08 қыркүйек оқушылар арасындағы қауымдастықтың көңілінен шыққан Армысын алтын ұям мектебім атты мектепішілік кеш өтті.
Оқушылардың Мектеп Парламенті 11-сынып депутаттары, сынып омбудсмендері, 8-фракция көшбасшыларының ұйымдастыруымен биылғы жоғарғы аусымға жаңа аяқ басқан 9-сынып оқушыларын қошеметпен салтанатты түрде құрметтеп қарсы алды. Сөз оқушылар қауымдастығының бір топ белсенді мүшелеріне берілді. Өздерінен кішілерге ерекше құрметпен қарап, алда тұрған бірлескен жұмыстар жәйлі айтып, ауызбіршілікке шақырды. Кешке қатысушылар арнайы әзірлеген қызықты нөмірлерге белсене атсалысып, бағалы сыйлықтар тарту етілді. 9,10,11-оқушылары арасынан өткен кешке қатысушылар ұйымның ұйымдастырушыларына ырзашылық білдіріп, енді алдағы уақыттарда да әр-кез құрмет тұтатындықтарын шынайы көңілдерімен білдіріп, тамаша бір көңіл-күймен тарқасты. Бұл тәрбиелік жұмыстар орта буын яғни 5-8 оқушылары арасынан да жалғасын тапты. 14.09.2023 жыл 8-сынып «Жас Ұлан» ұйымының бөлімбасылары, топ сардарларының ұйымдастыруымен өткен барша шәкіртті шаттыққа бөлеген "Армысың мектебім" кеші өз жұмысын абыройлы атқарды.
Әсем әнмен әрленіп, көріністер мен әдемі әзілдерге толы заманауй әуенмен көмкерілген бұл кеш тәрбиелік мәні зор, үлкен мен кіші арасындағы сыйластыққа толы тамаша кеш болды. Биылғы жаңа орта буынға аяқ басқан 5-сынып оқушыларын 8-сынып оқушыларынан құралған «Жас Ұлан» ұйымының оқушылары қошемет көрсетіп мәжіліс төріне шақырды. Бар өнерлерін ортаға салып, өздерінен кішілерге өнеге болды.
Кеш соңында ұйымдастырушы жақ: 8"а" Алимжанова Бота апай, 8"ә" Сержан Алтынай апай, 8"б" Ырғайбай Ақбота апайлар биылғы орта буынның басты қонақтары 5-сынып жетекшілеріне алдағы бірлескен жұмыстарды айтып, ауызбіршілікке шақырды.
#Біртұтас_тәрбие #АлматыОблысы_Мектеп_парламенті
#Школа_самоуправление
@rumcdo_official
@sherraisa
@debat.almaty_obl