Мектептің әлеуметтік парақшаларындағы қалын оқырман назарын аудартқан ауқымды жұмыстардың бірі дене шынықтыру пән мұғалімдерімен бірлескен Республикалық "Сергіту сәті" челленджі болатын.
Қазақстан Республикасы оқу - ағарту министрлігінің білім беру ұйымдарында өткізілетін "Тоғыз айға 9 іс - шара" тұжырымдамасы негізінде мектепте қыркүйек айының 8 күні "Сергіту сәті" челленджі өткізілді. Челленджге 5-11 аралығындағы оқушылар біркелкі формада, саптық ережені бұлжытпай сақтап, белсенді түрде қатысты. Іс-шара барысындағы оқушылардың жаттығу жасауда құлшына кірісуі мектебіміздің дене тәрбиесі мұғалімдерінің мықты дайындығынан өткендігін байқатты. Ауқымды сергіту сәтіндегі қайталанбас тамаша сәттер монтаждалып, әлеуметтік желілерге жарияланды. Алдағы мақсатымыз: балалардың салауатты өмір салтын насихаттау. Оқу іс -әрекеті процесінде шаршаудың алдын алуға, физикалық белсенділігін арттыруға ықпал ету. «Бұқаралық спорт – ұлт денсаулығының кепілі» демекші өңірімізде осындай ауқымды бастамалар арқылы бұқаралық спорт түрлерін дамыту болып табылады.
#фикультминутка
#менспорттытаңдаймын
#явыбираюспорт
#біртұтас_тәрбие