Дебат форматында қашықтықтан екі ойыншының қатысыуымен өткен «Ұшқыр ой алаңы» облыстық пікір сайысында атқарылған жұмыстары туралы Хабарлама
13 қыркүйек облыстық оқушылардың мектеп парламенті көшбасшылары арасынан жаңаша L-D "Линкольн-Дуглас" Дебат форматында қашықтықтан екі ойыншының қатысыуымен «Ұшқыр ой алаңы» пікір сайысы өтті. Пікірсайысқа парламентттің белсенді мүшесі Аңсат Абылайхан мен Ерланқызы Сымбат қатысты.
Тьюторлардың бағыт-бағдарымен көшбасшылар мына төмендегі ойын ережелерімен танысып, алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізді.
Ойын тәртібі Edit
Линольнның сөзі (Құндылығын айту, Өз кейсымен таныстыру) - 6 минутДугластың сұрақтары - 3 минутДугластың сөзі (Ребатл, Құндылығын айту, Өз кейсымен таныстыру) - 7 минутЛинкольнның сұрақтары - 3 минутЛинкольнның сөзі (Ребатл) - 4 минутДугластың сөзі (Кейсын қайта құру, Кристализация*) - 6 минутЛинкольнның сөзі - 3 минут (Кристализация*)
Қажетті ақпарат Edit
Сұрақ қойғанда Йә немесе Жоқ деген жауаппен ғана жауап берілетін сұрақтар қабылданбайдыКристализация - ойынның қортындысын айту, аргументтерді және қарсыласу нүктелерін мысалдарсыз, артық сөздерсіз айтып беру, өзінің неге жеңгенін түсіндіру.
Линкольн-Дуглас дебат форматы - атақты Авраам Линкольн мен Стивен Дугластын арасында болған дебаттың құрметіне аталған екі адамдық дебат форматы. Біздің көшбасшылар бұл ойында Линкольн-Дуглас - құндылықты ойын екенін барынша саналарына сіңіріп, кім не үшін ойнап отырғаны үлкен рөл ойнайтынын, бұл дебаттарда идеялардың қалай жүзеге асатыны маңызды емес екенін, ең бастысы ойыншының құндылығы болып табылатынын, ойынға бір ақтаушы және бір даттаушы қатысатынын, біреуі Линкольннің, екіншісі сәйкесінше Дугластың рөлін ойнайтынын байқап, ойын барысында қос бірдей көшбасшымыз аудан, облыс көлемінде үздік ойын көрсете білді.