ескерткіш жанында дауыстап оқу (Ж. Жабаев)
Міне, жыл аралатып, көктемнің алғашқы күндерімен келетін 8 наурыз мейрамы да келіп жетті. «Ана деген асыл жандар болаттай,Ана деген мөлдір жандар бұлақтай»,- деп ақындарымыз жырлағандай жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы аңыз, ертегілер , жырлар арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналар. Осыған орай «Әлемнің жарығын сыйладың сен маған» атты тәрбие сағаты 2-4 сыныптар арасында өтті. «Әлем әйелдің күлкісімен әдемі» көрме ұйымдастырылды.
2020 - 2021 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН МЕКТЕПТІҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Мақсаты: Жаңартылған білім беру жүйесіндегі бағалау тәсілдерін тиімді қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру
Міндеттері:
1.Жаңартылған білім мазмұны бағдарламасына сәйкес белсенді оқыту әдістерін тиімді қолдану.
2.Оқушылардың білімге деген ынтасын арттырудағы жаңаша бағалау тәсілдерін оқу үдерісінде жүйелі түрде қолдану.
3.Үш тілде білім беруге көшуге дайындық жұмыстарын жүргізу арқылы оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыта отырып ақпараттық кеңістігіне ену мүмкіндіктерін кеңейту оқушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
4.Желілік қауымдастықтың жұмысы арқылы мұғалім көшбасшылығының рөлін арттыру.
5.Мұғалім – оқушы, мұғалім-ата-ана арасында тиімді кері байланысты орнату жұмыстарын жүйелеу.
6.Қашықтықтан оқыту жүйесін жетілдіру
Күтілетін нәтиже:
- Мұғалімдер жаңартылған білім мазмұны бағдарламасына сәйкес белсенді оқыту әдістерін тиімді қолдану арқылы білім сапасының артуына жағдай жасайды.- Мұғалім топтық, жұптық жұмыстар арқылы оқушылармен кері байланысқа түседі.- Мұғалім сабақ кезеңдерін бағалауда қалыптастырушы бағалау әдістерін тиімді пайдалануды меңгереді. - Оқушылар өзін- өзі бағалауға, өзара бағалауға жаттығады.- Білім сапасы жоғарылайды;- Мұғалімдер мен оқушылардың көшбасшылық қабілеттері артады.- Үш тілді білім беру жүйесі оқушылардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жол ашады.
Мектептің өзекті мәселесі: Бағалаудың жaңа әдіс-тәсілдерін тиімді қолдану арқылы оқу-тәрбие үдерісінде оқушылардың білім сапасын арттыру.