«№1 Жамбыл атындағы орта мектебі» МКМ бойынша
«Қамқоршылық» кеңесінің 2021-2022 оқу жылына арналған
жұмыс жоспары
№Атқарылатын жұмыстарМерзіміЖауаптылар
№Атқарылатын жұмыстарМерзіміЖауаптылар
№ | Атқарылатын жұмыстар | Мерзімі | Жауаптылар |
1 | 1. «Мектепке жол » акциясын ұйымдастыру. 2.Әлеуметтік қорғалмаған білім алушылар мен күн көрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушыларға материалдық көмек көрсету. 3.Әлеуметтік мәртебеге ие оқушыларды ыстық тамақ ішуін ұйымдастыру. | I отырыс қырқүйек | Қамқоршылық кеңесі |
2 | 1.Аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларды тәрбиелеу,оқыту,дамыту және қорғау,қоғамдағы өмір сүруін қадағалау. 2.Мүмкіндігі шектеулі, қамқорлыққа алынған,аз қамтылған отбасының балаларына жаңа жылдық сыйлықтар ұйымдастыру. 3.Әлеуметтік мәртебеге ие оқушылардың ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі. | II отырыс Желтоқсан | Қамқоршылық кеңесі |
3 | 1. «Мектепке жол»акциясын өткізу 2.Қазақстан Республикасының кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу жұмыстары | III отырыс Қаңтар | Қамқоршылық кеңесі |
4 | 1.Оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында салауатты өмір салтын насихаттау бойынша қамқорлыққа мұхтаж оқушыларды сыртқы және мектеп жанындағы лагерге қамтылуын қамтамасыз ету. 2.Қамқоршылық кеңесі бойынша есеп беру. | IV отырыс Мамыр | Қамқоршылық кеңесі |
Әлеуметтік педагог: Найзабекова Р.Т.
Қамқоршылық кеңесінің мақсат-міндеттері.
- Жалпы білім беру мекемесінің Қамқоршылық кеңесі /бұдан әрі Қамқоршылық кеңесі/Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 44 бабының
9- тармағына сәйкес жалпы білім беру мекемесінің ұжымдық басқару түрі болып табылады.
- Қамқоршылық кеңесі оның мүшелерінің еріктілігі мен теңдігі,өзін-өзі қаржыландыруын негізге ала отырып жүргізеді. Өз қызметінде Қазақстан Республикасы заңнамасын,Қамқоршылық кеңес туралы ереже мен білім мекемесінің Жарғысын басшылыққа алады.
- Қамқоршылық кеңесінің негізгі мақсаты жалпы білім беретін мекеменің қызметін тиімді жүргізу үшін жағдай жасау.
- Қамқоршылық кеңесі қаржы қаражатының пайдалануына бақылау жасайды және білім беру мекемесіне тартылған қаражатты пайдаланудың мақсаты мен бағытын өзгерткен жағдайда өз қызметін тоқтатуға құқылы.
- Қамқоршылық кеңесі білім мекемесінің әкімшілігімен, ата- аналар комитетімен, жергілікті атқарушы органдармен, мүдделі ұйымдармен өзара әрекеттесе отырып, қызмет атқарады.