Мектеп тарихы: кеше және бүгін
«Рухани жаңғырудың» бастауы –мектеп. Себебі, мектеп –сан ғасыр бойы мемлекеттің іргесін қалайтын ұрпақ тәрбиелейтін киелі шаңырақ.
Сондай киелі шаңырақтың бірі - №1 Жамбыл атындағы орта мектеп, 1938 жылы жеті жылдық мектеп болып ашылған орданың 80 жылдық тарихы бар. Мектептің Жамбыл атамыздың атымен аталуы туралы деректерге тоқталсақ, біріншісі, 1938 жылы Қазақстан жұртшылғы халық ақыны Жамбыл Жабаевтың ақындық қызметінің 75 жылдығын кеңінен атап өтті. Екіншіден, өткен ғасырда ақын бабамыз Балқаш өңірін аралап қайтуға шығады. Жартылай құмды шөлейт жердегі аптап ыстық бас айналдырып, әбден шаршаған кезде атамыз атынан түсіп, «апырай, неткен жер еді», деп бір төбеге ат көрпесін төсеп, отыра кетіпті. Сол сәтте аспанға шөкімдей бұлт үйіріліп, ақынның төбесіне жауыпты. Аспан шайдай ашық, шақырайып күн шығып тұр, бұл не ғаламат деп нөкерлері қайран қалыпты. Содан Жамбыл бабамыз аялдаған сол төбені халық «Жамбыл төбе» деп атайды. Сол төбе Бақбақты ауылында болғандықтан ауылдағы білім ошағына Жамбыл баба есімі беріліпті дейтін аңыз.
Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» мақаласын басшылыққа ала отырып, еңбек етуде.
«Ел болам десең, бесігіңді түзе» дейді заңғар жазушы Мұхтар Әуезов. Әрбір білімгер өз жері мен оның байлығының иесі болу үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуге тиіс. Егер қоғамның даму кілті білімді адамдардың жаңаша қызмет атқаруын керек ететін болса, сол жаңашыл адамдарды, болашақ қоғам мүшелеріне білім мен тәрбие беруді жүзеге асыратын мамандар дайындайтын біздің білім беру ұйымдары Елбасы көздеген бағыттарға лайықты болуы тиіс. Ең бастысы, білім беруге қойылып отырған жаңа талаптарды орындауда көптеген жұмыстар жүргізіліп, жастардың үш тілде білім алуына, жаңа технологияларды білім беру жүйесіне енгізуде мектебіміз де келелі жұмыстар атқарылуда. Ұлт жоспарын орындауда әр саланың өзіндік үлесі болса, ұстаздар қауымы қосатын үлес –жас ұрпақты жаңа қоғам мүшесі етіп білім мен тәрбие беруді жаңаша құру, оны осы Елбасымыз көрсетіп отырған талаптарға сай орындау деп білемін.
Педагогикалық ұжым 107 мұғалімнен құралған. Жоғары білімді мұғалімдер саны-91 /84,8 %/, арнаулы орта білімі бар мұғалімдер саны- 16 /14,2%/.
Жоғары санатты мұғалімдер саны-9 бірінші санатты мұғалімдер саны-11 /34,6%/, екінші санатты мұғалімдер саны-9 /26,5%/, санаты жоқ мұғалімдер саны –23 /18,4 %/, яғни санаты бар мұғалімдер саны-80.
Аттестаттаудың жаңа ережесі бойынша 15 ұстаз педагог-зерттеуші, 21 мұғалім педагог-сарапшы, 18 мұғалім педагог-модератор біліктілік санатына ие болды.
ЖМЦ пәндерін үш тілде оқыту курсынан өткен мұғалім саны-3 /С1 деңгейі/.«Жаңартылған білім беру мазмұнын пилоттық енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 4 қарашадағы №455 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 31 тамыздағы №556 бұйрығы, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ЖМЦ пәндерін ағылшын тілінде оқыту бойынша пилоттық мектептің ережелерін басшылыққа ала отырып, 9 сыныпта биология пәнін ағылшын тілінде оқытуға пилоттық жоба ұйымдастырылды. «Биология пәнін ағылшын тілінде оқыту» атты таңдау пәнін С1 деңгейін меңгеріп сертификатталған химия пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Г.Тажинова жүргізеді.
«Мектеп үйлестірушісі» курсынан өткен мұғалім саны- 2.
Жас мамандар саны- 15.
Мектептегі оқушы саны- 726, 1-4 сыныпта- 247, 5-9 сыныпта- 357, 10-11 сыныпта- 75, 0 сыныпта- 47. Білім сапасы-60,2%. Орта мектепті бітіруші түлектер саны–36.