29 Шілде 2024
Психолог кеңесі

Оқушыларға Психологиялық кенес

Бүгінгі таңда бастауыш мектептің негізгі міндеті – баланың бастапқы тұлғалық қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін айқындау және дамыту, психологиялық денсаулығын нығайту болып отыр. Кіші мектеп жастың шегін көбінесе 6-7 жастан 9-10 жасқа дейінгі кезеңді санайды. Бұл елеулі өзгеріс баланың әлеуметтік жағдайының дамуындағы өзгерістер, оқушы ретінде алатын орны, жаңа оқу әрекетіне байланысты ол нормативті психологиялық күйзеліске тап болады. Бұл кезеңде бала өз дамуында екінші физиологиялық күйзеліске ұшырайды. Ол да 7 жаста болады. Оның ағзасында эндокринді қозғалыс күрт өзгереді, соған қоса денесінің, ішкі мүшелерінің қарқынды өсуі де байқалады. Сонымен, әлеуметтік-психологиялық өзгерістер бала өмірінде физиологиялық өзгерістермен сәйкес келіп, одан шамадан тыс жинақылықты талап етеді. Бұндай өзгерістерге баланың бейімделуіне, жаңа талаптарға сәйкес келуге үйренуге уақыт қажет. Сол себептен оқу жылының басында жиі кездесетін мектепке қызығушылығының төмендеуі, жылауы, тез шаршау, т.б бұл кезеңге тән сипат және бейімделу үрдісінің көрінісі болып табылады. Мектепке алғаш келген балалардың бойына мектептік өмірдің басталуы күрт өзгеріс әкеледі. Өйткені бала мектеп қабырғасына келе отыра ұжымға, жаңа талаптарға, күнделікті міндеттерге үйренуі қажет. Баланың мектепке келуі жүйелі психикалық дамуымен сәйкес келеді. Яғни, танымдық әрекеттері, әртүрлі ес түрлері, сөздік логикалық ойлаулары дамиды. Баланың мектепке бейімделу ұзақтығы бес-алты апта, яғни қазанның он-он бес күндеріне дейін созылады. Ең күрделісі бірінші және алтыншы апта болып табылады. Баланың денсаулығының жағдайына байланысты мектепке бейімделуі әртүрлі болып та келеді. Баланың мектепке бейімделуі психологиялық негізгі көрсеткіші тұрақты мінезінің қалыптасуы және оқытушы, оқушылармен қарым-қатынасты бекітуі, оқу әрекеті мен дағдыларын меңгеруі болып табылады. Бейімделу баланың өзіне, өзінің өміріне қанағаттануы немесе қанағаттанбаушылығы, өзін сезінуі және оны әлеуметтік жағдайының нақты келтіру деңгейі болып табылады. Тәжірибеде көбінесе баланың мектепке бейімделу қиындықтары ата-аналардың мектеп өміріне және мектептегі баланың үлгеріміне деген қарым қатынасына байланысты болып келеді.

Әр оқу жылының басында мектеп табалдырығын алғаш аттаған баланың психологиялық дайындығына кешенді зерттеу жүргізіледі. Баланың мектептегі оқуға жетілгендігі анықталып қана қоймай, әр сыныпқа байланысты дамуындағы өзгерістерді бақылауға, баланың нышан, қабілеттерін дер кезінде көріп, оны дамыту бағытындағы жұмыстарды белгілеуге, үлгермеушілік немесе тәрбиедегі кемшілік себептерін ашып, оқушылармен жүргізілетін жұмыс түрлерін дұрыс таңдауға ықпал етеді.
Бір ай бойы бейімделу кезеңінен өтті. Сабақтарға қатысылып, сынып атмосферасы анықталды. Мектепке икемделу үрдісін анықтау мақсатында төмендегі тесттер жүргізілді.
«Маған мектепте не ұнайды?» суреті.
«Өздік бағалау» тесті
Оқу мотивациясын анықтау сауалнамасы.

  1. «Маған мектепте не ұнайды?» суреті. Баланың салған суретін өзіндік сұхбат деп қарап, бейнелеу құралдары арқылы зерттелуші туралы ой қалыптастыруға болады. Бұл сұхбаттың ерекшелігі – сурет салдыру арқылы баланың ешкімге айтқысы келмейтін ішкі эмоциялық қобалжуларын анықтауға болатын жобалық сипатқа ие болатындығында. Суретте баланың эмоциялық-еріктік ортасымен, яғни көңіл-күйіне, қызығушылығы, белсенділігі және т.с.с. тұстарымен де анықталады.

Суреттерді талдауда келесідей көрсеткіштер бағаланады:
Берілген тақырыпқа сәйкес келуі. Сюжет (не бейнеленді);
Сурет және оның жеке бөліктерінің көлемі;
Түстік шешім. Бейне динамикасы;
Суреттің дұрыстығы;
Суреттің аяқталуы.
А) оқу барысы туралы – тақта алдындағы мұғалім, партада отырған оқушылар, тапсырмалар жазылған тақта т,с.с. Бұл мектеп ынталандыруының жоғарылығын және белсенділігін білдіреді – 30 ұпай.
Ә) оқу барысына тән емес сипаттар – мектеп ғимараты, қоңырау кезіндегі оқушылар, портфель ұстаған оқушы т.б. Бұл мектепке көзқарасы қалыпты, бірақ сыртқы жағдаяттарға көп көңіл бөлетін балаларға тән – 20 ұпай
Б) ойын ситуациялары – мектеп ауласындағы алаң, ойын бөлмесі, сынып бөлмесі ішіндегі өзге заттар. Бұл мектепке деген көзқарасы қалыпты, бірақ ойын ынталандыруы басымырақ балаларға тән – 10 ұпай.
В) сурет тақырыпқа сәйкес салынбаса – 0 деген ұпай қойылады.
Оқу мотивациясын анықтау сауалнамасы. Мақсаты: 1 сынып оқушыларының оқу мотивациясын анықтау.
Барысы: Оқушыларға 10 сұрақтан тұратын сауалнама оқылады. Әрбір сұраққа 3 жауап нұсқасы беріледі.
I деңгей. 25-30 ұпай – оқу мотивациясының жоғары деңгейі.
II деңгей. 20-24 ұпай – оқу мотивациясы жақсы.
III деңгей, 15-19 ұпай – мектепке көзқарасы дұрыс. Бірақ мектептің сабақтан тыс жұмысы көңілінен шығады.
IV деңгей. 10-14 – оқуға ынтасы төмен.
V деңгей мектепке деген кері әсерлі көзқарас – 10 ұпайдан төмен, мектептік дезадаптация.

Танымдық аясында кездесетін ауытқулар мен олардың әсері   

Танымдық аясындағы ауытқулар баланың қалыпты психикалық дамуының шегінде көбінесе сол жастағы даму деңгейінің асуында. Қабылдау, зейін, ес, қиял, бейнелі және абстракті ойлаудың жеткіліксіз даму деңгейі алдымен оқу әрекетінде қиындықтарға, сонымен қатар шығармашылық қабілетінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бұл жағдайда балаға психикалық процесстерін дамытуға арналған арнайы жаттығулар мен сабақтар ұсынылады. Ырықты зейін, ес, абстракті ойлаудың асып дамуы (вундеркиндтер деңгейінде) өте сирек кездеседі және мектепте оқуға қызығушылығының, босаңсу қабілетінің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Бұндай балаларға сабақта қиын тапсырмалар беру қажет, яғни оқуға деген қызығушылығын сақтау үшін және керек кезінде психологиялық релаксацияны қолдану. Қиял дамуының асуы сабақта алаңдаушылыққа әкеледі. Балаларға қиялды қажет ететін шығармашылық тапсырмалар беру, сонымен бірге олардың қабілетін қолдануын табатын шығармашылық үйірмелерге қосу қажет. Қиялдың асуы көбіне жағынан бақылаудың жеткіліксіздігіне байланысты, ол баланың ішкі дүниесіне кетуіне әкелуі, психологиялық жағдайына ауыру сипатын көрсетуі мүмкін. Бұл жағдайда арнайы көмек қажет.

Эмоционалды аясында кездесетін ауытқулар мен олардың әсері

Кіші жас оқушылардың эмоционалды дамуы айналасындағы адамдармен қарым-қатынасында және түрлі әрекеттер процессінде: оқу, ойын, еңбекте жүзеге асады. Кіші жас оқушылардың эмоционалды аясы жоғары сезімталдықпен, қозуымен, жаңалыққа ашықтығымен анықталды. Бірақ бұл жастағы бала белгілі кезге дейін өз сезімін ұстай біледі, яғни жасын тыю, қорқынышын білдірмеу. Бұл баланың өз эмоциясын басқаруға үйренуі, керек жағдайда оларды баса білуге және де саналы түрде көрсетіп, басқаларға ықпал жасай алатынын көрсетеді. Түрлі себептерге байланысты (темперамент түрі, тәрбие стилі, отбасы жағдайының ерекшелігі, жеке-дара ерекшеліктері мен стилі, тез шаршау, стресс) эмоционалды даму аясында қысқа мерзімді және тұрақты ауытқулар жоғары эмоционалды тұрақсыздық пен тепе-теңдіктің жоқтығына байланысты. Жеке түрде эмоционалды ауытқуларды 3 негізгі топқа бөлуге болады. Бұлар баланың бейімделуіне кедергі жасап, үлгеріміне, қарым-қатынастың бұзылуына, психикасының әлсіреуіне әкелуі мүмкін:

  1. Қобалжу, қорқынышының көбеюі, ұялшақтық, тез ренжу, т.б. Дамуындағы жастық шегіне байланысты болып келеді: мұғалімнен, тақтаға шығудан, жаман баға алудан, сабаққа кешігу, т.б. Бірақ қорқыныштың сан алуандылығынан міндетті түрде мектеппен байланысты болмауы мүмкін.
  2. Балалардың агрессивті тәртібін бір болған көрініспен салыстыруға болмайды. Ол қарқынды және ұзақмерзімді болып келеді. Ұрыс-төбелес, вербальді агрессия көріністері бала бойындағы агрессияны көрсетеді.
  3. Эмоционалды қозу баланың кез келген жағдайға қатысының көрінісінде: қатты қуанудан қатты жылауға дейін. Бұндай тәртіп түрі истероидті түріне жатады. Бұл балалармен үнемі жеке-дара жұмыс қажет. Эмоционалды аясындағы ауытқулар жағдайында қорғану немесе компенсаторлы кейіпін көрсетеді. Бұл айналасындағылардың назарын аудару, сүйіспеншілік, қолдау, қауіпсіздік сияқты қажеттілігінің туындауында.

Өздік аясында кездесетін ауытқулар және олардың әсері

Кіші мектеп жасындағы оқушының өздік аясында алдымен осы кезеңде өтіп жатқан күрделі өзгерістерге байланысты өзіне деген қатынасының қалыптасуы жатады. Кіші мектеп жастағы оқушы алғашқы рет бағаланатын әрекет жағдайына жатады. Кіші мектеп жастағы оқушы алғашқы рет бағаланатын әрекет жағдайына енеді, яғни өзін басқалармен объективті түрде салыстыруға мүмкіндік болады. Бұл өзінің “керемет” емес екендігінің сезінуіне әкеледі. Әрине бала өзгелердің өзін қабылдауны, жетістіктерінің мадақтауларына, сонымен қатар жоғары бағаға тырысады деген сөз. Көбінесе өздік бағалау мектепте алған бағамен тура байланысты болады. Сонымен өзін байқап, мақтау алу үшін мектеп өмірінің ережесі бойынша бала нормаға сай дұрыс тәртіпке талпынады. Бірақ, егерде кез келген себептерге байланысты ол бұны орындай алмаса, ол өзінің қырсықтығын көрсете бастайды, өздік бағалауы да төмендеуі мүмкін. 6-7 жасар баланың мектепке келуі- жалпы баланың әлеуметтік психологиялық, физиологиялық жағынан қиын, әрі жауапкершілігі мол кезеңі. Бала өміріндегі, іс-әрекетіндегі жаңа қарым-қатынастар жаңа міндеттердің тоғысуы болып табылады. Кіші мектеп жасындағы оқушылардың уақыты біркелкі құрылымды және көптеген жұмыстармен толы. Ол көбінесе бүгінгі күн мен жақын арадағы болашақпен өмір сүреді. 6-10 жастағы бала өмірінің психологиялық уақыты болашаққа бағытталған, бірақ абстракті болып, нақты іс-әрекетке бағыттамайды. 9-10 жасқа қарай бала өзінің өткені мен болашағын қортындылауға үйренеді.

Айналасындағы адамдармен қарым-қатынасының құрылуы

Кіші мектеп жасы бойы баланың айналасындағы адамдармен қарым-қатынасының жаңа түрі құрыла бастайды. Алдымен бұл кезеңде пайда болатын өз ата-анасына объективті қатынасының пайда болуында.6-10 жастағы баланың өмірінде елеулі орын алатын үлкендердің өз кемшіліктері бар қарапайым адамдар екенін түсінуде. Бұл кезеңде баланың өздік дамуында ерекше орын алатын-бұл мұғаліммен эмоционалды қарым-қатынасы. Бала мұғалімді ұнатады, құрметтейді, одан қорқады және оқушы мұғаліммен эмоционалды байланыста болады. Бұл қалыпты жағдай. Үлкендерге мұғалім алдындағы қорқынышын жоюға, оның қарапайым адам ретінде қабылдауына көмектесуі керек. Сыныптастарымен қарым-қатынастары күрделірек. Жалпы бұл жастық кезеңнің соңында үлкендердің елеулі авторитеті біртіндеп басылып, құрбылары, бала ұжымының әсері басым болып келеді. 6-7 жас аралығындағы кезең айналадағы ортаны тануға құмартушылығымен, еліктегіштігімен, ерекше әсершілдігімен, аса сезімталдығымен ерекшеленеді. Бастауыш сынып оқушылары өте әрекетшіл, қимылды, қозғалысты сүйетін, ойынқұмар және ынталы болып келеді. Олар бір сарынды, ұзаққа созылған сабақтан да, сөзден де, жұмыстан да тез жалығады. Әсіресе, бірінші сынып оқушылары үнемі өзімен әңгімелесіп отырғанды қалайды. Олар өте сезімтал, нәзік, мұғалімнің жылы жүзін, күлімсіреген көз жанарын, көңіл-күйінің жайдары, жайсаң болуын тілейді. Осы қалыпты ұстаған мұғалімнің оқушысы ешқандай психологиялық ауытқушылыққа ұрынбайды. Психологиялық денсаулықтың дұрыс дамуы көңіл-күйге байланысты деуге де болады.

Бүгінгі күн талабы – баланың ақыл- ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу. Сондықтан да баланың танымын алғашқы күннен бастап дамытудың, бойында оқыту мен тәрбиелеудің негізін қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен тәрбиенің құнды негізі болуы керек.

Сабақтың негізгі мазмұнында балалардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастыру мен қанағаттандыруға, әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға арналған алуан түрлі этикалық ойындар мен жаттығулар қолданылады. Балаларды мейірімділікке, достыққа, сүйіспеншілікке, сыйластыққа, түсінушілікке баулып, баланың бойында жалпы адамзаттық қасиеттерді сіңіруді көздейді. Әр сабақты дайындау және өткізу  шығармашылықты талап етеді.        Психолог-зерттеушілер тек физикалық денсаулықты қамқор етуден қарағанда, психикалық денсаулықтың ұзақ және белсенді өмірдің негізі болатынын дәлелдейді. Бастауыш сынып оқушыларымен келесідей ойын түрлерін [2,4-9] қолдану тиімді болып саналады:

«Күлкі» ойыны
Мақсаты: Топ бірлігін нығайту.
Оқушылар шеңберге тұрады. Мұғалімнің қолында «Күлкі» салынған қағаз. Оны шеңбер бойы жүргізіп отырып, «Мен сені көргеніме қуаныштымын» деген сөйлемді әртүрлі дауыс ырғағымен айту керек.
Соңында талдау. Қай дауыс ырғағы жақсы және көңілге жақын естіледі?
«Мейірімді сөздер» ойыны

Мақсаты: Басқаның жақсы жақтарын көре білу; тұлғалық даму тәсілдерін таба білу.
Жүргізуші: Балалар да үлкендердің өздерің мақтағанын ұнатады.
Осыған байланысты мен сендерге бір ойынды ұсынамын, бұл ойын барысында сендер бір-біріңе көптеген жақсы сөздер және мақтаулар айтасыңдар. Барлықтарың бір үлкен шеңбер құрып тұрыңдар. Жүргізуші ойыншылардың біреуін ортаға шығарып, қара шынылы көзілдірікті «ол сиқырлы» деп түсіндіріп киюді сұрайды. Өзінің оң жақтағы көршіңе қара, ол сенің көзілдірігіне қарап тұрып «Түсімде немесе өңімде, менің бойымда қандай жақсылық бар?» деген сөздерді айтсын. «Көзілдірік» (демек көзілдірік киіп тұрған адам) оның атынан қандай да бір жақсы сөзді оған айтсын. Көзілдірік оған қараған балаға беріледі, ал оның көршісі жаңағы сиқырлы сөзді айтады.
Керемет! Бір-бірлерінді жиі мақтауға тырысындар. Осылайша өздерінің достарының көңіл-күйлерін көтересіңдер. Ал егер досының көңіл-күйі жақсы болса, онда сенің де көңіл-күйің жақсы болады.

Амандасу – «танысу». Әр қатысушы өз есімінің бірінші әрпіне қарай бойындағы жеке қасиетін қосып айту керек. Мысалы; мен Айгүл ақкөңіл қызбын, Серік, сенімді жігітпін. 

Мақсаты: Әркім өзін топтың бөлшегі ретінде сезіну, бір-бірімен жақындаса түседі, сол өзінің есімін айтып, келесі отырған көршісіне беріп, өзінің кішкентай бала кезін еске түсіріп, тілек айтады. Есімін айтқанда, сол бала кезде атаған сөзбен айтуға болады. Талдау: Осы жаттығуды орындағанда қандай сезімге бөлендің?
«Топпен амандасу» жаттығу

Мақсаты: коммуникативті дағдысын дамыту, топпен әрекеттесу, лидерлік
қабілетін айқындау, кернеуді басу.
Нұсқау: Қазір мына принцип бойынша 4 топқа бөлінеміз; Қыс. Көктем. Жаз. Күз. Әр топтың міндеті ым немесе ишарамен амандасу.
Талдау: Осы жаттығу сендерге қаншалықты ұнады?
Сіздің тобыңыз осы тапсырманы қалай орындады?
Амандасу әдісі тез арада туды ма? Амандасудың қай түрі сендерге ұнады?
Амандасудың «ерекше» түрі көрсетілгенде, сендерде қандай ойлар туындады?
Ойын. «Айна»

Мақсаты: Баланың зейіні мен байқампаздығын әрі әр түрлі дене қимылдарын жетілдіру. Әр бала – «айна» болады. Жүргізуші әр айнаға бір барып, сол «айнаға» қарап, түрлі қимылдар жасайды. «Айна – бала» сол қимылдарды үлгіріп, әрі дәл қайталауы керек. Ең дұрыс «айна-бала» – жүргізуші болады. Ойын осылай қайталана береді.
Сонымен, біз кіші мектеп жасындағы оқушылардың психологиялық даму ерекшеліктерін қарастырып өттік. Әрине, бұл кезеңде бала өзінің интеллектуалдық, өздік, эмоционалдық және әлеуметтік дамуында қарқынды өзгерістерге ие болады. Ол тек жалпылау мен қортындылау ғана емес, сонымен қатар әдептілік тұрғыда ойын жеткізе алады. Көбінесе бұл мектеппен байланысты болып келеді. Себебі бірінші күнінен бастап одан барлық интеллектуалдық күштері мен денсаулығының жұмылуына талап етіледі. Бала әлеуметтік қарым-қатынастың жаңа жүйесіне енеді, қоғамның талаптарымен кездесіп, оған сәйкес келуге үйренеді. Ал біздердің міндетіміз оған бұл жолда көмектесу.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Бастауыш мектеп» журналы. 2005жыл 4
  2. «Ойындар мен жаттығулар» әдістемелік құрал. Астана-2006ж
  3. Ұлт өнегесі ұрпақ тәрбиесі. Шабажанова С.Қ, Құдайбергенова А.Қ. Семей 2007ж
  4. Баланы мектепке дайындаймыз. Әдістеме. Қарағанды 2003ж.
Пайдалы ақпараттық ресурстар