«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ
«Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру аясында «Кітап оқитын адам – табысты адам»
(баяндама)
Кітапхана меңгерушісі: Өнербекова С.Б. 2021 - 2022 оқу жылы
«Кітап оқитын адам – табысты адам»
Қазіргі заман талабына сай болашақ ұрпақтың оқып білім алуын еліміз бірінші орынға қойып отыр. Білім беру мен білім алудағы атқарылатын қарқынды жұмыс ұстаздардың еншісінде екені айтпаса да белгілі. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдің «Бала – балқытылған алтын» деген қанатты сөз бірден ойға түседі. Балаға қалай бағыт берсең, солай өседі. Сондықтан баланың бойында жақсы қасиеттердің болуына, олардың жан- жақты дамуын, рухани бай тұлға қалыптастыра білуіміз керек. Оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдалана отырып, оқушы бойында өзіне деген сенімділік пен жауапкершіліктерді дамыту болып табылады.
Мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаев: «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында «Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу – біздің қанымызда бар қасиет» -, дейді. Шынында, баланың білімге құштарлығы мен қызығушылығы бастауыш сыныптан бастау алары сөзсіз. Бастауыш сыныптан бастап баланың жан – жақты ашылуы оның білімге қызығушылығы оянады. Қазіргі таңдағы өз сыныбыңдағы үздік оқушылардың жетістігі осының дәлелі. Олар осы көрсеткіштері арқылы болашақта, ел дамуының жарқын үлгісі мен келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдер қабылдай алады.
Олардың жаңа технологиялық әдіс - тәсілдерді тез меңгеруі ата – аналарынан, ұстаздардың өзінен көш ілгерілеп, кең ауқымдап озып келеді. Әрбір оқушының қабілеті көз ілеспес жылдамдықпен дамуда. Жаңа бағдарламалар күн сайын емес ай сайын жаңаруда. Елбасымыздың өзі білімді бәрінен де биік қоятын ұлт қана табысқа жететінін айтқан. Олай болса, менің осындай оқушылардың болашақта білімнің биік шыңын бағындыратынына сенімім мол.
Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы. Шығыс ойшылы Науаи: «Кітап – ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» десе, Абай атамыз «Танымның бар тамашасы – кітапта, оған қол жеткізу үшін кітап оқудан жалықпа», «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге» деп насихаттайды. Мағыналы сөздерден кітап оқудың кез келген тұлғаны дамытудың қайнар көзі. Халықтың осындай жан азығынан, рухани байлықтан қол үзіп бара жатқандықтан, мемлекет тарапынан дабыл қағылып жатыр. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев: “Кітап оқу – рухани кемелденудің көзі. Қазіргі уақыт – секунд сайын жаңарған ақпарат заманы. Алтын уақытымызды пайдалы істерге жұмсағанымыз жөн”, – деп әр тұлға оқуға тиіс деп санайтын отыз таңдаулы кітаптың тізімін ұсынған болатын. Қазір осы бағытта маңызды бағдарламалар жасалуда. Адамзат ақыл-ойының жиынтығы- кітапта болса, білім – соны сақтайтын қазыналы сандық.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес Білім және ғылым министрлігі «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. Осы жоба аясында мектеп кітапханасында «Жүректен кіріп, бойды алар..» Абай Құнанбаевтың шығармаларынан және М. Мақатаев туған күніне орай «Мұзарт шыңының мұзбалағы» атты поэзиялық шығармаларынан, Ж.Жабаевтың туған күніне «Өмірі өлең нар баба» 5-7, 8-9 сыныптар арасында мәнерлеп оқу байқауы ұйымдасдырылды.
2021 жылы «Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында бастау алған «Тез оқуды үйренеміз» атты сайыс биылда жалғасын тауып кішкентай оқырмандарымыздың оқу сауаттылығын, оқу техникасын жетілдіруде көп рөл атқаруда. Осы орайда мектеп кітапханасында 4 сыныптар арасында «Кел балалар оқылық» атты жылдам оқу сайысы ұйымдастырылды. Қатысушының оқыған уақытына , оқу мәнеріне, сұраққа жауап бергеніне қарап жеңімпаздар анықталды. «Кітапты – көзді жұмғанға арзан, көзді ашқанға маржан» прозалық шығармалар бойынша көркем сөз оқу байқауы
6-7 сыныптар арасында өтті.
Мектепте QR-код стенді орнатылған. Енді оқырмандар ақын – жзушылардың шығармасын смартфон арқылы оқи алады. Бұл жоба «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Әр жастағы оқырмандарда кітапхана қызметтерін пайдалану сезімін ояту үшін кітапханаларда оқырманға арналған қосымша ақпаратты ұсынудың тиімді тәсілі ретінде QR-кодтар белсенді пайдаланылады.
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектепте Мәкен Әлібайұлының атындағы буккуроссинг бұрышы қойылған.
Мектеп оқушыларын көркем шығарма оқуға тарту мақсатында «Кел, балалар, оқылық» жиырма минуттық оқу жобасы бастау алды.